8 қыркүйекте Қазақстанда тұңғыш рет Отбасы күнi аталып өтедi. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар орталығының ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев мәлiм еттi.
Тәжік елінде әйгілі "Сұлтан Сүлеймен" атты түрік сериалын көрсетуге тыйым салынды. Оған себеп, фильмде зорлық-зомбылықты насихаттайтын эпизодтардың кездесуі деп хабарлайды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау қорының жетекшілері «Оңтүстік» баспасөз клубында жергілікті зиялылармен кездесу өткізді. «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» аталған кездесудің негізгі түйіні – қазақстандық біртұтастық идеясын талқылау және қоғамдағы өзекті мәселелерді ортаға салу. Кездесуде Әбілда Аймақ, Бақытжан Алдияр, Нармахан Бегалыұлы, Сәбит Жолдасов, Сағынғали Әбубәкіров сынды өңірдің бірқатар зиялы қауым өкілдері сүбелі әңгіме өрбітті.
Жетінші қыркүйекте оңтүстік астанада "Алматым – іңкәрім менің" музыкалық ретро фестивалі өтеді. Кеште өнер көрсеткелі жатқан әнші Қайрат Нұртас Юрий Шатуновтың "Седая ночь" әнін шырқайтынын айтты.
Зейнетақы қорлары бір қолға шоғырланса, салымшылардың жиған-терген ақшасының біраз бөлігі жоғалып кетуі мүмкін. Еліміздің Зейнетақы қорлары қауымдастығының басшысы Айдар Әлібаев осыған алаңдаулы.