Ақпараттық қауіпсіздік - ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізудің, пайдаланудың, жария етудің, бұзудың, өзгертудің, тексерудің, есепке алудың немесе жойылудың алдын алу тәжірибесі. Құпиялылық дегеніміз ақпараттың рұқсат етілмеген адамдарға, ұйымдар мен процестерге жарияланбауын білдіреді.Тұтастық дег...
Әйел алмақшы (үйленбекші) болсаң, оның дүние мүлкін сұрама... Әйелдің табиғаты таза, діні таза болса, күйеуіне (еріне) дос болады. Ұятты, ұстанымды, дүние-мүлікті жақсы сақтайтын болуы ләзім. Бұрынғылар айтқан екен: жақсы атын ерінің һәм өмірінің рахаты болар, -деп. Дос болмаған, үй –жайдың жайын жақсы білсе, бір –біріне тез байланады. Қалыңдық ержеткенде, ақылды болуы, анасының бәйбіше, әкесінің отағасы болғанын көрген һәм білгені болуы ләзім. Егер мұндай тәуір қызды тапсаң, дереу үйлен. Ондай қатынға қысастық, қызғаншақтық жасауға әректтенуші болма. Егер сен қатынды қызбанбасаң, оған айып тақпасан біліп қой, қатының саған ата-анасынан да артық мейірбанды болар және содан асқан дос адам болмас. Егер оны қызғансаң, ол саған дұшпаннан асқан дұшпан болар, онымен салыстырғанда, бейтаныс дұшпан түк болмай қалады. Егер қыз алсаң қанша жақсы көрсеңде күн сайын қасында жатпа, сүйтсең, ол бәрінің әдеті солай еке деп ойлайды және сен орынды себептер болып, үйде қонбаған кездерінде сенсіз сабыр етеді. Егер сен түн сайын қатыныңмен бірге жатуды әдет етсең, ол сен жоқ кезде басқаны арман етеді, оның сабыр қылуы қиын болады. («Қабуснамадан»)
1. Әйелдерге қол көтермеңдер. 2. Қызғанғанда орнымен қызған, намыссыз әрі қызғанбайтын еркекті еркек деме. («Мың бір хадистен»)
Сүйген қызыңды сыйла, абыройы мен арын, адамгершілік қасиетін аяла. Сені ынтықтырған қыз –ол сенің болашақ жарың, балаларыңның анасы, екінші -өзің. В.А. Сухомлинский
Қызғаншақтар үнемі дүрбімен қарайды, ол кішкене нәрсені ұлкен нәрсеге, ергежейліледі –алыптарға, жорамалды шындыққа айналдырады. М.Сервантес
Әйелің –ашынаң емес, өмірлік досың және серігің, демек, біз оны толықсыған келіншек кезінде де, кемпір болғанда да , сүюге о бастан ойланып әдеттене білуіміз керек. В.Г. Белинский
Қосағыңмен тату бол, өзгермесін ол адам, Үй тауығын аяла, қырғауыл қумай далада. М. Қашқари....
Адамзат өзінің индустриялық даму сатысынан постиндустриялық даму сатысына, дәлірек айтсақ, информациялық сатыға біртіндеп көшіп келеді, өйткені мемлекеттің экономикасын, техникасын, ғылымын осы заманның одан арғы даму кезеңінде информатиканың соңғы жетістіктерін кеңінен пайдаланусыз елестету қиын. Әрбір жеке адамның да өмірі уақыт өткен сайын информатикамен тығыз байланысып келеді. Информация, информацияландыру – стратегиялық ұлттық рессурстардың ең маңызды түрлерінің біріне жатады, оның ішінде осы көрсеткіштер бойынша мемлекеттің экономикалық және әскери қуаты анықталады.Сондықтан да информатика курсын оқып білуді осы ұғымдар туралы түсініктемелерден бастаған жөн. Қазіргі ғылыми-техникалық даму кезеңінде инженерлік, экономикалық, басқару, ғылыми және басқа түрлі есептерді тиімді түрде шешу, медициналық болжам қою және т.б. зерттеу нәтижелерін жоғары дәлдікпен анықтауды электронды - есептеуіш машиналарсыз ұйымдастыру мүмкін емес. Осы себепті орта және жоғары білімді мамандар өз білімін ЭЕМ-ді тиімді пайдалану әдістерімен кеңінен үйлестіре алатын болуы тиіс. Бұл олардың келешек жұмысында ЭЕМ-мен жұмыс істеуді күнделікті дағдыға айналдыру үшін де қажет. Жоғары оқу орындарында студенттерді есептеуіш техниканы пайдалануға даярлаудың үздіксіз жүйесі ұйымдастырылған. Информация – дәл анықтамасы жоқ кең ұғым. Қарапайым түрде айтқанда, түрлі нысандар, құбылымтар мен процестер және т.б. жөніндегі мағлұматтар информация делінеді. Мысалы, айналадағы кеңістіктен жер жағдайы, өсімдіктер жөнінде көп информация аламыз. Ауада найзағайдың ойнауы – күннің бұлтты екенін және жауын жаууы мүмкінжігін, т.б. білдіретін информация. Көп салалы халық шаруашылығының күн санап өркендеуіне байланысты, түрлі информацияны жинастыру, өндеу, сақтау және оларды тұтынушыларға тез жеткізіп беру процестері үлкен көлемді әрі маңызды жұмыстардың бірі болып отыр. 50 – жылдардың бас кездерінен бастап көптеп жарыққа шыға бастаған электронды есептеуіш машиналарын осы жұмыстарға пайдалану оларды орындаудың шапшаңдығын күрт арттыруға мүмкіндік туғызады.Ал информатика – инфориация қасиеттерін, оның көрсетілуі мен автоматты түрде өндеу әдістерін зерттейтін және Интернет жүйесін пайдаланатын комплексті ғылым. ....
Коммерциялық банктердің ең көп тараған делдалдық қызметінің бір түрі – факторинг. Факторинг алғашқы кезде АҚШ – та пайда болып, кейіннен өнеркәсібі жағынан дамыған Батыс Еуропада қолданылды. Әсіресе коммерциялық банктер факторингті соңғы 25-30 жыл ішінде кеңірек қолдана бастады. Факторинг 80 жылдардың ортасында Батыс Еуропа елдеріндегі тұрақты экономикалық өрлеу кезеңінде кеңірек таралды. 90 – шы жылдардың басында факторингтік компанялар 3,6 есе өсті. Факторинг операцияларының бүгінгі көлемі мынадай: Еуропа – 56%, Америка – 30%, Азия және Тынық мұхит жағалауындағы елдер – 13%, Африка – 1%. Шетелде факторинг – бұл ұсақ және орта компаниялар үшін қаржыландыру көзіне сілтейтін қысқа жолды білдіреді. Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретінтауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды. Факторинг клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда – комиссиондық операциясының бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90% - ға дейін төлеу шартымен сатып алады. Факторинг – бұл тауарларды немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем құжаттарын сатып алуды білдіреді. Факторингтің мақсаты – кез келген енсиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіру. Нарық экономикасы дамыған елдерде төлемдердің сақталу мерзімдеріне басты көңіл аударылады. Ендеше факторинг компаниялар мен банктердік фактор бөлімдерінің қызметі жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастардағы тәуекелдер мен төлемдер мерзімдеріне байланысты мәселелерді шешуге бағытталады. Фактор сөзі ағылшын тілінен “factor” , аударғанда “ маклер, делдал’’ деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда – бұл делдалдық операция. Факторинг – жабдықтаушы – клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын банкке сатумен байланысты комиссиондық – делдалдық операция. Банк төленбеген төлем талабының иесі ретінде, борышқордың несиелік қаблетін тексергенімен де олардың төленбей қалуына байланысты тәуекелге барады. Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды. Факторинг операциясына үш тарап қатысады: 1. Факторингтік компания ( банктің факторинг бөлімі ) - өздерінің клиенттерінен шот – фактураны сатып алатын арнайы мекеме. 2. Клиент ( тауарды жабдықтаушы, несие беруші ) – факторинг компаниясымен келісім – шарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы. 3. Кәсіпорын ( қарыз алушы ) – тауарды сатып алушы фирма ....
