Ұлы Жеңіс - ұлы жетістікке жетелейді

Жеңіс күні- аға ұрпақтың ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Ұлы Отан соғысы аяқталып,Жеңістің туы желбірегеніне биыл 71 жыл! Жеңіс күні-бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке біз үшін де ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің әрбіріміз үшін ұмытылмастай ізін қалдырды. Бүгінде Ұлы Жеңісті алып берген аға буынның алдында әр уақытта қарыздармыз.Ұлан-байтақ даланы найзаның ұшы,білектің күшімен қорғаған аталарымыздың игі дәстүрін бүгінгі ұрпақ лайықты жалғастырып келеді. 1945 жылдың 9 мамыр күні өтсе де,жұртшылық жадында халықтың ерлігі мен даңқының мызғымас символы болып келеді. Тарихқа Ұлы Жеңіс болып енген айтулы күнді жақындатуда майданда да,тылда да жанқиярлықпен күрескен аға буын ерлігі ешқашан да ұмытылмайды. Өйкені, олар алып берген Жеңіс бүгінде бізді небір жетістіктерге жігерлендіріп,жанымызға қуат беруде,қиындықтарды жеңіп,алға ұмтылуымызға көмектеседі.
Осы соғыста қаншама адам қаза тауып,қаншама адам мүгедек атанды. Қаншама ана жесір,балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңіске ерен ерлігімен көзге түсіп,ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымызда көп. Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырларымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз. Біздің парызымыз сол алапат сұрапыл соғыстағы Жеңістің қалай келгендігін ұғыну,қаза тапқандарды қадір тұтып,арамызда жүрген ардагерлерге құрмет көрсету. Олар қан майданда ерлік танытып,елді жаудан қорғады. ......
Шығармалар
Толық

Отты жылдардан естелік

Биыл Ұлы Отан соғысының басталғанына 71 жыл толып отыр.Осыдан 71 жыл бұрын фашистік германия КСРО еліне шабуыл жасады.Осы соғыс жолында қаншама қазақ азаматы елі,жері үшін барын салды.Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдары болған.Бұл кез ешбір адамның есінен кетпейтіні анық. Соғыс басталысымен Қазақстан алғашқы күндерден бастап бір жұдырықтай жұмылды.Осынау жер-ананы шарпыған соғыс жылдарында елі мен жерін,ұрпағының болашағын қорғаған.Бейбіт өмірді тарту еткен қан майданда от кешкен ер жүрек жауынгерлер бүгінгі ақсақалды ардагерлер мен ақ жаулықты аналар.Олар әрқашанда құрметке лайық.Сондықтан оларға деген алғыс еш толастамасы анық.Сол кездерде қазақ ұлдарының жеңіске қосқан үлесі зор.Халқымыз осының бәріне ерекше төзімділік пен шыдамдылық танытты.Ұлы Отан соғысы жылдарында бірнеше Қазақстандық аталарымыз Кеңес Одағының батыры атағын алды.Олар өз Отанын қасық қаны қалғанша қорғады.Осы бейбіт күнді ата әжелеріміз бес жыл бойы минуттап, сағаттап күтті.Осы қиын кездерден бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылған жоқ.Сол кездегі халқымыздың ер жүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін тарихта мәңгі қалатын күн.Біз Ұлы Отан соғысында жеңіске ештеңеге тең келмейтін ғажап күшпен жеттік.Ол күш әрине бірліктің арқасында қаншама халық бір тудың астында бірігіп күштерін бір арнаға салды. Қаншама аналар боздақтарын айырылып ,қаншама бала жетім өсті. .....
Шығармалар
Толық

Жеңіс туы желбірейді мәңгілік!

