Қасым-Жомарт

Қасым-Жомарт есімінің мағынасы - Қасым сөзі араб тілінен аударғанда "әдемі, сұлу" мағынасын береді. Жомарт есімі "дарқан және бекзат" мағыналарын біреді.

Есімдер мағынасы
Толық

Жұматайдың жомарт жүрегі...

Біз мына күйкі тіршіліктің қамымен жүріп, дәл қасымызда үндемей-түндемей, ешкімге де дабыра қылмай, қолынан келгенше жұртқа жақсылық жасап жүрген жандарды байқай да бермейміз. Одан да бізге әкім не жеп қойдды, кім кімді тонап кетті болмаса кім кімді басып-жаншып кетті деген қауесет пен ақпараттар жанымызға жақын, жүрегімізге жылы тиетін секілді.

Әңгімелер
Толық

Жомарт

Жомарт есімінің мағынасы – парсының «жавонмәрд» (тура мағынасында – жас жігіт, ауыспалы мағынасында – азамат) деген сөзінен шыққан. Айналасындағы жұртқа шапағаты тиген жомарт жігіт атансын, көңілі кең азамат болсын деген ниетпен қойылатын есім. Ел ішінде жиі кездесетін есімдердің бірі.

Есімдер мағынасы
Толық

Қасым-Жомарт

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ есімінің мағынасы – арабтың «қесм» (бөліп беруші, таратушы) және қазақтың «жомарт» (қолы ашық, мырза, молдық, кеңдік) сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Және де бұл жерде парсының «жавон+мәрд» (жас+еркек) сөзінің «жомарт» сөзімен төркіндес екендігін айта кеткен абзал. Қазақ бұл есімді жаңа туған сәбиге «қолы ашық, ағайын-туысқа қамқор, қара қылды қақ жарған әділ болсын» деген ниетпен қояды. Түркі жұртында тек қазақтарға ғана тән есім.

Есімдер мағынасы
Толық