8 наурызға тілек қыздарға

8 наурызға тілек қыздарға

 Сендерді көктемнің алғашқы мерекесі Әйелдердің халықаралық күнімен шын жүректен құттықтаймын! Күндей құлпырып, гүлдей жайнап өміріміздің көркі болып жүре беріңдер! Бүгін ақ жаулықты әжелердің, асыл аналардың, сұлу әйелдердің, ару қыздардың салтанатты мерекесі! Мерекелерің құтты болсын!



Арулар, мереке құтты болсын!

Аруларым ардақты гүл жайнаған,
Сіздерменен құлпырар бар айналам.
Құтты болсын сегізінші наурызың,
Әр көктемде ақ тілекпен тойлаған.

Жүздеріңнен кетпесін күлкі дәйім,
Жар боп әркез сендерге бір Құдайым.
Гүлді көктем бөлесін шапағатқа,
Жұлдыздарың жарқырап күн мен айың.

Әр күндерің сәтті боп, жалындасын,
Көңілдерің шаттықты күйге еніп.
Гүл жайнаңдар арулар, гүл жайнаңдар,
Жаратқаным бақытты күнін беріп.


8 наурызға тілек, жиен қыз!

Құтты болсын көктемнің мерекесі,
Сегізінші наурызың келіп жеткен.
Әрбір күнің қуанышқа бөлей берсін,
Күнің көп боп шаттықты күлімдеткен.

Нағашыңның ақ тілегін қабыл алғын,
Жиеніне арнайтын бар бақытты.
Гүлді көктем жаныңды тербей берсін,
Қызықты етіп өткізіп әр уақытты.

Орындалып арманың бақытты бол,
Тілейтінім жиенім тек ашық жол.
Биіктерден көрініп, шаттана бер,
Әрбір күні орналып жақсылық мол.


8 наурызға тілек қарындасыма

Қарындасым, мерекең құтты болсын,
Құшақ ашып көктеммен бірге келген.
Әрбір күнің қарындасым нұрға толсын,
Әр күніңе көңілді күйін берген.

Бақытыңның базары тарқамасын,
Қуанышын сыйлап тек өмір жолың.
Алла саған жар болып қарындасым,
Сыйлай берсін өзіңе шаттық молын.

Мерекеде құлпырып, жарқырай бер,
Таудан аққан бұлақтай мөлдір болып.
Бағың жансын өмірде қарындасым,
Әрбір жасар ісіңе көңлің толып.


Пайдалы сілтемелер:


Қызым 8 наурыз құтты болсын!

Бауыр етім жан қызым құтты болсын,
Сегізінші наурызың келіп жеткен.
Пәк көңілің ән менен жырға толсын,
Жандүниеңді құлпыртып, гүлді еткен.

Бар әлемнің қуанышын тілеймін мен,
Амандықта жан қызым жүр күлімдеп.
Бағың жанып алтыным бұл өмірде,
Шаттығыңа бөлесін әр күнің тек.

Тілекші боп жүреді анаң саған,
Тәнті болсын саған деп барлық адам.
Көңіліңде жайма шуақ жаз орнасын,
Сәттілікте, құтты боп әрбір қадам.


Қызым, мерекеңмен!

Жарқыраған жұлдыздай жарық қызым,
Жана берсін лайым бағың қызым.
Сегізінші наурызың құтты болып,
Арайлы боп ата берсін таңың қызым.

Көңіліңді қайғы-мұң шалмасын тек,
Әрбір күні жүр қызым сен күлімдеп.
Сен қуансаң қуанамын, шаттанамын,
Алтын қызым бақытты, аман жүр деп.

Тілекшімін, аман жүр гүлдей жайнап,
Қуанышта жан қызым күліп-ойнап.
Бақытыңның базары тоқтамасын,
Гүл бағыңда күн сайын бұлбұл сайрап


Құрметті арулар!

Құттықтаймын сіздерді мерекемен,
Ару көктем, гүл көктем ашты есігін.
Бүршік жарып табиғат бейнелері,
Тербетуде құлпырып тал бесігін.

Жүздеріңіз жайнасын, жадырасын,
Күндеріңіз шаттықты күйге еніп.
Ән менен жыр тербетіп көңліңізді,
Жаныңызды жіберсін гүлді етіп.

Армандарың орындалсын, мақсаттарың,
Аруларым асқақтап жан сарайың.
Бар жақсылық тек қана орнасын тек,
Тілерім сол, нұрын төксін күн арайын.


Қыздар, мереке құтты болсын!

Гүл жайнаған арулар, дәру қыздар,
Күйімізді жайнатқан арусыздар.
Құтты болсын мереке бүгінгі бұл,
Гүл көктемдей жайнаған ару қыздар.

Жүздеріңіз жайнасын күлім қағып,
Жұлдыздарың жарқырап жымың қағып.
Әр күн сайын шаттыққа кенеліңдер,
Ару қыздар жүздерің бал-бұл жанып.

Мерекеде шаттығың еселеніп,
Күй кешіңдер қуанышты, бақытты.
Мерейлерің үстем боп ару қыздар,
Қызықты қып өткізіңдер уақытты.


Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де етім көр.
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де бетім көр.
– деп ақылды ару Ақжүніс апамыз тап басып айтқан қазақтың ақманар тәнді, ақ мамық мінезді, қарлығаш қанатты қаракөз қыздарының бақытты болуы үшін, отанымыздың гүлі, жүрегіміздің жыры, ежелгі заманда "Қыпшақ аруы кім?» дегенде, «Міне!» деп әлем халықтарына мақтанышымызды паш етіп көрсеткен сұлулардың жалғасы – қадірлі қыздар, сіздердің осынау мерекелеріңіз үшін осындағы жігіттер қолындағы қымыздың бір тамшысын қалдырмай алып тастайды. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі