Елімен өмірі өзектес

Қан майданнан, сұм ажалдың отынан
Аман келген, Алғыс алған Отаннан.
Жауынгердің бірі болып аттанып,
Біздер үшін Батыр болып оралған.
Ж.Шахидоллақызы
Ауданымызға белгілі үлкен әулеттің Бәйтерегі, бәздің бәріміз үшін қасиетті де қымбат жан – Сіз болдыңыз және сондай болып қала бересіз, Самалық Көке! Сіз біздің әруақытта есіміздесіз, биылғы Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 71 жылдығында Сізді ерекше мақтаныш сезімімен еске алып отырмыз. Халқыны қалаулы, қажет кезде Отан үшін кеудесін оққа тосқан жауынгер, еңбегңмен еліне елеулі, кезінде үлкенге де кішіге де қамқоршы, өз ортасында абыз қарттардың бірі болған абзал Азамат, бауырларыңыз бен ұрпақтарыңызға ұлағатты «Көке» бола білген Сіздің есіміңіз әулет мүшелерінің мәңгілік жадында болуымен қатар, әр жылдарда бірнеше ұжымшарды табысты басқара білген басшы ретінде де аудан тарихынан да өшпейді. Көке! Біз Сіздің ұл – қыздарыңыз және олардан тараған ұрпақ екенімізді мақтан тұтамыз! Сейтқазиев Самалық, 1908 жылы туды........
Шығармалар
Толық

Жеңіс жалауын желбірет

1941 жылы 22 маусым күні таң ата фашистік Германия Совет Одағына тұтқылдан шабуыл жасады. Бейбіт өмір сүріп жатқан ел үшін бұл күтпеген оқиға болды. Соғыс кенеттен басталғандықтан, барлық еразаматтар алғашқы күннен бастап бір кісідей жұмылды. Олардың арасында бозбалалар мен бойжеткендер де болды. Олар өз еріктерімен майдан даласына сұранды.
Тылда да қызу жұмыстар жүріп жатты «Бәрі де майдан үшін , бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранмен аянбай, баладан еңкейген қартқа дейін еңбек етіп , өз үлестерін қосты. Майдан даласындағы жауынгерлерді азықтүлікпен, киіммен , техникамен қамтамасыз етті. Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасты. Ағаапаларымыз қазақтың қанға сіңген қасиеті-қайсарлық, батылдық , отансүйгіштігімен көзге түсті. Кеңес Одағының Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Маметова болды. Қазақтың қайсар қыздары жан аямай, ерлермен қатар соғысты.Жеңістің жалауын желбіретіп Рейхстагқа ту тіккендердің бірі- Рақымжан Қошқарбаев. Ал екі мәрте Кеңес Одағы батыры Талгат Бигелдинов - біздің мақтанышымыз. Жаудың тылында , партизандардың қатарында қазақстандықтар да шайқасты. Солардың бірі партизан, әрі жазушы Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін, табандылығын білмейтін қазақ жоқ шығар.Елдік пен ерлікті паш еткен қазақстандық батыр аға-апаларымыздың ерлігі - біз үшін әрі үлгі, әрі мақтаныш.......
Шығармалар
Толық

Мәңгілік рух өшпес даңқ

Жеңіс!
Бағаң сенің қымбат еді не деген!
Ерлік бар ма ел бағасын білмеген?
Ол- батыры, қаһарманы халықтың,
Ерлігіне лайық бағаланса демек ем!
А.Бақтыгерей
1941 жыл 22 маусым. Таңғы сағат төрт. Отыз тоғыздың тамызында шабуыл жасаспау туралы келісімді бұзған фашистік Германия соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Бір-ақ күнде бейбіт өмірдің астан-кестеңі шықты. Бар тірліктің шырқы бұзылып, сол кездегі Кеңес Одағының азаматтары қолдарына қару алып майданға аттанды.
Әлем тарихына қанды әріптермен жазылған екінші дүниежүзілік соғысқа жаһан халқының сексен пайызы қатысты. Соғыс өрті қырық мемлекеттің жерін шарпыса, жүз он миллион адам соғысқа қатысты. Қазақстаннан майданға бір миллион екі жүз мыңнан аса әскер алынды. Ұлы Отан соғысы ежелден даңқы шыққан қазақ халқының қаһармандығын күллі әлемге кеңінен паш етті. Сұрапыл соғыста Бауыржан Момышұлындай даңқты қолбасшы, Талғат Бигелдиновтей қыран ұшқыш, Нұркен Әбдіров, Төлеген Тоқтаровтай ержүрек жауынгерлер, Әлия мен Мәншүктей батыр қыздар жауға намысын бермеген ер халықтың даңқын асырды. Ел басына күн туған осынау қиын-қыстау жылдары қырық екі мыңнан астам атыраулық жауынгерлеріміз де бейбіт те, бақытты болашақ үшін күресті. Бұл соғысқа біздің Мұқыр ауылынан да жүз жиырмадай азамат қатысыпты.......
Шығармалар
Толық

