Менің туып, өскен жерім –Егемен ел Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз, жері кең, ұлан байтақ, егеменді ел. Қазақстан жерінің асты да, үсті де бай. Асты бай дегенім-көптеген қазба байлықтары, ал, үсті бай дегенім......
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел Президентінің бұл сөзі жастарға серпіліс беріп және оларға үлкен сенім артатынының дәлелі. Елім, жерім, тілім, дінім деген әрбір қазақты патриот дейміз. Алайда бүгінгі өсіп......
Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістанқаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Орта ғасырларда (ХҮІ – ХҮІІІғғ) ол Орта Азия мен Қыпшақ даласы халықтарының саяси орталығы болған. Беріде Қазақ хандығының.....
Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар. "Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз," - дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдардан "ешкімге соқтықпай жай жатқан елдің" ежелден құт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған ел екенін көреміз. Бірақ, "Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды". Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған....
Абай Құнанбайұлы мен ЖамбылЖабаев – замандас ақындар. Сондықтан болар, бір-бірімен тығыз байланысты. Екі ойшыл да шығармаларындағы ең басты тақырып – халық жайлы ерекше жыр толғайды. «Қазақ поэзиясының алыбы» атанған Жамбыл мен қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл Абайдың арасында қаншама ортақ ерекшеліктер бар. Екі ғасырдың куәсі болған Жамбылдың жасына....
Жер бетіндегі барлық адамның туған жеріне деген ыстық ықыласы мен сезімдерін жинаса ғой... Мүмкін ол шалқар мұхиттай болар ма еді, мүмкін ол асқақ Алатаудай болар ма еді?! Иә, әр адамға сүйікті Отанынан, туған елінен қымбат ешнәрсе жоқ. Мен де Қазақстанымды адал, сәби бала жүрегіммен мақтан етемін. «Қазақстан» деген кезде менің ойыма...
Бір күні аңшы аң аулауға шығыпты. Ол аңдарды іздеп, орманға барыпты. Орманда таза ауамен серігіп отырайн деп, жерге жайғасыпты.Демалып мылтығын ұстап отырды. Аңшы ойланып отыр екен. Аңның бәрі қайда кеткен деп... Дәл сол сәтте, бір қоян қуыстан шыға келді, аңшыны көрмеген сияқты. Аңшы мылтығын алайн деп жатты. Осы кезде.....
Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысындамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген. Сенде балалар осы ақын жазушылардың ұстаз жайлы....
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық- ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына .....
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы,-
деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып,толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс .....