Жауынгер ата естеліктері

1941 жылы маусым айында бейбіт жатқан ел шетіне жау тиді. Отанды жаудан қорғау үшін әкелер мен ағалар, жауқазындай жастар, қызғалдақтай құлпырған қыздар шүберекке жанын түйіп, майданға аттанды. Майдан даласынан елге оралғандар да, хат-хабарсыз кеткендер де болды. Иә, өлгендер қайтіп келмейді. Ал мен тілге тиек отырғалы отырған қарт жауынгер, жерлес ата Қожанов Айнағұл екі мәрте өлгендердердің тізіміне ілігіп, тірі қалады. Әке-шешесіне бірінде Айнағұлдың қаза болғаны, екіншісінде хабарсыз кеткендігі туралы қара қағаз тапсырылған. 1948 жылы елге қайтып оралғанға дейін екі бірдей қара қағаз алған ата-анасы, ағайын-туыс Айнағұл атаның не өлі, не тірі екенін біле алмай дал болған. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында біз Айнағұл атаға осы екі рет «өліп», тізімге іліну себептерін айтып берсеңіз деп қолқа салдық. - Шырақтарым, бұл өзі ұзақ әңгіме ғой» - деп ата бір күрсініп, әңгімесін бастап кетті. Біз бір әулеттен соғысқа тоғыз жігіт аттандық. Содан тірі оралған жалғыз мен. Майданда елің, жерің үшін жан пида, тіпті өзіңді ерлік көрсетуге міндетті санайсың. Он жеті жасымда қан майданды көрдім. Алғашқы соғыс қадамым бронетанк әскерінің Бас қолбасшысы Ротмистровтың жауға соққы беретін танк армиясынан басталды. Осы армияның жеке барлауға арналған мотоциклицстер полкінде бізге аса жауапты әскери тапсырмалар берілді. Полк жауынгерлерінің міндеті барынша құпия жолдармен жау тылынан өтіп, тірілей «тіл» және жаудың құпия құжаттарын әкелу болатын. Барлаушымыз десек те болады. Осындай маңызды тапсырмамен жаудың тылына жиі барып тұратынбыз. Бірде бес адам жауапты тапсырмамен жолға шықтық. Бұл 1943 жылдың 12 желтоқсаны еді. Біз 18 күнде өзімізге берілген тапсырманы орындап, әскери бөлімге қайтып келдік. Жау тылына кеткен 5 жауынгерден мен және Көшекбаев Төлеухан деген аталарың екеуміз ғана аман қалдық. Он сегіз күн бой бізден хабар ала алмаған соң полк басшылары бізді қаза болғандар тізіміне қосып, елге қара қағаз жіберіпті. Міне – бұл менің бірінші «өлгенім». ......
Шығармалар
Толық