Шерлі жылдардың шежіресінен сыр шерткен,
Шыққан жоқ әлі ызғарлы жылдар өрті естен.
Ұмытылмайды ерлердің ісі мәңгілік,
Ұлы Жеңісті тойлайды елім құрметпен
Адамзат баласының осы дәуірге дейін өмір сүріп келген күндерінің ішіндегі ең қатыгезі, ең сұрапылы екінші дүниежүзілік майдан-Ұлы Отан соғысы екені бәрімізге мәлім. Тыныш жатқан елге тажалдай тап беріп, төтесінен төнген сұрапыл соғыс сонау мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы басталып еді. Ал сол сұрапыл соғысқа елін сүйген батыр қаһармандар еш қорқынышсыз аттанып кете барды. Олардың соңынын аңырап ата-ана, есінен танып жары, ботадай боздап балалары қайғының қара бұлтына оранып қала берді.
Ұлы Отан соғысына 35 миллиондай адам қатысып, 20 миллионнан астамы сол соғыста ерлікпен мерт болды. Сұрапыл соғыста қазақтың мәрт ұлдары мен қыздары ерекше ерлік көрсетті. Отқа оранған соғысқа кезінде қан майданға өздері сұранып барған қос батыр қыз - Әлия мен Мәншүк , теңдесі жоқ ерлік бейнесі болған қаһарман қолбасшы Бауыржан Момышұлы , батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсете білген Сұлтан Баймағанбетов пен Төлеген Тоқтаров сынды рухты тұлғалардың ерлік істерін ешқашан естен шығаруға болмайды.
Қан құйлы соғысқа ер-азаматтармен қоса , көптеген қыздар да қатысып, асқан ерліктерімен мейірімсіз жаудың бетін қайтарып, жер жастандырды. Зеңбірек оқтаушы Алтын Уәлиева, 300-ден аса аспанға көтеріліп, көк жүзінен жауына қырғиша шүйліккен Хиуаз Доспанова, Польша жерінде ерлікпен қаза тапқан лейтенант, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған Алтыншаш Нұрғожинова, барлаушы Рахила Ералина сынды қазақ қыздарының ұлы ерліктері туған халқының жүрегінен мәңгілік орын тепкені тарихи шындық.
Соғыс жылдары отанын қорғау үшін ерлік пен қаһармандықтың өшпес бейнесін көрсеткен қазақ батырларының ерлігі ешқашан да ұмытылмақ емес. Ұлылардың ерлігі келешек ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Бұл қаһарлы күндер тарихта «шерлі жылдар шежіресі» атылып қала беретін болады. ......
Шығармалар
Толық

Жалмады талай арысты

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 75жыл өтті. Сол кездегі қазақ халқының төзімділіктері мен ержүректілігің көрсететін,тарихта мәңгі қалатын күн. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды.Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы отаны мен өз жері үшін , келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды шайқаста қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік көрсеткен қайсар жауынгерлеріміздің біріБауыржан Момышұлы еді.« Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам–опасыз, оңбаған адам», - деп Бауыржан Момышұлы айтқандай ,Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өзінің келешек ұрпақтарының өз халқының намысын қорғаны,халқын шын сүйетіндігіннің дәлелі болса керек.Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін оятады. «Ерсiз ел болмайды, елсiз ер болмайды»,- дейдi батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы. Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс. Осы ержүрек бабалар қатарында Бауыржанның еңбегi ерекше. «Отан үшiн отқа түс, күймейсiң» деп ұран тастаған батыр атамыз, келер ұрпақтың болашағы үшiн өз басын өлiмге байлап, ажалмен алысып, жеңiс туын тiктi. Бауыржан ата бiр естелiгiнде: «Мен – өзге ұлттарды құрметтеушi, өз ұлтын сүюшi адаммын»,- дейдi. Батырдың әр қазақтың жүрегiнде сақталуының себебi де, ұлтын сүйгендiгiнен шығар. .....
Шығармалар
Толық

Біздің көше батыры

Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарлы зұлмат - екінші дүниежүзілік соғыс туралы шығарма жазуды бастағанымда, бұл тақырыпты он бетке болсын, жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Себебі, соғыс-уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап. Бұл тақырыпты шын мәнінде ашу үшін сол сұрапыл соғысты өз көзімен көрген адаммен сұхбаттасқанды жөн көрдім. Жеңіс үшін өмірін, жастық шағын қиған, тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып, су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміз жылданжылға, күннен-күнге азаюда, олардың тірі қалғандары, арамызда жүріп Жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен санарлықтай. Сондай ержүрек батырлардың бірі - менің жерлесім, Құлсары қаласының тұрғыны Әбдірахман Елубаев.
- Сәлеметсіз бе, ата! Маған сіздей ұлы адаммен кездескен, сіздей батырды көзбен көрген үлкен қуаныш! Менің сіз туралы, соғыс туралы барлығын білгім келсе де, сіздің мазаңызды ала бермей, сұрақтарымды нақты, қысқа қоюға тырысамын. Ата, сіз соғысқа қалай шақырылдыңыз,қандай жерлерде ұрыстыңыз?
- Сәлеметсің бе, айналайын, ниетіңе рахмет! Мен өзім жас болмасам да, сол кездер есімде жақсы сақталған. 1944 жылдың қараша айында ауданнан әскерге 96 адам алындық.......
Шығармалар
Толық

Оққа төселген от кеуде

Бастауын тым әріден, ата-бабаның арманынан, олардың қанмен тасқа қашап жазып кеткен тереңде жатқан тарихынан алатын Мәңгілік Ел идеясы бүгінгі ұрпағынан қажырлы еңбекті, ешқашан таусылмайтын жігерлі де жасампаз патриоттық сезімді қажет ететіндігін Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басты бағдар тұтар ұран етуі тегіннен тегін емес. Бұл біздің мемлекетіміздің , Отанды шексіз сүюдің суалмас тамыры, жалпыұлтты біріктіруші күші, қуатының қайнар көзі. Бұл жолда біз халқымыздың «Ескерген ескісін сақтайды, Ел болған естісін сақтайды», «Ердің баласы – елдің панасы» деген даналықтарының астарына үңіле түсіп, емеуріннен ерліктің қасиетін ұғынамыз.
Ежелден батырлар мен дауылпаз ақындардың , билердің мекені танылған көне Дендердің қасиетті топырағында дүниеге келіп, сонау бір дүниежүзілік соғыстың ортасында алапат ерлікпен қаза тапқан батыр – Боран Нысанбаев еді. Күні кешегідей ғана, жер дүниені дүркіретіп кеткен,біраз жылдармен жылжып өткен, өткен ғасырдың ең елеулі оқиғасына айналған Ұлы Отан соғысы бүгінгі ұрпақтың есінен кетуі тиіс емес. Қашанда Ұлы Отан соғысы болса, сол батырлармен қатар өз халқымыздың мақтанышы, жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағын алған Боран Нысанбаев ең алдымен еске түседі, оған деген құрмет сезімі жүрек иітеді, көңілді баурайды, ерлікке үндейді.
Боран Нысанбаев 1918 жылы Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай округіне қарасты Қаңбақты елді мекенінде кедей шаруаның жанұясында туған. ......
Шығармалар
Толық

Сен құрметте оны!

Отан үшін отқа түс- күймейсің.
Сен құрметте оны!
Түсіндін, бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Кеше елге қатер төнгенде
Ол жауға қарсы шапты,
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты,
Өлім соққысын өз үлесіне алды.
Денесін оқ пәршелесе де
Ел намысын қорғап қалды.... - деп, жерлес ақын жазушы Ә. Сәрсенбаев атамыз сонау сұрапыл соғыс жылдарынан аман оралған соғыс ардагерлерін құрметтеуге өз өлең жолдарында жырлаған болатын. Себебі жерлес Әбу атамыздың өзіде сол 1942-1947 жылдары Кеңес Әскері қатарында қызмет етіп, Ұлы Отан соғысына қатысқан аталардың бірі еді. Әбу атамыздың осы өлең жолдарын оқи отырып, мен де өз атамның әкесі менің атамды көз алдыма елесте аламын......
Шығармалар
Толық

