Ұлттық ойын: Қыз кәде

Қыз кәде — ұлттық ойын. Бұл ойында ұзатылатын қыздың жеңгелері мен күйеудің қосшылары тартысқа түседі. Ойынды қыз жағының жеңгелері бастайды. Олар “қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу жоқ” деп жол-жора жасаттырады.
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ағзағаның дабылына құлақ түріңіз

Ағзамызда тоқтаусыз түрлі процестердің жүріп жататынын білесіз бе? Ал онда қандай да бір «ақау» бола қалса, оны дереу ретке келтіру үшін ағзамыз бізге хабар беріп, көмек сұрайды. Егер де сол көмекті уақытылы көрсете алсаңыз, денсаулығыңыз да мықты, көңіл күйіңіз де көтеріңкі болмақ.
Терінің құрғақтығы
Бұл ағзада Е дәруменінің жетіспеушілігін білдіреді. Оның орнын толтыру үшін күнделікті ас мәзіріне жаңғақ, майлы балық пен өсімдік майын қосыңыз.

Шаш пен тырнақтың сынғыштығы
Бұл ағзада В дәрумендер тобы мен кальцийдің аздығынан хабар береді. Ал олар дәнді дақылдар мен ботқалардың құрамында молынан бар. .....
Кеңестер
Толық

Ақ аяқ киімді күту жолдары

Күн жылына бастағанда әдемі әрі сәнді аяқ киімімізді шкафтан шығара бастаймыз. Ақ түс әмбебап түстердің біріне жататындықтан, ақ түсті аяқ киім барлығында дерлік бар деп ойлаймын. Ақ түсті аяқ киімдер әдемі көрінгенімен, ерекше күтімді қажет етеді. Себебі оған тиген кез келген дақ пен жарық бірден көзге түседі.

Ақ немесе ашық түсті былғары аяқ киіммен даладан үйге кірген кезде шаңын жүн матамен сүртіңіз. Содан соң оған қалпына келгенше 15-20 минут сайын аяқ киімге арналған түссіз крем жағыңыз.

Егер аяқ киімді жуу қажет болса, жұмсақ ысқышпен немесе тіс щеткасымен, жылы ерітілген сабын және жуатын ұнтақ көмегімен тазартуға болады. Содан соң ағын сумен абайлап шайып тастау керек. Аяқ киім ішіне су тимеуін қадағалаңыз. Аяқ киім толық кепкен соң, түссіз крем жағыңыз.......
Кеңестер
Толық

Жүзіңізді жайнататын 5 әдіс

Жүзіңіздің іштей жайнауы - сымбатты көрінудің бірден-бір әдісі. Бұл үшін сыртқы күтім де, ішкі жан дүниенің тазалығы да керек.

Сонымен назарларыңызға жүзіңізді жайнататын 5 әдіс.

Ғашық болыңыз

Ғашықтық сезімі ағзамызда небір қызық процесстер бастайды. Мысал үшін, дофамин мен окситоцин шығарылады. Бұл бақыт гормондары теріні қоректік заттармен байытып, оны жайнатады.......
Кеңестер
Толық

Безеуге қарсы аспирин маскасы

✅ Аспирин маскасы – бет терісін оңай және жылдам жақсартуға таптырмас, арзан маска. Кез келген дәріханадан табылатын аспириннен пайдалы маска жасауға болатынын көпшілік біле бермейді.

✅ Аспирин майлы бет терісін құрғатып, безеудің алдын алады. Егер бет терісі құрғақ болса, аспириннің өзінен ғана жасалған масканы қолданбаған дұрыс. Эпидермисті нәрлендіру үшін аспирин маскасына ара балын қосқан жөн. Мұндай маска ерекше күтімді қажет ететін проблемалы тері үшін өте пайдалы, сонымен қатар, бет терісін безеулерден арылтып, теріні тегістейді, әрі ондағы ұсақ тесіктерді тазалайды. Масканы бетке жақпас бұрын одан қандай да бір аллергия болмайтынына көз жеткізу керек. Ол үшін дайын маска қоймалжыңын аздап қолдың сыртына жағып көріңіз.......
Кеңестер
Толық

Қай түс сіз туралы айтып береді?