Қазіргі таңда банктік операциялар және қызметтер күннен күнге артуда. Олардың ішінде көп тараған түрлері несиелік операциялар мен депозиттік операцияларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, банктің жаңа операциялары да кең өріс алуда. Олардың ішінде форфейтингтік және факторингтік операциялар жатады. Бірақ бұл операциялар Қазақстанда өте дамымаған. Негізінен, Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы. Курстық жұмыстың мақсаты, яғни факторингтік операциялардың Қазақстанда қолдануын талдау. Осы мәселені алға қойып, талқылау. Курстық жұмыстың тақырыбы, яғни екінші деңгейлі банктердің жаңа дамып келе жатқан операциясы факторингтік операцияларды қарастырып, оның түрлеріне тоқталып кету, факторингтік операциялардың Қазақстанда қолдануын көздедім. Осы мәселелерді алға қойып, факторингтік операцияларға жалпы тоқталып кеттім.. Қазақстандағы банктік қызмет аясын реттеуге бағытталған заңдардың жүзеге асу процессі өтпелі нарықтық кезеңдегі күрделі экономикалық реформалар мен ұзаққа созылатын мемлекеттік бағдарламалар ауқымында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар банктік қызмет аясын реттеуге бағытталған заңдардың тек осы саланы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің қаржы, валюта, ақша-несие, жалпы экономиканың кез-келген саласына қатысты болатындығын естен шығармаған дұрыс. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады: — заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу; — жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу; — банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу; — заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу; — кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау,ұсату, сорттау, қаптау және сақтау; — аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау; — есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт); — заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру; — заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу; —сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару; — клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау; — сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарды сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бәлмелерді жалға беру; — ломбардтың операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру; — төлем карточкаларын шығару; — банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және жөнелту; — шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; — төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын); — чек кітапшаларын шығару; — бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет; — аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау; — ақшалай формада орымдалуды көздейтін банктік кепілзаттарды беру; — үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.....
Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. 1967 жылы "Бұлбұл" деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді. Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. "Маңғыстау монологтары" ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы. Содан бері "Мазасыз шақ", "Мен сенің жүрегіңдемін", "Шілде", "Сенің махаббатың", "Дауа" сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр жанығанда өршіл сарынға ерік береді. Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болды.
Лирикалары. Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады. Ақын – өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы – поэзия.
Көңілді, жайлы күнімді, Азапты қайғы мұңымды Өзімменен бөліскенің үшін, Қатем мен жеңістерім үшін, Менің мынау қиындау тағдырым болып О, баста көріскенің үшін Өлең, мен сені аялап өтем! –
