40-сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздер (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 40-сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану;
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіндірме сөздік көмегімен ажырата біледі, сөйлеу барысында қолданады;
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
Оқушылардың көбі:
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын контексте ажыратады, сөйлеу барысында қолданады;
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
Оқушылардың кейбірі:
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын
ажыратады, сөйлеу барысында орынды қолданады;
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған
сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап
береді;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді ....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық