Бейнелеу өнері және сызу | Үш заттан құралған натюрморт

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
"Аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК-нің кескіндеме пәні мұғалімі
Құндақбаева Тамара Төлепбергенқызы




Ашық сабақтың тақырыбы: «Үш заттан құралған натюрморт»
Ашық сабақтың мақсаты:
а)білімділік: Оқушыларды бейнелеу өнері пәнінде заттың өзіне қарап бейнелеуге баулу. Затты бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеуге үйрету.
б)дамытушылық: живопись өнерінің натюрморт жанры туралы білімдерін тереңдету.
в)тәрбиелік: Оқушыларды өнер танушылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Ашық сабақтың түрі: жаңа сабақ, жазықтықта (қағаз бетінде) бейнелеу.
Ашық сабақтың әдісі: баяндау, үйрету, практикалық.
Пәнаралық байланыс: математика, композиция, сурет.
Ашық сабақтың көрнекілігі: 4 кезеңдік сурет салу үлгісі, қойылым, түрлі суреттер, натюрморттар, т.б.
Ашық сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаз, акварель бояу, қылқалам, су құятын ыдыс, карандаш бояулар езуге араластыруға қажетті палитра.
Ашық сабақтар
Толық

Арман мен қиял

Шынымен де, Адамға Алланың берген ерекше қасиеті — армандай білу. Ал, нені, қалай армандайсың — ол әр адамның өз өресіне, өзіне деген сеніміне байланысты. Асыл арман дейміз, ас-қақ арман дейміз, күпіршілік жасап, арасында орындалмас арман деп те қоямыз. «Арманың орындалсын», — деп тілек айтамыз.

Жақсы ғой, бірақ та сол асыл арман құрғырлар, өз санатыңнан құлшыныс білдірмесең, сол алдамшы арман күйінде қала бермей ме? Және де сенің арманыңа сенім білдірген етене жақының болса, тіпті құба-құп. Ал өрімтал шағыңда асыл арманыңды заңғар таудай көретін......
Шығармалар
Толық

Төрт түлік

Ашық сабақ тақырыбы: Төрт түлік
Ашық сабақ мақсаты: Төрт түлік мал жайлы білімдерін тереңдету, жүйелеу. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге, өзгенің ойын тыңдай білуге баулу.
Дамытушылық: Ой — өрісін, сөздік қорын байыту, мәнерлеп, түсініп оқуда білім-білік дағдыларын дамыту
Тәрбиелік: Қазақ халқының өмірін төрт-түлік малмен байланыстыра отырып, оқушыларды төрт түлікті құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ашық сабақтар
Толық

«Ботагөз» романы

«Ботагөз» романы - қазақ халқы өміріндегі төңкерістік ірі кезеңді шебер бейнелеген келелі шығарма. Роман КСРО халықтары тілдерінде және бірқатар шет ел тілдерінде аударылып басылды. Бұл – ең данышпан шығармаларының бірі.

Қазақтың байырғы поэзиясына қарағанда, осы заманғы поэзия түр мен мазмұн көркемдігі жағынан жаңаша өсіп-өркендеді. Әрине, ол жаңалық бірден басталып кеткен жоқ. Бұрынғы дәстүрді бойына сіңіре, бұрынғы бар түрді қолдана отырып, ақындар жаңа заман тынысын көрсетті. Адам мен коғам өмірінің жаңа мазмұнын таныту үшін, ақындар, сонымен.....
Шығармалар
Толық

Бастауыш | Еңбек етсең емерсің

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Еңбек етсең емерсің»

Тәрбие сағаттың мақсаты:
«Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбие сағаттың міндеттері:
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: Сара Назарбаева туралы бейнефильм, фотосуреттері, үнтаспа, «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша сахналауға арналған құралдар, презентациялар, түрлі-түсті суреттер, жүрекшелер.
Тәрбие сағаттар
Толық

Мақал - мәтелдер

Мақал-мәтелдер – халық даналығының қазына байлығы. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында пайдаланады. Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі – қазақ халқы. Қазақ халқының мақал-мәтелдерінің шығу тегі жөнінде айтар болсақ, А.Байтұрсынұлы: «Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызы шын келеді. Мәтел дегеніміз кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады. Мәтел....
Шығармалар
Толық

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады (видео)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады. Мемлекет басшысының Жолдауы – бірнеше бағытқа бөлінген кешенді жоспарлардың жиынтығы. Жолдаудың бірінші бөлімі алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің тізіміне ену мәселесіне бағытталды. Мұндағы басты күш экономикаға тиесілі. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жұмыс барысын елімізге енгізіп, жалпы ішкі өнімнің көрсеткішін жыл сайын 4 пайызға арттыру қажет. Инвестиция көзін екі есеге көбейтіп, ғылыми жобаларды қаржыландыруды 3 пайызға арттыруымыз тиіс. 2050 жылға дейін шағын және орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің басым бөлігін......
Жаңалықтар
Толық

Менің елім, Туған жерім

Отан десем оралады ойыма
Ақсақалды, ақ шапанды қария,
Туған жерім - құт мекенім, дариям,
Егеменді елім, туым, әнұран,
Қанатымды қағып ұшқан жанұям.

Осы жолды аңсап еді еліміз,
Ар-намысты батыр туған жеріміз.
Мақтан етер бай мұрасы, салты бар,
Мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар.

«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай....
Шығармалар
Толық