Қыз бен жігіт айтысының жарқын бейнесі
«Тұңғиық сырым барлағанға...»
«Біржан мен Сара» айтысынан
Сараның сөзі
Айтыс өнері – халық ауыз әдебиетінің ерекше түрі. Бұл ертеден келе жатқан сөз саптау шеберлігі. Қазақ халқы сөз өнерінің құдіретіне тәнті болып, «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп ұтқыр сөзді басынан асыра білген. Айтыс көне түркі тілдес халықтарында, үндістер елінде де өркендеген. Дегенмен қазақ халқының тіл мен жақтың ұйқасқа тірелген ой ұшқырлығы айтыс өнеріне ұласқаны шындық. Ғасырлар бойы шебер өрнектелген сөз жарысы тыңдаушылар қауымын үйіріп әкететін сиқырға ие.......