Бабалардың өз ерлігі ұрпақ санасынан еш уақытта өшпек емес

Тайынба, жолдас жауынгер,
Ел тағдыры қолыңда!
Тайынбасаң оқ пен от
Бөгет болмас жолыңда! – Жұбан Молдағалиевтың рухты өлең жолдарын тілге иек ете отырып, жарқын болашақ көзімен майдангер-баба ерлігіне алғыс! Егемендік пен еркіндіктің, тәуелсіздік пен бейбітшіліктің тәтті дәмін тату Алланың берген ең асқақ сыйы. Осынша құдіретті атауды абыроймен көтеру үшін бабам не көрмеді десеңші?! Сонау ХV ғасырдағы тарих беттеріне сапар шегер болсақ, қуғын-сүргін де, аштық пен тоқырау да, сұм соғыс та қазақ бастан кешірген қасірет.
Осындай сұрапыл боран секілді, барша адамзат баласын шарпыған «Ұлы Отан соғысы» да қазақ халқының азалы тағдырына жазылды. Алапат соғыстың ащы дәмін татқан баба қасіретін сөзбен айтып жеткізу емес. Жанқиярлықпен күрескен жаужүрек батырлар ерлігі азаттық туын тіктірді. Ерлік пен батырлық – бұл ата-баба қаны мен тердің арқасында азаттық пен егемендіктің таңын атырған асыл адами қасиет. Бұл ұғым әрбір Отан қорғаған ұлы баба есіміне теңеу секілді. Осынау сұм оғыс 1,5 миллионнан аса қазақ жауынгерінің өмірін қиып түсірді. Қаншама ана жарсыз, қаншама бала әкесіз, қаншама боздақтарымыз қыршыннан кетті. Осынша қасіретті күрең күздің соңынан, көктем шуағын шашатыны айқын еді. Қуаныш жасы мен қайғы жасы қатар ағатын айтулы мерекені, міне тағы да тойламақпыз. Өкініш пен қасіретке толы сол сәттерді енді есімізге алғымыз келмесе де, ағаапаларымыздың жанқияр ерлігі еріксіз еске алдырады. Биыл 2016-шы жыл. Қасіреті мол қилы заман шеруінің артта қалғанына 71 жыл толып отыр. Қаһарлы соғыс жылдары ұлт еңсесін есеңгіретсе де, бүгінгі күні жаңа жеңістерге, жаңа толағай табыстарға жетуге жігерлендіреді.......
Шығармалар
Толық

Ардагерлердің ерлігі көңілден кетпес

Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
Жүздерінде жанған от жарқылы бар.
«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,
Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.
М. Әміреұлы
Соғыс жаңғырығы жылдан - жылға алыстап барады. Ол туралы кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс -Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан- Анасын қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қаншама шығарма жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да, оның тарихына еш уақытта нүкте қою мүмкін емес.
Үстімде сұр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін,
Ұмытса да достарым,
Ұмытар ма мені елім, – деп ақын ата Қасым Аманжолов жырлағандай, елі үшін қасық қаны қалғанша арпалысқан ер мінезді ерлердің ерлігін халқымыз ұмытпақ емес, ұмытпайды да. .......
Шығармалар
Толық

