Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет

Халқымызда «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» деген мақал бар. Бұның өзі өсіп келе жатқан әрбір жас ұрпақты имандылыққа, мейірім - қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттар
Толық

Флоэмадағы зат тасымалына сыртқы орта факторларының (температура, ылғалдылық, жарық) әсері 1-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың тасымалы
Сабақ тақырыбы: Флоэмадағы зат тасымалына сыртқы орта факторларының (температура, ылғалдылық, жарық) әсері 1-сабақ
Оқу мақсаты: Флоэмадағы зат тасымалына сыртқы орта факторларының (температура, ылғалдылық, жарық) әсерін зерттеу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар орындай алады:
«транслокация»ұғымының анықтамасын білу;
флоэманың құрылысын білу;
ксилема мен флоэманың құрылыс ерекшеліктерін салыстыру;
флоэма бойымен заттардың тасымалдану үрдісін түсіндіру;
Флоэмадағы зат тасымалына сыртқы орта факторларының (температура, ылғалдылық, жарық) әсерін зерттейді.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Қарабай батыр

Ертеде Қарабай деген батыр болыпты. Өзі атқан оғы жерге түспейтін мерген де сияқты. Қысы-жазы жапан кезіп, аң аулаумен болады екен. Бір күні аңнан қайтып, үйіне таяп қалғанда, сол жердегі бір құдықтың маңынан екі көзі тостағандай, екі құлағы тебінгідей бір қара дию кезігіп, екеуі алыса кетіпті. Неше күн, неше түн алысып, әрең дегенде Қарабай диюды жеңіп, құдыққа тастайды да, қақпағын жауып, қазандай таспен бастырып тастапты. Қарабайдың үйінде шешесі мен қарындасы ғана бар екен. Қарабай оларға «Мен жоқта анау құдықтың қасына барушы болмаңдар»—деп тапсырыпты да тағы да аңға кетіпті. Шешесі мен қарындасы құдықтың маңына бармауға уәде берсе де көңілдерінде «Соның ішінде не бар екен, бір көрсек?» деген ынтық түсіпті. Сонымен Қарабай аттанып кеткен соң барып қазандай тақтайды аударып, қақпақты ашса, құдықтың ішіндегі дию: «Мені шығарып алыңдар! Байы жоққа бай боламын, байы барға ашына боламын», – деп жалбарыныпты. Жапан даладағы жалғыз үйде іші пысып жүрген қыз бен қатын мұны естіп қуанып кетеді де диюды арқан тастап шығарып алып, көңіл қосып, мауқын басып жүріпті. Бір күні дию: «Бүйтіп бұғып өткізген өмірден мезі болдым. Абзалы Қарабайды өлтіріңдер. Сонан соң емін-еркін күн өткізейін»,—депті.

«Батыр-ау, сіздің шамаңыз жетпегенде біз қайтіп өлтіреміз?»,—депті қыз бен қатын сасқалақтап.....
Ертегілер
Толық

Қосылым түрі (Информатика, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Желі және қауіпсіздік
Сабақтың тақырыбы: Қосылым түрі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.1.3.1 компьютерлік желілерді жіктеу
Сабақ мақсаты: Желіні орта түрі және ақпарат беру жылдамдығы бойынша жіктеу.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Пырақ

Бұрынғы өткен заманда, дін мұсылман аманда Қасым атты хан болыпты. Ханның өзі хандығын елден асырса да, басында бір қайғы болыпты. Бір баланың жоқтығынан хан алты әйел алыпты. Алты әйел алса да бала көрмепті. Бір күні хан отырып елін жинап бата алып, қажыға бармақ болыпты. Сол оймен халқын жинатып, ақ бата алып қажыға жүреді.

Хан бірнеше күндей жол жүріп, Алатау деген тауға келіп түнейді. Түнде көзі ұйқыға ілініп кетсе, түсінде үш пері адам болып келіп: «Хан басыңды көтер, қолыңды жай, Құдай сенің тілеуіңді береді, еліңе қайт, барғаннан кейін бір әйелің екіқабат болады!»—дейді де ғайып болады.

Хан ұйқыдан басын көтеріп алса, ешкім жоқ. Сонымен хан, еліне қайтады. Еліне келіп, арада бірнеше ай өткеннен кейін ең кенже әйелі жүкті болып, бір ұл табады. Хан ұлдың атын Пырақ қояды.....
Ертегілер
Толық

Омар Хайям

Маған адамның кедейлігі емес, оның ойы мен жанының кедейлігі қынжылтады.
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық

Пауло Коэльо

Жеңіске сенген кезде, сен жеңесің, өйткені жеңіс саған сенеді.
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық

Платон

Кедейлік - мүліктің азайғандығы емес, қомағайлықтың артқаны.
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық