Бөлім: «Тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Радионың күнімен
Радионың күнімен, Құттықтаймын сіздерді. Радионың күнінде, Жалға сәтті іздерді. Журналистер қызықты, Жалғап көктем, күздерді.
©  Радио күні
1 қазан мереке
Бірінші қазан мереке, Радионың күні бұл. Мерекеде жандансын, Елдің жарық үні бұл!
©  Радио күні
Еңбектері жандансын!
Радиошы қызметкер, Еңбектерің жандансын! Барша әлем күлімдеп, Өздеріңе таң қалсын!
©  Радио күні
Жарқырасын Радио
Жарқырасын радио, Шуақ шашқан таңымдай. Тамыр жайып гүлденсін, Баурап алар бағымдай!
©  Радио күні
Радионың күнімен
Радионың күнімен, Құттықтаймын сіздерді. Әндерімен баулитын, Өздеріне біздерді...
©  Радио күні
Радионы білеміз
Радионы білеміз, Әнін тыңдап жүреміз. Ертегісі қызықты, Қуанамыз, күлеміз.
©  Радио күні
Радиосы Қазақтың
Радиосы Қазақтың, Атар сәтті таңдайды. Әуенімен жарқырап, Күнді сәтті жалғайды.
©  Радио күні
Радиомен таңымыз
Радиомен таңымыз, Атар шуақ шашқандай. Жүрналистер үнідері, Баурап алар мақпалдай!
©  Радио күні
Радиосыз күн қандай
Радиосыз күн қандай, Радиосыз үн қандай. Радиомен күніміз, Шаттық құрып тұрғандай...
©  Радио күні
Мен бақытты баламын
Мен бақытты баламын, Айтқан тілді аламын. Радионың күнінде, Жұлдыздайын жанамын!
©  Радио күні
1 қазан бүгінгі
Бірінші қазан бүгінгі, Радионың күні бұл. Жарқыраған, жайнаған, Елдің ғажап үні бұл!
©  Радио күні
Радионың арнасы
Радионың арнасы, Көп білеміз, тыңдаймыз! Қазақ тілден басқаға, Көңілді біз бұрмаймыз.
©  Радио күні
Радионың әуені
Радионың әуені, Жанымызды тербетер. Құлазыған жаныңды, Ән-жырымен емдетер!
©  Радио күні
Көлікте көп тыңдаймыз
Радионы жолда біз, Көлікте көп тыңдаймыз. Әндері бар әдемі, Жамандыққа қимаймыз!
©  Радио күні
Радио
Радионы тыңдаймыз, Әндеріне қанық боп. Ертегісі бар тағы, Естілетін анық боп...
©  Радио күні
Архившілер жарқыра
Архившілер жарқыра, Балбұл жанып жүзіңіз. Еңбеніңіз ақталып, Аман-есен жүріңіз!
©  Халықаралық архив күні
Архившілер тек алға
Архившілер тек алға, Ақталсыншы еңбегің. Еңбектерің ақталып, Шаттық болсын көргенің!
©  Халықаралық архив күні
Тоғызыншы маусым бұл
Тоғызыншы маусым бұл, Халықаралық архив күн. Құтты болсын мерекең, Архившілер күнің бұл!
©  Халықаралық архив күні
Жиырма екінші желтоқсан
Жиырма екінші желтоқсан, Архившілер күнімен. Құттықтаймын сіздерді, Шын жүректен бүгін мен!
©  Халықаралық архив күні
Архив өткен шағымыз
Архив өткен шағымыз, Үн қататын құжаттар. Сақталатын дәлме дәл, Ай жылың мен күн, аттар.
©  Халықаралық архив күні
Архив деген өткен күн
Архив деген өткен күн, Құжаттарды сақтайтын. Архившілер, мамандар, Ел үмітін ақтайтын.
©  Халықаралық архив күні
Архив деген құндылық
Архив деген құндылық, Сақталатын сан жылдар. Өткен күннің бейнесі, Жадымызда жаңғырар.
©  Халықаралық архив күні
Архив деген аты бұл
Санамызда жаңғырар, Архив деген аты бұл. Сақталады, құжаттар, Ғалымдардың хаты бұл.
©  Халықаралық архив күні
Архившілер жасаңыз
Архившілер жасаңыз, Еңбегіңіз ақталып. Үстем болсын мерейің, Ойымызда жатталып.
©  Халықаралық архив күні
Мен де архивші боламын
Менде архивші боламын, Құжаттарды сақтайтын. Ел үмітін арқалап, Сенімдерін ақтайтын...
©  Халықаралық архив күні