Жеңіс жаңғырығы

Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі Рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққанжауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз, Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды.
Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ, кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз. Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігін ұастерлеу– кейінгі буынның азаматтық парызы. Соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. .....
Шығармалар
Толық

Өлкеміздің Ұлы Жеңісті жақындатуға қосқан үлесі

Туған жер! Бұл осы өңірде туып-өскен ұрпақтың мәңгі есінде қалар сурет екені даусыз. Туған жердің жұпар ауасы кеудеңді керіп, алыс кетсең сағындырады. Туған жерін сүймейтін тіршілік иесі жоқ. Біздің өлкенің жерін сүймейтін тіршілік иесі жоқ. Біздің өлкенің жері бай, тарихы терең. Сол тарихта Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев (Новобогат, Қамысқала) ауылының алатын орны ерекше. Оның өткеніне көз жіберіп, арғы шежіреге үңілсек, қалың қыпшақ даласы болған, кейін Ноғай ордасы құрамына кірген қалмақтар жайлап, олар Қытайға көшкенде, отыз жылдай жүгірген аң мен ұшқан құстан өзге жан иесі мекендемеген бос жатқан өңір ойға оралады. Еділ мен Жайық аралығындағы осынау кең далаға қоныстануға 1801 жылы орыс патшасынан рұқсат алған Бөкей сұлтан бес мың шаңырақпен көшіп, Жайық өзенінен өтіп, ат басын осы Қазіргі Хамит Ерғалиев ,бұрынғы Новобогат жеріне тіреген Новобогат ауданы еңбекшілерінің ұйымшылдығы мен тамаша патриоттық бастамалары ел басына қатер төнген Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше көрінді. Фашист басқыншыларының айуандық, жауыздық әрекеттеріне ыза болған новобогаттықтар алғашқы күндері-ақ митингілер-жиналыстар өткізіп, берік топтасып, Отанымыздың күш-қуаты мен қорғаныс қабілетін нығайту үшін жан аямай еңбек ететіндіктерін білдірді.
1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысы бүкіл елдегі сияқты Новобогат ауданында да қауырт жағдай туғызды. Ер-азаматтар әскери комисариаттың алдында лек-лек болып майданға аттанып жатты.......
Шығармалар
Толық

Ұрпақтарға бейбіт өмір сыйлаған батыр

Иә, биылғы жылы талай ұл-қызды әкесіз талай ата-ананы баласыз қалдырып, етігімен су кешкен зұлмат соғыстың аяқталғанына 71жыл. Қаншама ержүрек батыр ата-әжелеріміз басын қаперге тігіп, ұрпақтарға бейбіт өмір сыйлайды. Ал, ол ел үшін кеудесін оққа тосып, ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ізгілікті ісінің арқасы. Демек, Ұлы Отан соғысына қатысушы майдангерлер ерлігін бүгінгі және кейінгі ұрпаққа насихаттап, оларды өнеге тұту парыз.Ерлік мәңгі ескірмейтін, ұрпақтар жанында сақталатын қасиетті іс. Осы ерлік көрсеткен батырлардың бірі –жерлесіміз «Даңқ» Орденінің толық иегері Ш.Т.Еркіновте бар.
Ол 1924жылы Ойыл ауылдық кеңесінде Даулетиман елді мекенінде дүниеге келіп,Батыс Қазақстан облысы ,Қаратөбе айданы, Саралжын ауылындағы бастауыш мектептен дәріс аладыда Миялыдағы Орлыкөл мектебінде білімін жалғастырып , үздік бағамен бітіреді.1942жылдың 18 тамызында Ақтөбе облысы, Қобда аудандық әскери дайындық тан өтіп,1943 жылдың шілде айынан бастап,ұрыстың қызған жері Батыс майданының құрамында Сталинград шайқасында шыңдалады......
Шығармалар
Толық