Пiрiң көп болғанша, Бiлiмiң көп болсын.

«Пірің» деп отырғаны қолдаушы, сүйеуші деген мағынаны білдіріп тұрса керек. Қалай ойлайсыз, біліміңіз бар, бірақ қолдаушыңыз жоқ. 
Пікірталас ұйымдастырыңыздар.
Білім туралы білген мақал-мәтел, қанатты сөздеріңізді жазып көріңіз.
«Білімді адамның алдынан қайда барса да алтын тартылады» деп Сайф Сараи бабамыз неге айтты екен?

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Бiлiмдiмен дос болсаң, Сасқанда ақылын айтар. Бiлiмсiзбен дос болсаң, Топ iшiнде бетiң қайтар

Білімді тар ұғымда, білімі бар адам деп, ал кең мағынада көргенді, ақыл-парасаты мол, білімді, жақсы мінезді адам деп білеміз. Бұл мақалдағы «білімді» осы екіншіге дәл келеді. Сондай адаммен дос болған адамдар өздерін бақыттымын десе болады. Ал «білімсіз» дегендер білімдіге қарамақарсы адамдар. Адамгершілігі, кісілігі төмен адамды білімсіз адам дейді.
Абай: «... білімсізге қылған жақсылық өзі адамды бұзады» дейді емес пе

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Біліміміз бен күш қуатымыз – Отанымыздың гүлденуіне

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ең басты ісіміз ол-ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты, зияткер элитаны тәрбиелеу. Əлемдегі дамыған, алпауыт 30елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан, ширек ғасырда ширап, аз ғана уақытта алдыға қарыштап дамыған мемлекетіміздің болашағы-білімді, алғыр, бəсекеге қабілетті білімді жастардың болуында. Себебі, болашақта ел тізгінің....

Шығармалар
Толық

Экономикалық білім беру - бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу кепілі

Тақырыбы: Экономикалық білім беру - бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу кепілі

«Білім беру жүйесі – Қазақстанның бәсекеге нақтылығы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» (Н. Ә. Назарбаев)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жолдауында және жуырда баспасөзде жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында адами капиталды жаңа сапаға көтерудің басты тетігі ретінде білім сапасын дамытуға жаңа серпін береді.

Колледж сабақ жоспары
Толық

Шетел тілі сабағындағы әдіс тәсілдер және білім берудің қыр-сырларын қарастыру.

Шет тілдерін білу қазіргі таңда заман талабына айналуда. Сондықтан да, оқытудың табысы көбіне шет тілін оқыту әдістемесіне және мұғалімнің әр түрлі оқыту әдістері мен тәсілдерін қолдана білуіне байланысты.  Шет тілінде білім берудің негізгі мақсаты - шет тілін практикалық білу.  Оқыту барысында шет тілін үйренудің келесі әдістерін қолдануға болады:

Бірінші әдіс: «Эмоциялар күшін қолдану». Яғни, жаңа сөздерді білген кезде оларды өміріңіздегі жарқын және жағымды нәрсемен байланыстыруыңыз керек, әртүрлі тілдік жағдаяттарда «өмір сүруге» тырысыңыз. 

Екінші әдіс: «Өзіңе сен». Біздің миымыз губка тәрізді ақпаратты жағымды да, жағымсыз да қабылдайды. Яғни, өзіңізге «мүмкін емес» деп айту арқылы сіз миды оқуға қарсы тұру үшін бағдарламалайтын боласыз. Ешбір жағдайда сіз өзіңізді шет тілін үйренуге қабілетсіз екеніңізге немесе сіз үшін бәрі қиын екеніне сендірмеуіңіз керек. Ең бастысы - өзіңізге сену және кішкене жетістіктерге де қуана білу.

Әдістемелік жұмыстар
Толық

Білім қусаң, дүние ізіңнен келер.

Қазақстан бойынша жұмыссыз жүрген жастар саны 100 мыңға жуықтайды."Екі қолға бір күрек ",- деген халықтың жастары не себебті әлі күнге дейін күректің сабын да таппай жүр? Абай атамыздың "адам бол, мал тап"- деп айтқаны бар ғой,демек мал табу үшін, әр жан ынта-ықласын,сенімін арттыратын болса,сонда ғана мақсатқа....

Кеңестер
Толық

"Ел ертеңі – білімді жастар” сайысы

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу барысында жастарды жаңа қазақстандық патриотизм рухында тірбиелеудің тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, іске қосылды.

   Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылғандай, біз өз отанымыз – Қазақ елі мен оның байырғы халқы – қазақ халқын, басқа өркениетті елдермен салыстыра отырып, тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан өркениет ретінде қарастыруымыз керек.

Презентациялар
Толық