Ең алғаш «этика»сөзін ежелгі грек философы Аристотель қолданған, ол мемлекет (саясат) пен жан (психология) туралы ілімдердің аралығынан орын алатын, адам мінез-құлқының жақсы әрекеттерін (ерліктік,сабырлылық және т.б)оқып-танитын ғылым. Фармацевтикалық этика- ол фармацевтикалық қызметкерлердің өз қызметін атқаруда қоғаммен,науқаспен,әріптестерімен, өзге топ адамдарымен (медициналық қызметкерлер, тексеруші орган қызметкерлері және т.б)қарым-қатынасында ұстанатын өнегелі мінез-құлқының формальды емес нормасының жиынтығы. Ең алғаш Ресейде кәсіби этиканың талаптары 1789ж. Дәріханашылар уставында сипатын таба бастады. Онда былай делінген: « Дәріханашы, мейірімді, өз міндетіне берік ұстанатын адал, ары таза, әр нәрсені ақылға пайымдайтын, тәні сау азамат. Халық игілігі үшін қызмет етуге дайын тұлға».Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ),Халықаралық фармацевттер одағының ( FIP) және қайырымдылық пен адамгершілік қағидаларын ұстана отырып, сондай-ақ, фармацевтикалық қызметкерлердің қоғам алдындағы атқаратын қызметтері үшін өнегелі жауапкершілік пен жоғары рольдің тұрғанын сезіне отырып, Ресей фармацевтикалық ассоциациясы 1995жылы Ресей фармацевтінің этикалық кодексін қабылдады. Кодекс 12 баптан тұрады және онда фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіби қызметінің басты мақсаты, шарттары және ұстанымдары сипатталған, солардың негізгілері төмендегідей: Әрбір адамның жынысына, жасына, нәсіліне, ұлттық тегіне, әлеуметтік мәртебесіне, діни және саяси сеніміне қарамастан оның өмірін қорғау және кәсіби парызы мен этикасының талаптарына сай қызмет атқару;Кәсіби деңгейін жоғары ұстау;Аурулар мен дәрігерлерді дәрілердің құндылығы туралы хабардар ету, дәрілік көмектің сапасына жауап беру;Кәсіби тәуелсіздігі;Дәрілік заттарды таңдауда,тағайындауда және қолдануда көмек көрсету; Әріптестерімен жақсы қарым-қатынаста болу; Мамандыққа баулыған ұстаздарға құрмет көрсету,алғыс білдіру;Фармацевтикалық қоғамдастықтың бірігуі;Таңдаған мамандығы бойынша алған білімі мен қызметтік жағдайларында сәйкессіздіктің туындауы; ....
Тірі ағзалар үнемі қозғалыста және тепе теңдікте болад, яғни ағзаға сырттан қоректік заттар еніп тұрады және керексіз өнімдер сыртқа шығарылады. Бұл құбылысты зат алмасу деп атайды. Зат алмасудыі қалыпты жүруін орталық жүйке жүйесі және эндокрин бездерінің гормондары реттейді. Эндокрин бездері өз әсерін ферменттер арқылы іске асады. Ағзаның барлық клеткасында бір мезгілде белгілі ретпен және өзара үйлесімді де алуан түрлі химиялық реакциялар жүріп жатады. Ал ферменттер осы реакцияларды миллиондаған есе жылдамдатады. Тіршіліктің мағынасы да осында. Егер ферменттер қатыспаса, ағзадағы химиялық реакциялар өте баяу да тәртіпсіз жүретін еді. Мұндай жағдайда тіршіліктің өзі де болмайды. Сондықтан да ферменттер барлық тіршілік процестерінің негізі болып табылады. Ал ферменттер әсерінің қандай болмасын бұзылуы әр түрлі жайсыз құбылыстарға әсер етеді.
Біздің мұндағы негізгі қарастыратынымыз, тақырыптың негізгі ашпақ болған мәні-ол ферменттердің жалпы ерекшеліктері, қасиеттері , медицина саласындағы әсіресе медициналық диагноз қоюдағы маңызын түсіну және қолдана білу, сондай-ақ ферменттердің синтезінің бұзылуы немесе жетіспеуінен туындайтын ферментопатиялардың не энзимопатиялардың түрлері жайлы, олардың клиникалық белгілері жайында мәлімет ала отырып, түрлі ауруларды бір бірінен айыра білу жөніндегі ақпараттар болып табылады.
Демек, фермент биологиялық катализатор болғандықтан, термодинамиканың негізгі ережелеріне бағытталады.Атап айтқанда, бейорганикалық катализаторлардың көптеген ерекшеліктерін ферменттік реакцияларда байқауға болады, яғни олар бірнеше ортақ қасиеттерге ие:біріншіден, энергетикалық мүмкіншілігі бар реакцияларды ғана катализдей алады; екіншіден, реакция тепе-теңдігін өзгертпейді, тек осы тепе-теңдікке жету уақытын ғана қысқартады; үшіншіден, реакция бағытын өзгертпейді; төртіншіден, реакцияның соңғы өніміне айналмайды.Алайда, ферменттер биологиялық катализатор болғандықтан, оның өзіне тән ерекшеліктері болады ,оны ферменттердің жалпы қасиеті деп атаймыз.....