Айналадағы барлық құбылыс, жаратылыс адаммен тікелей байланысты. Мысалы, түстердің өзі адам психологиясына әсер етеді екен. Яғни, сізге ұнайтын түс сіз туралы хабар береді. Олай болса, тексеріп көрейік.
Кеңестер
Толық

Технология | Тағамдық құндылығы жоғары нан тоқаш өнімдерінің рецептурасын құру және сапасын анықтау

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде күнделікті халықтың тамақтану рационы бұзылғаны басты мәселелердің бірі. Тұтынатын күнделікті тағамдарымызда дәрумендер, белок, тағамдық талшықтар, макро және микронитруенттердің жетіспеушілігі асқазан - ішек және де басқа да денсаулыққа қауіпті аурулардың өсуіне әкеліп соғуда. Күнделікті уақытылы дұрыс тамақтану адам организмінің қарапайым (суық тиу, асқазан ішек арурлары) және созылмалы аурулардың алдын алуға иммунитеттің көтерілуіне көмектеседі.
Hан - тоқаш өнімдері тағам өндірісінде ең басты орынды алатыны барлығымызға белгілі. Осыған орай еліміздегі тағамтану саласындағы мамандырымыз нан – тоқаш өнімдерінің құрамын адам организіміне қажетті ақуыз, дәрумендермен, минералдық заттармен байытуда елеулі жұмыстар атқарып жатыр және нан өнімдеріне деген сұраныс көп. Нан негізінен калорияның, ақуыздың, витаминдердің және минералдық заттардың тамаша көзі болып табылады және қоректік заттардың мөлшері бойынша адамның тәуліктік рационының үштен бір бөлігін құрайды, сонымен қатар нан ең арзан және қолжетімді өнім болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Аспириннің пайдасы мол

✅ Жақсы көретін ақ блузкаңда тер дағы қалып, кетпей қойса, екі түйір аспиринді ұнтақтап, шыныаяқтың жартысына жылы су құйып, араластыр. Кірленген жерге осы ерітіндіні құйып, екі-үш сағат солай қалдыр. Кірленген жері өзі-ақ ағарып шығады.

✅ Көпшілік бетке шыққан безеуден көп қиналады. Бір түйір аспиринді ұнтақтап, суға саласың да, безеуге жағып, екі минут ұстайсың. Осылай бірнеше рет қайтала.

✅ Қайызғақ мазаңды алса, екі түйір аспиринді ұнтақтап, бас жуар кезде кәдуілгі сусабынға қосып, бір-екі минут ұстап, артынша таза сумен шай.

✅ Аспирин бақшаға да пайдалы. Ұсақталған аспирин тамыр жүйесіне қуат береді, суға ерітілген аспиринмен бүлінген топырақты өңдейді.

✅ Раушан және басқа үзіп алынған гүлдер ұзақ сақталу үшін, су құйылған құмыраға бір түйір аспиринді салып жібер. Тек суды ауыстырып тұруды ұмытпа.......
Кеңестер
Толық

Маңызды телефон нөмірлері

Қабырғаңа сақтап қой, қажет болып қалар.

101 - Өрт сөндіру
102 - Полиция
103 - Жедел жәрдем
104 - Аварийная (газ)
105 -Темір жол ақпараттық орны
112 - Төтенше жағдайларда құтқару
115 - Сенім телефоны
116 - Қазақтелеком, телеграмма қабылдау
144 - Қаржы полициясы ......
Кеңестер
Толық

Асия

Асия есімінің мағынасы — иран тілінен аударғанда қайырымды, мейірімді (әйел) деген мағынаға ие.

Есімдер мағынасы
Толық