Құдалық, құда, құдағи

 Құдалық, құда, құдағи

Құрметті құда...., құдағи....!
Таудан аққан тасбұлақтың суы қандай мөлдір, қандай таза! Сәт сайын жаңарып жатқан ағын суда мін бар ма? Біз үшін сіздердің жандарыңыз да дәл осындай – сәт сайын жаңарып жататын кірсіз әлем! Баламыздың көңілі құлапты, қызымыздың жаны ұнатты – екі асыл қосылды! Бақ ауысады, ырыс жұғысады деген, жұрнағымыздың жапырағы жайылып, тамыры тереңдегей! Сіздерге ұқсаған елдің қамын ойлайтын аптал азаматтар болсын, құдалар!
Екі үкіміз теңін тапты деп менің жүрегім қуаныштан жарылғалы тұр. Тең-теңімен деген емес пе! Осы қуаныш тілегімді «Бәрін сәтімен орайластырған Жаратушы баянды бақыт берсін» деп аяқтағым келеді.
Дәмнен, сусыннан, тағамнан алыңыздар!

Бекзаттарым-ай,
Жекжаттарым-ай,
Жекжат болып ауылыма кеп жатқаның-ай!
«Бала бақытын қыздан іздейді,
Қыз бақытын түзден іздейді » деген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп келді. Үлпілдеген үкіміз бізден – өтті, сіздерге – жетті. «Жібекті түте алмаған жүн етеді» дейді. Жүн етсеңіз де, гүл етсеңіз де ендігі жауапкершілік – Сіздерде, құдалар!

Байлық, дәулет, бақыт туралы әңгіме қандай көп. Сондайдың бірінде «Бай – байға құяды, сай – сайға құяды, шұқанаққа түк жоқ» депті бір ел ішінде жүрген елеусіз Дана.
Екінші бір Дана «Бай мен бай құда болса арасында дәнекер болып жорға жүреді, кедей мен кедей құда болса арасында дәнекер болып дорба жүреді, бай мен кедей құда болса бір-біріне қарай зорға жүреді» депті. «Барлық не дегізбейді, жоқтық не жегізбейді».
Ұл-қызымыз «тереземіз тең» деп төсекте басы қосылса – не тұрыс бар, ендеше төскейде малымыз қосылсын. Төрге шығыңыз, сырласып жанымыз қосылсын!
Досымыз қуанып, дұшпанымыз тосылсын! Таудан құлаған егіз арна қосылды – аяғы теңіз болғай! Бауда ойнаған екі құлынымыз бір ноқтаға бас сұқты – аяғы сегіз болғай!
Біздің ұлымыз – Сіздікі, Сіздің гүліңіз – біздікі! Барша гүлдің сыйлайтын ләззаты – бір, сұлулық. Ұл-қыз – перзент, ортақ немере сүйіп қуанышымызды бір етелік!
Көзіміздің ағы менен қарасы қос қошақанымыздың бақыты үшін келіңіз, төс түйістіріп құшақтасайық, құдалар!
Төреленіп төрге шыққандарыңыз құтты болсын!

«Жігіттің үш жұрты болады» деп жатады. Дегенмен жақсы болса құдаларың да бір жұртың екені Айданда анық. Ақылды құдаң – құрдасың, ақылды құдағиың – сырласың емес пе!
Құрметті, қымбатты құдалар! Қазақтың «Асауды – ноқта, құданы – құдай қосады», «Күйеу – жүз жылдық, құда – мың жылдық » деген нақылында бір мысқал қоспа сөз жоқ. Біз де құдай қосып құда болдық, Сапеке! Күйеу бала мен келіннің – екі жастың ғұмыры жүз жылдық болсын! Құдалығымыз мың жылдық болсын!

Касымхан+Еркегул, құдалық 27.04.2019 ж.

Берік Сексенбекұлы - Құдалар

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Құдалықта айтылатын тілек
    11 + 8 -
    Құдалықта және тойда айтылатын кермет қазақша құттықтау тілектер мен тосттар. Құдалыққа арналған құттықтау тост және тілек сөздер. Өлеңдер мен мақал — мәтелдер, өлең шумақтары, әдеби сөздер құдалыққа арналған сөздер. Құдалықта және тойларда айтылатын тегін қазақша құттықтау тосттар скачать. Үйлену тойы — жаңа отбасының туған күні. Мен сіздің туған күніңізде отбасыңызға берік және ажырағысыз болсын. Жаңа мүшелермен толықтырылсын — балалар: қыздар мен ұлдар. Ол әрқашан бейбітшілік, бейбітшілік, түсіністік пен сүйіспеншілікке ие болсын. Ал сіздің отбасыңыздың бір жыл емес, мерейтойы болмауы керек. Сізге бақытты неке!

    Олар әр адамның қателесу құқығына ие екендігін айтады, бірақ дана олар өздерінің қателіктерін мойындайды. Бұл жағдайда тек күшті адам кешірім сұрайды, тек сүйіспеншілікке толы жүрек татуласуға барады. Осы тамаша ерлі-зайыптыларға отбасылық өмірінде өзара түсіністікке жету үшін оларда әрқашан даналық, күш пен махаббат бар!

    Сізде бақытқа себеп бар,
    Бүгін жас,
    Олар өз отбасын құрды,
    Мен сізді құттықтағым келеді!

    Мен қалыңдыққа бет бұрдым,
    Тестпен жұмыс істеуді үйреніңіз,
    Күйеуі пирожныйлар,
    Достарыңыз үшін, бауыздамаңыз!

    Ал, сіз, күйеу жігіттің,
    Сіз өзіңіздің әйеліңізге қамқорлық жасайсыз,
    Пальмалар, алмастар,
    Әрқашан сыйлықтар беріңіз!

    Ал егер байсалды болсаңыз,
    Сізге бақыт және қиындықсыз өмір сүру,
    Мен сен Құдалықта айтылатын тілек тосттар қазақша үшін төменгі ішімді бүгін ішемін,
    Сізге ұзақ тілеймін!
  2. Жансулу Амирова
    8 + 8 -
    керемет