Физика ғылымының тілі –бұл физикалық терминдер. Термин дегеніміз – ғылым, техника, өнер аумағындағы қандай да бір белгілі ұғымның атауы болып табылады. “Термин” ұғымының жалпы анықтамасына сүйене отырып біз физикалық терминді келесі түрдегідей анықтаймыз. Осыдан физикалық термин дегеніміз – бұл физикалық ұғымның атауы болып табылатын сөз немесе сөз тіркесі, ал физикалық ұғым – физикалық обектілер мен физикалық құбылыстардың мәнді белгілерінің бейнесі. Ғылыми – техникалық даму барлық ғылыми білім салаларындағы түсініктер мен терминдердің жүйесін тәртіпке салу мәселесін күшейте түсті. Физика қазіргі техника мен өндірістің негізі болып табылады және маман халық шаруашылығының кез-келген саласында физика ғылымдарының әдістері мен тілін еркін пайдалануға тиіс. Сондықтан арнайы орта мектептің қазіргі кездегі өзгертулерінің басты мәселелерінің бірі- табиги математикалық, жалпы техникалық және арнайы пәндердің жетік меңгерілуі үшін физиканың оқытылуының сапасын, нәтижесін және ғылыми деңгейін айтарлықтай көтеру. Бүгінгі күнде физиканы толық негізде қазіргі кезде ғылым мен техниканың тілі деуге болады. Әрине қандайда бір ғылым тек физикалық емес, сондай- ақ табиги және өзінің арнайы тілімен қолданылады. Бірақ физика тілінің қолдану деңгейі сол немесе басқа ғылымның дамуының маңызды көрсеткіші. Физика тілін меңгеру мақсатымен оқушылардың оқу ісін ұйымдастырудағы мақсатқа сай ұстанылған жолда ең алдымен жақсы әсермен осы істе мәдениеттің дамуына оқушылардың ой пікірі себеп және қалыптасуы болып қазіргі білімнің және оның күшейтілуіне бағытталған негізді, кейінге қалдыруға болмайтын мәселелердің бірі. Бірақ, өкінішке орай педагогтар оқушылардың жауаптары, сөйлемдері анық және физика терминология тұрғысынан қарағанда мінсіз болуы әр қашан қадағаланбайды. ....
Философия – ғылым. Ол ғылым ұлттық шеңберде немесе белгілі бір ағым аясында тұйықталып қалмайды. Ол қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің, рухани мәдениеттің ажырымас бөлігі. Әрине, оған әр халықтың өзіндік (біреудің көп, біреудің аз) үлесі бар. Әрбір ұлттың өзіндік не физикасы, не химиясы, не басқа ғылымдары болмайтыны сияқты өз алдына оқшау философиясы да жоқ. Философия, менің ойымша, толып жатқан өзендерден нәр алған, тамшылардан құралған үлкен терең ой теңізі. Өзендердің бұлақтардан құралғанындай, философия да әрбір халықтың ой тұжырымдарын, дүниетанымын, қоғамдық көзқарасын бойына сіңірген әрбір ұлттың тарихи және қоғамдық ой-сана даму деңгейінің көрсеткіші. Өйткені, бұл абстрактылы оймен ғылыми өрнек құратын қиын, шым-шытырық құбылыстардың жүйесін табатын, белгілі талдау жасай алатын, болжам айта білетін ілім. Ең алғашқы дүниетанымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған: mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін ешнәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Әр нәрсенің себебін білгісі келгендер мұндай ұғымдарға қанағаттанбады, көңілі толмады. Олар әр нәрсенің түбіріне үңіліп, сол туралы әр қилы пікір айтты. Ондайларды философ деп атады. Бұл гректердің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philio – сүйемін, sophia – даналық, екеуі қосылып «философия» деген сөзді туғызды). Арабтар бұл сөзді тіліне жеңілдетіп «фәлсафа» деп атаған. Философия – адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Адам баласының ой-өрісі кеңіген сайын философия да тереңдей түсті. Философия - өз алдына ғылым. Ол, ең алдымен, дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді оның басты салалары: табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Бұның барлығы бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асты. Орта ғасырлар және қайта өрлеу кезеңдерінің философиясына тоқталсақ.. ....