Құттықтау - тілек: Құдалық, құда, құдағи

Құрметті құда...., құдағи....!
Таудан аққан тасбұлақтың суы қандай мөлдір, қандай таза! Сәт сайын жаңарып жатқан ағын суда мін бар ма? Біз үшін сіздердің жандарыңыз да дәл осындай – сәт сайын жаңарып жататын кірсіз әлем! Баламыздың көңілі құлапты, қызымыздың жаны ұнатты – екі асыл қосылды! Бақ ауысады, ырыс жұғысады деген, жұрнағымыздың жапырағы жайылып, тамыры тереңдегей! Сіздерге ұқсаған елдің қамын ойлайтын аптал азаматтар болсын, құдалар!
Екі үкіміз теңін тапты деп менің жүрегім қуаныштан жарылғалы тұр. Тең-теңімен деген емес пе! Осы қуаныш тілегімді «Бәрін сәтімен орайластырған Жаратушы баянды бақыт берсін» деп аяқтағым келеді.
Дәмнен, сусыннан, тағамнан алыңыздар!
Подробнее
  • 60

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Құда, Құдағи - 50 жас)

Сыйласып, сіз-біз десіп, сыр алысар,
Бақыт қой құдаң болса құрақ ұшар.
Құйғытып елу деген бір ақ боз ат,
Астынан алты қырдың қылаңытар.

Өмірдің бастайтұғын көшін керуен,
Көзіңнен ізгіліктің отын көрем.
Бір сенің шаңыңа.....
Подробнее
  • 60

Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Құда, Құдағи - 70 жас)

Қадірменді тойшы қауым, ағайын!

Қадірлі....., Сізді адам өмірінің айтулы белесі 70 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы құтты болсынымызды айту үшін құдағиларыңыз екеуміз Астанадан арнайы келіп отырмыз. Сіздермен құда-жекжат болғалы жиырма жылдан асты. Осы уақыт ішінде үнемі сыйластықта.....
Подробнее
  • 40

Қыз жасауын жинау

Қазіргі заманда қыздың жасауына үлкен мән беріледі. Заман өзгергенімен де салт-дәстүріміз сол күйінде сақталып келеді. Қазіргі күні салт-дәстүрге көп мән беріліп келеді. Егемендік алғалы өз салт-дәстүрімізді қайтадан ұстанып келеміз. Ұзатылар қыздың ең басты көрсеткіші ол — жасауы. Сондықтан есі бар қыз әрқашанда өз жасауын өзі жинақтауы керек.

Себебі, жасау 1- ден қыздың көрсеткіші, 2- ден көп шығынды талап ететін басты мәселе. Қазақта айтады: «6 жастан жинасаң артылады, 7 жастан жинасаң жетеді» деп, сондықтан мен үйленгенше қайда....
Подробнее
  • 0

Қызылордаға құдалыққа барған шымкенттіктер көршілерінің салт-дәстүрін түсінбей қалды

ОҚО-ның Шолаққорған өңірінен Қызылордаға құдалық барған шымкенттік құдалар көршілерінің ұстанатын кейбір салт-дәстүріне таңырқап қайтқан деп хабарлайды Замана басылымы.
Подробнее
  • 0

«Құдағи сырғаның» сырын білесіз бе?

Өзімнің ай десе аузы, күн десе көзі бар жалғыз қайынсіңлім бар. Қазақтың салт-дәстүріне сай есімін атамай, оған «Еркем» деп ат қойып алғанмын. Бойжетіп отырған сол қайынсіңлім бір күні тұрмысқа шықты. Келін етіп түсіріп алған жеріне қуғыншылардың бірі болып қайттым. Сонда құдалар жағы арада ай өтпей жатып, той жасайтындарын айтты. Мұны ата-енем естіген соң, бар бала-шағасын жинады.
Сөзді бастаған қайынатам: «Өздерің білесіңдер, бүгінгі уақытта жетісіп отырған ешкім жоқ. Ағайынның бірінде бар, бірінде жоқ. Кейбірі жай сыртқы жүнін қомпайтып жүргеннің....
Подробнее
  • 0

Құдағи табақ

Құдағи табақ – қазақтың құдағи күту жолында, дастархан жаю салтында да үлкен жол бар, тәртіпті мән мағына бар. Ері қайтыс болған, құда жоқ, құдағи ғана келгенде, «құданың жолы», «өлі-тірінің сыбағасы» деп бас, жамбас, омыртқа, арқа, белдеме, қазы-қарта, жал-жая, қарын, қимай, ортан жілік, жауырын, құйрық-бауыр салынған үлкен сый табақ тартады. Мұны қазақ кәдесінде «құдағи табақ» деп атайды.

Ал, ері тірі әйелдерге әдетте бас тартпайды. «Бас тартса, байы өледі» деп ырымдайды. Әкесі тірі балалар да бас мұжымайды, жемейді, басты қолына да алмайды. «Әкем тірі, бас мұжымаймын» деп жатады.......
Подробнее
  • 0