Ыбырай Алтынсарин

Оқыту процесінде қалай болса солай оқытпай - ғылым, білім беру жүйесі сақталу керек.
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық

Ыбырай Алтынсарин

Бір Аллаға сыйынып,
Кел балалар оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! – дейді қазақтың ұлы ағартушы, педагог, үлкен-кішімізге, қай-қайсымыз болмасын білім алуға, ғылым үйренуге, талаптанып оқуға шақырған ұстаз Ыбырай Алтынсарин.

Ендеше ұлы педагог туралы өз ойтолғауымды жазайын. Тұңғыш ағартушы, ұлы ұстаз! Тұңғыш білім ордасын ашқан ұстаз! Тұңғыш қолына күміс қоңырау алып, қазақ балаларын білімге шақырған ұстаз! Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ зиялыларының көшбасшысы, халық игілігі үшін аянбай еңбек еткен ағартушы Ыбырай атамыз бен оның баға жетпес асыл мұралары өшпес тарихта мәңгі сақталары анық.

Ұстаздықты сөз етсек, Ыбырай есіміне тоқталмай кету, тәрбие мен оқуды сөз етсек, «Қазақ хрестоматиясы» жайында бірер сөз айтпапау мүмкін емес. Қазақ даласындағы аумалы-төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас тағдырына терең үңілген Ыбырай Алтынсарин атамыз «Тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы» екенін ескерген. Ол өз халқын жан тәнімен сүйіп, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш жігерін аянбай жұмсауы нағыз патриоттықтың белгісі.......
Шығармалар
Толық

Қара батыр

Қара батыр деген ерді бала күнінде түрікпен елінің жортуылшылары ұстап алып, еліне апарған соң қой бақтырыпты. Аш, жалаңаш сақтап, жөнді тамақ бермеген соң бала қойдың далада сүтін сауып ішіп, сонымен күн көріп жүріпті. Бір күні бала далада қамығып жылап отырғанда, алдына бір қарға келіп қонады. Бала қарғаға айтты:
- Қарғалар-ау, қарғалар, қанды көрсе жорғалар, тұмарымды алсана, біздің елге барсана, сағынып жүрген әкеме, тұмарды бере қалсана.
Қарға бір қарқ етті де, ұшып кетті. Бір мезгілде сауысқан келіп қонды.
- Ай, сауысқан, сауысқан, өлеске жеп тауысқан, тұмарымды алсана, елге бара қалсана...
Сауысқан шық-шық етті де....
Ертегілер
Толық

Қазақ әдебиеті | Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері
Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем .....
Рефераттар
Толық