8 наурыз - анама, қызыма, әпкеме, әйеліме, енеме, сүйіктіме құттықтау тілектер
Құрметті оқырмандар! Осы мақалада халықаралық әйелдер күніне арналған 8 наурыз туралы құттықтау тілектер жарияланды. Анама, қызыма, әпкеме, әйеліме, енеме, сүйіктіме барлық нәзік жандыларға арналады.
Күлкі, бақыт пен шоқ гүлдерін сыйладым, махаббат сезіммен!
- - - - - - - - - - - - - -
Анадан артық адам жоқ, тек жақсылық тілеймін сізге!
- - - - - - - - - - - - - -
Көктемгі мерекеңмен, Анам! Тек өз өзіңді сақтап жүр!
- - - - - - - - - - - - - -
Сенен нәзік және жақын адам жоқ! 8 наурыз мерекесімен!
- - - - - - - - - - - - - -
Анамның қолынан дәм татқан, күндерім жоқ ұмытқан!
- - - - - - - - - - - - - -
Күн шуағындай жарқырап, күлімдей бер шарқырап!
- - - - - - - - - - - - - -
Көктемнің салемін алып, гүл шоқтарын сізге арнадым!
- - - - - - - - - - - - - -
Бала күндей құшақтап, құттықтауды қабыл ал!
- - - - - - - - - - - - - -
Ең сүйкімді ханымды, күн шуағы тербетсін анамды!
- - - - - - - - - - - - - -
Мен сізге қарыздармын, әр құттықтау өзіңіз үшін!
Қажетті сілтемелер:
Халықаралық әйелдер күнімен! Сүйемін және құшақтаймын!
- - - - - - - - - - - - - -
Көктемгі қуанышыңмен, қымбаттым! Сүйемін сені, қызым!
- - - - - - - - - - - - - -
Көктемгі қуанышыңмен,ханшайымым! Махаббат,сұлулық тілеймін!
- - - - - - - - - - - - - -
Күн шуағының жылуымен, жарқырай бер, қызым, сұлулығыңмен!
- - - - - - - - - - - - - -
Әкеңнен құттықтау гүлдерін қабыл ал, қымбатты қызым!
- - - - - - - - - - - - - -
Қызым, өмірімнің жалғасы, 8 наурыз мерекесімен!
- - - - - - - - - - - - - -
Менің үмітім, менің бақытым, сені жамандықтан сақтасын!
- - - - - - - - - - - - - -
Менің қызым, менің гүлім, әкең әрқашан тірегің!
- - - - - - - - - - - - - -
Көктемгі қуанышыңмен, қымбатты қызым! Қайғың жоқ болсын!
- - - - - - - - - - - - - -
Қызым! Көктем сені жылытып, сүйкімдетсін қырды асып!
Сен ең жақсысын - менің әпкем! Менің жарық сәулем, әттең!
- - - - - - - - - - - - - -
Күлкің көңілді болсын! Аяулы қарындасыма жақсылық толсын!
- - - - - - - - - - - - - -
Көктеммен гүлдене бер, өмірің жақсылықпен түрлене берсін!
- - - - - - - - - - - - - -
Әйелдер күнімен сені, сіңілім, жарқын күндерін көп болсын!
- - - - - - - - - - - - - -
Әр ісінде сәттілік! Халықаралық әйелдер күнімен!
- - - - - - - - - - - - - -
8 наурыз мерекесімен! Ең сәнді гүл шоқтары саған арналсын!
- - - - - - - - - - - - - -
Бұл күні сізге бәрі қол жетімді,сіз өте сүйкімдісіз!
- - - - - - - - - - - - - -
Қарындасым, сені құттықтаймын! Сұлуым менің, сені сүйемін!
- - - - - - - - - - - - - -
Қарындасым! Сені алақанда аялап, бағалап жүрсін!
