Менің отаным Қазақстан Республикасы. Жер аумағы 2724,9 мың км ², халық саны 16млн. Қазақстанда 14 облыс бар. Қазақстан елі солтүстігімен Ресеймен, өңтүстігі Өзбекстан, оңтүстік-шығысы Қытай және Қырғызстанмен шекараласады. Біздің еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігімізді алдық. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1993 жылы 15 қарашада еліміздің өз теңгесі шықты. Еліміздің астанасы 1998 жылы 6 шілдеде .....
«Отанды сүю – өркениеттің белгісі»,- деп елбасымыз айтқандай Отанымызды сүюіміз қажет. Туған жерім,құтты мекенім – Қазақстан болып табылады.Қазақстан – дүниежүзіндегі ең үлкен мемлекеттер қатарында. Ол дүниежүзінде үлкендігі бойынша тоғызыншы орында. Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Жалпы айтқанда, туған жер адамның болашағы мен өткенін байланыстырады. Міне, сондықтан да, тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда......
Соңғы жылдары компанияның еңбек өнімділігін арттыру мақсатында ірі кәсіпорындар қызметкерлеріне еркіндік бере бастады. Ұлыбританиялық 7 компаниясы қызметкерлері жылына неше күн демалыс аламын десе де ешқандай шектеу қоймайды екен.
Шетелдік БАҚ Ресей президенті Владимир Путиннің 199 млрд доллары, 58 ұшағы мен тікұшағы барын жарыса жазуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы thesun.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Елімізде кәсіпқой бокстан WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге арналған “Феномен GGG” фильмі жарыққа шықты.
Сүндет Әбдірахманұлы Байғожин (1984 жылы 13 наурызда Қостанай облысы Арқалық қаласында туған) — әлемге танымал қазақстандық опера әншісі (баритон). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Астана Опера театрының жетекші әншісі. Сүндет Әбдірахманұлы Байғожин 1984 жылы 13 наурызда дүниеге келген. 2004 - 2008 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетін жеке орындаушы мамандығын бітірген. 2007 жылдан Күләш Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрында солисті болды. 2013 жылдан Астана Опера театрының жетекші опера әншісі. Шығармашылығы Сүндет Байғожинның репертуарында көптеген опералар бар: Марсель («Богема» Дж. Пуччини), Онегин («Евгений Онегин» П. Чайковского), Малатеста («Дон Паскуале» Г. Доницетти), Леско («Манон Леско» Дж. Пуччини), Шарплес («Мадам Баттерфляй» Дж. Пуччини), Алеко («Алеко» С. Рахманинова), Анет баба («Калкаман-Мамыр» Б. Кыдырбек), Оспан («Камар сулу» Е. Рахмадиева), Кокбай («Абай» А. Жубанова, Л. Хамиди), Ризничий («Тоска» Дж. Пуччини), Кожагул, Жиенкул («Біржан-Сара» М. Тулебаева), Креспель, Лютер («Сказки Гофмана» Ж. Оффенбаха), Доктор Гренвиль, Барон («Травиата» Дж. Верди), Граф Чепрано («Риголетто» Дж. Верди) және т.б көптеген шығармалар бар....
Сүйіншәлина Бибігүл Ақтанқызы - актриса, кәсіби модель. 1991 жылы 4 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Кішкентай кезінде ата-анасымен бірге Мәскеуге қоныс аударған. Еңбектегі алғашқы тәжірибесі – 2 жаста теледидар жарнамасында кішкентай жапон баласының рөлін ойнаған. 9 жаста НурМур «Жұлдызым» тобының музыкалық клипіне түскен. 15 жасында келісімшарт жасап Сингапурде және Тайландта модель болып жұмыс істеген. 2006 жылы ресейлік белгілі «Громовтар. Үміт үйі» телевизиялық сериалында Файка рөлін ойнаған. Осы рөлден кейін Бибігүлді басқа жобаларға да шақыра бастады. 2007 жылы режиссер Олег Фесенконың «Сага о хантах» фильміндегі рөлде ойнады. 2009 жылы қатарынан 3 фильмде: «Трубадур» – Зарина басты рөлінде, «Астана – менің махаббатым» – Маржан басты рөлінде, Әмір Қарақұловтың «Виртуальная любовь» фильмінде – Эля басты рөлінде ойнады. 2013-2014 жылдары ресейлік «Выжить после» 12 сериялық телевизиялық фильмінде Айжан рөлінде, барлығы Бибігүл 12 кино және сериалдарда ойнаған. Қазіргі кезде ол ресейлік мемлекеттік аграрлық университетінде спорттық ат баптау мамандығы бойынша сырттай дәріс алуда. Сонымен бірге, Берлин қаласында неміс тілін үйренеді. Фотосуретке түсіру және сурет салу өнерімен шұғылданады. ....
Өз пәктігін саудаға қойған 18 жастағы модель магнаттардың бірінен 2 млн долларға ұсыныс түскенін айтып мақтанды. Бұл туралы nur.kz порталы thesun.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайып Айнабеков халық ортасынан шыққан, көрнекті талант иесі, ақын. Қ.Айнабеков 1885 жылы Нұра өзенінің жағалауындағы Кеңқия аулында (қазіргі Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Көгілдір селосы) кедей шаруаның отбасында туды. Әкесі Айнабек Қайыптың қаршадайында қайтыс болған. Ержетіңкіреп еңбекке жарағанға дейін Қайып нағашылырының қолында тәрбиеленеді. Кейін олардан бөлініп шығып, өз бетінше еңбек етіп, күн көрген. Қазақ даласындағы қалың кедейдің сол кездегі шеккен азабын, тұрмыстың ауыр жүгін Қайып та бірге арқаласып, басынан бірге өткізеді. Тек Ұлы Октябрь социалистік революциясының арқасында ғана ақын азат өмір құшағына еніп, еркін еңбекке беріледі. Кейін ол әр түрлі әлеуметтік қызметтерге қатынасады. Орталық Қазақстанда Совет өкіметін орнату жолындағы күреске белсене араласа отырып, Қайып 1920 жылы Коммунистік партияның мүшелігіне кіреді. Саяси шаруашылық мекемелерінде жұмыс істейді. Ауылда мектеп ашып, жас ұрпақтарға білім беру ісіне жіті ат салысады. Қайып ұзақ уақыт бойы Қарағанды қаласында тұрған.
Қоғамдық тіршілік пен әдебиет ісіне белсенді қатысқаны үшін халық Қайып Айнабековты Қарағанды қалалық, облыстық Советтеріне көп жылдар депутат етіп сайлап, зор құрмет көрсеткен. Еңбекшілердің білдірген бұл сенімін Қайып қалтқысыз зор абыроймен ақтап отырған. Ақынның "1941–1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы тұсындағы еңбектегі ерлігі үшін" медалімен және Қазақ КСР Жоғарғы Советінің грамотасымен марапатталуы, 1943 жылы Қазақстан совет жазушылар одағының мүшесі болып алынуы сол елеулі еңбектің нәтижесі еді. Жас кезінде-ақ Қайып өлең, әңгіме-ертегі, жырға әуес болады. Жастық, достық жайында өлең шығарып дағдыланған ақын бірте-бірте ширап, жетіле береді. Сөйтіп, өлең Қайып өмірінің өрнекті өзегіне айналады ....