Мақсаты: Жемістер туралы түсініктерін кеңейту. Жеміс пен көкөністің айырмашылығын білу. Коммуникативтік дағдыларын дамыту. Жемістерді атау барысында балалардың сөздік қорын жетілдіру.
Құрметті жолаушылар, туристер! Біз ұшаққа отырдық, белдіктеріңізді тағып, ыңғайланып отырыңыздар. Бағытымыз «Күншуақ» балабақшасы. Салон ішінде тұрып жүруге болмайды.
Табиғатты неліктен анамызға теңейміз, өйткені анамыз бізге ақ сүтін беріп өсіреді, ал табиғат - біздің қамқоршымыз, асыраушымыз десек қателеспеген болар едік. Табиғат дегеніміз - бізді қоршаған орта. Ол мезгілге байланысты өзгеріп тұрады. Қазір жылдың қай мезгілі?