- - - - - - - - - - - - - -
Көктемгі мерекеде сәттілік, күлкі, махаббат қабыл ал!
Көктем шуағымен сені, менің өмірімнің жары!
- - - - - - - - - - - - - -
Өз сезімімді білдіре алмай, сөз таба алмадым әрі қарай!
- - - - - - - - - - - - - -
Көктем сені аялап, тек жақсылық тіледім арайлап!
- - - - - - - - - - - - - -
Жүзің күндей құлпырып жүре бер! 8 наурыз мерекесімен!
- - - - - - - - - - - - - -
Күлімсіреп, күлімдеп жүре бер! Мен әрқашан жаныңдамын!
- - - - - - - - - - - - - -
Көктемгі күн сәулесі жылытып, жамандықтан қорғасын!
- - - - - - - - - - - - - -
Жолдасыңнан көктемгі гүл шоқтары мен құттықтауды қабыл ал!
- - - - - - - - - - - - - -
Әйелім,қымбаттым,әлемдегі ең жақыным! 8 наурыз мерекесімен!
- - - - - - - - - - - - - -
Бүгін сұлулық мерекесі, бірақ сен күн сайын әдемісін!
- - - - - - - - - - - - - -
Қызғалдақтар мен өлең шумақтары көңіліңді көтеретін болсын!
Мерекеңіз жарқын болсын! Енем, сiз менің сыйлығымсыз!
- - - - - - - - - - - - - -
8 наурыз мерекесімен! Мәңгі жастық! Өміріңіз жарқын болсын!
- - - - - - - - - - - - - -
Сіз қошемет пен шапалаққа лайықсыз!
- - - - - - - - - - - - - -
Мерекеңіз құтты болсын, қымбатты да ең күшті ене!
- - - - - - - - - - - - - -
Көктемгі мерекеде күйеу баланың құттықтауын қабыл алыңыз!
- - - - - - - - - - - - - -
Халықаралық әйелдер күнімен,сіз үшін құймақты да пісіремін!
- - - - - - - - - - - - - -
8 наурыз күнімен, күйеу балаңызбен әрдайым тату болыңыз!
- - - - - - - - - - - - - -
Күйеу балаңыздан гүл мен құттықтау сөздерін қабыл алыңыз!
- - - - - - - - - - - - - -
Алақанында аялап, атамыз жүрсін құшағына алып, баяндап!
- - - - - - - - - - - - - -
Мереке құтты болсын! Көңіл-күйіңіз әрқашан керемет болсын!
Сүйіктім! Бүгін мен ас дайындап, сүйемін сені аялап!
- - - - - - - - - - - - - -
8 наурыз мерекесімен! Саған шопинг сыйлаймын әр апталап!
- - - - - - - - - - - - - -
Сүйіктім!Қолымда ұстауға шаршамаймын,мерекемен құттықтаймын
- - - - - - - - - - - - - -
Сені сүйемін! Сыйлықтарды қабылдап,құшағыңды жайшы, жаным!
- - - - - - - - - - - - - -
8 наурыз мерекесімен, барлығы тек сен үшін, барым менің!
- - - - - - - - - - - - - -
Көздеріңіз гүл шоқтары мен сыйлықтардан жарқырай берсін!
- - - - - - - - - - - - - -
Көктемгі күндей ажарланып,Сені ертегі әлемінде қалдым бағып
- - - - - - - - - - - - - -
Мерекеңмен! Саған арнап сыйлық пен гүл шоқтарын жинаймын!
- - - - - - - - - - - - - -
Теңгерімінді толтырып, гүл шоқтарын сыйлаймын!
- - - - - - - - - - - - - -
Жақыным! Кереуетте тартылып,күні бойы созылсын таңғы үміт!
Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.
Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын:
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!
Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз!
Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз!
Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.
Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Қымбатты ханымдар! Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін!
Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!
Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер нәрсе жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысымыз шексіз!
