Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентiндегi 189-мектепте сұмдық жағдай болды. Бiлiм ошағында 12 жыл бойы математика пәнiнен сабақ берiп келген Әкбар Исахаев қамауға алынып, темiр торға тоғытылды, деп хабарлайды Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі.
20 сәуір. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша ІХ пәндік олимпиаданың ашылу салтанаты өтті. Шара оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Б.Ж. Әбдікәрімов сөзімен басталды. Ізінше, университеттің өнерлі жастары концерттік бағдарлама ұсынып, келген қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлады. Кеш аясында дүбірлі додаға республиканың әр түпкіріндегі 13 ЖОО келген топтар таныстырылды. Атап айтатын......
Тарих тереңіне үңілсек, ата-бабаларымыздан ескерткіш болып қалған мәдени орындар баршылық. Бүгінде Қызылорда атауымен Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналған Ақмешіт – көне бекініс орны. Ол осы Қызылорда қаласының орнында болған. Бекіністі, А.И.Добросмысловтың дәлелдеуі бойынша, 1817 жылы Қоқан ханы Омархан салғызған. Бекіністің жобасы шаршы болған, әр қабырғасы 110 м, саз балшықтан тұрғызылған. Іргелерінің қалыңдығы 10,5 м, жоғарғы жағы 4,36 м, биіктігі 12 м болған. Қабырғаларының жоғарғы жағында оқ атуға ыңғайлы ойықтар жасалған. Бекіністің сырт жағынан ені 10 м ор қазылған және ордың алдынан қорғаныс қабырғаларының 2 қатары тұрғызылған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған 50-ге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған.....