Сіздерге сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын. ер азаматтардың сыйластығы мен құрметіне бөлене беріңіздер.
Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!
Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана.
Отан отбасынан басталады деген ұғымға сәйкес, әйелдің қоғамдағы рөлі ерекше. Өйткені отбасының құты болған әйел Отанға да адал қызмет етеді.
Ананы сыйлаған, имандылыққа ұйыған халқымызда «Ананың сүйген жері – отқа күймейді, оқ та тимейді» деген тәмсілге сай олардың жүзін мұң шалмауы үшін бар жақсылықтың жалғасатыны анық.
Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету парызымыз.
Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!
- Әйелдің әмірі! – дер едім.
Әйелдердің барлығын
Жердегі Тәңірі! – дер едім.
Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын - әйел, ұлтын көбейтетін - әйел, ұрпақты ұластыратын - әйел, еркекті Ер ететін - әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі -әйел. Махаббаттың асыл нұры - әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті - әйел махаббаты.
Азаматтың әдемі сыңарына арналған аруларымыздың жүздерінен әдеміліктің нұры таймасын, ішкі байлықтары бен жүректерінің мәрттігі сөнбесін!
Баршаңызға көктемнің осы күнгі мерекесінде махаббат, денсаулық, бақыт және амандық, туған-туыстарыңызға игілік тілейміз!
Әйелдер, Сіздер – адамзаттың ең бір асыл перзенттері ғана емессіздер, сонымен бірге табиғат бойларыңызға ақыл мен төзім, іскерлік те дарытқан абзал да ізгі жансыздар!
Баршаңызға мол бақыт, істеріңіздің сәтті болуын, Қазақ еліндегі бейбіт пен тыныш өмірдің шырқы бұзылмауын тілейміз!
Әр шаңырақтың ырысы ортаймасын, балаларыңыз бен жақын-жұрағаттарыңыздың барлығы да аман-сау, денсаулықтары мықты болып, Сіздердің әрқайсыңыздың жан-жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын!
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар.
Әйел әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және және дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі мереке оларға деген шынайы құрмет белгісі.
Әйел өзінің табиғатынан-ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.
«Ер елдің иесі, әйел – үйдің киесі» дегендей отбасындағы береке-бірлікке, өмірдегі әсемдік пен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен аналарымыз бен қыз-келіншектерімізді шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.
Бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да бір мәрте құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын!
Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін, асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін!
Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар, дәулет, береке, байлық ауылына қоңсы қоныңыздар.
Сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!
Келді көктем күннің,
Күлімдейді гүлің –
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!
Жұмақ-құшақ панам,
Күндей нұрлы санаң!
Қызығын көр ұл-қыз,
Еңбек сүйгіш Анам!
Жыртылмастан жағаң,
Щарықтасын жаңа ән!
Арманыңа жетші,
О, періште Анам!
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар!
Болса өзге жүрек,
Адамға адам – тірек.
Сіздерге айтар мынау,
Алшы түссін асық.
Берекесін берсін,
Сіздер еткен кәсіп!
Әр таңдарың атқан,
Бақыт берсін батпан.
Құрастырсын құдай,
Табысыңды тапқан!
Келіп тұр сені құрбым, елеп өткім.
Ұл туып,
Қыз өсіріп,
Ене күткен,
Сен алтын кеней сынды кереметсің!
Оны жұрт білмесе де мен білемін,
Былғансын жаялыққа жең-білегің!
Бесікте бақыт-балаң жатсын құрбым,
Төрт бөліп түн ұйқыңды елжірегін.
Осылай үлкен боп берік тұрғын,
Би етіп жан-жарыңды еліктіргін.
Жан құрбым, бір сен үшін жер түбінен,
Бір ауыз тілек үшін келіп тұрмын...
Қыздарға арналған құттықтау - тілектер
Аналарға арналған құттықтау - тілектер
Құрметті апама арналған тілектер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?