Нағашы атамның естелігі

Ата мен әжемнің ойлы әңгімелерін ұйып тыңдап, санаға тоқығанға не жетсін?! Нағашы атам Қазиев Оржанның да кеудесі сыр сандыққа толы.Ол үнемі бізді әңгімеге тартады.Солардың бірін паш етейін.
Ұлы Отан соғысы басталғанда мен бес жастағы бала едім.Бір күні біздің ауылдың ортасына көп атты кісілер жиналды.Ауылдың бар адамы жиналып шулап, жылап жатыр. Тіпті, үлкен шалдарға дейін кемсеңдеп,әлдебір ағалармен қимастықпен қоштасып, «қарақтарым,жортқанда жолдарың болсын, Қыдыр баба қолдап жүрсін» деп бата қылып шығарып салып жатыр екен.Мезгіл желтоқсан айының іші болса керек.Жерде қар бар. Көк атты жортып,ауылдан ұзай берді.Бір кезде менің ағам Қазиев Серғазы астында өзіміздің жүйрік жирен бие,қайырылып шауып келіп мені ат үстіне көтеріп алып, сүйіп-сүйіп: «аман бол,әлі ертең сен жігіт боласың»деп маңдайымнан иіскеп,қайта жерге түсіріп манағылардың артынан шауып кетті.Ауыл адамдары кетіп бара жатқандарды көз ұшына шығарып салмай,үйлеріне қайтар емес.Мен де тосын жайға таңырқап, есік алдындағы күлдің үстіне жалаңаяқ шығып тұрғанмын.Соны байқаған ағайым мені қимай, аяп оралған беті екен.Әлі есімде.«Мына ит тоңып қалды ғой» деді.Бұл мен көрген бір көрініс.Ол кезде біздің ауыл №17ауыл совет деп аталады.Үш кішкентай Социнал, Коммуна, Чапай атты колхоздардың басын құрайды.Орталығы біздің ауыл-Коммуна колхозы.Ол кезде біздің ауыл Мақат ауданына қарайды.Әскери комиссариат Доссорда. Жаңағы кеткендер сол жерден аттарын қайтарып өздері майданға аттанбақ. Кейін есейгенде естігенімдей бұл кеткендер шамасы 25 адам болса керек......
Шығармалар
Толық

Бабалар ерлігі туралы үзік ой

Түні бойы мені ауыр зіл басып, көз ілмедім. Таң атқасын күшімді жинап, тысқа шықтым... Арайлап атқан таң. Әсем дала. Күлімдеген күн. Оң жағыма қарасам балалық шақтың қызығына түскен балалар. Сол жағыма қарасам, күйбең тіршілікпен айналысып жүрген адамдар. Аспанға қарасам қалықтап ұшқан құстар. Бәрі тамаша. Осының бәрі өмірге мән беріп тұрғандай. «Туған жердің ауасы да шипа» демекші, терең тыныс алдым да, осындай бейбіт елде өмір сүріп жатырғаныма шүкіршілік еттім! Шүкіршілік еттім де өзімді билеген белгісіз сезімді ақ қағазға түсіруге асықтым. Ойлап отырсам, бізге осы тыныштықты сыйлаған ата-бабаларымыз, аға-әпкелеріміз! Азаттық жолында өз жауларымен арыстандай алысып, жолбарыстай жұлысқан батырлардың ерлігінің арқасында ғана қазір бейбіт өмір сүрудеміз. Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді. Басқа емес, бір ғана Ұлы Отан соғысын айтсақ та жеткілікті. Міне, бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысындағы жеңіске жетпіс бір жыл толып отыр.
Соғыс оты тұтанған сол бір замандағы Ұлы Жеңіс еліміздің тарихында алтын әріптермен қалатыны хақ. Ел басына күн туып, шаңырақ шағылған сол сәттерде "Отан үшін отқа түс, күймейсің" дегенді жадына тоқыған атабабаларымыз атқа қонып, жаумен аянбай күресті. «Ел бостандығы, халық бақыты, ұлттық арман ешқашан арзанға түскен емес». Олар Отан үшін өмірлерін қиюға дайын еді. «Тағдыр мені адамзаттың жан түршігерлік қайғы қасіретінің куәгері болуға жазса да, ақ қағаздың бетіне болат қаламсаптың ұшымен қисынды сөзді маржандай етіп тізе алатындай өнерім болмаса да, жай себеппен, менің қолым жауға сілтер қылыштың сабын ұстауға, пистолеттің шүріппесі мен жауынгердің атының тізгінін ұстауға үйренген қолыма-қаламсап та, уставтың өктем бұйрығына үйреніп қалған тілім де ырық берер емес, бірақ та сарандардың санатында қалмас үшін, өлгендердің рухы, зардап шеккен, адал солдаттарымның алдында – үн-түнсіз қалмауға, бастан кешкендерді тілсіз қағаз бетіне түсіруді өзіме парыз санаймын, өйткені ол: «ерлік елеусіз қалмасын, олжа – елге, атақ – ерге сауға» деген әділеттілік қағидасын еске салатын, шындық оқиға куәгерінің тілі болсын.» ......
Шығармалар
Толық

Ұлы Жеңіс - ұлылардың ұраны!

Алтын анам,Отаным! сенен аяр жаным жоқ, сенен үркер күшім жоқ, -деп ер қайратыңа мін дағы өрге бас!
М.Әуезов
Ұлы Жеңіс! Биылғы жыл осынау аталған ұлы мерекеге 71 жыл толмақ. Қасіретті қайғының өткеніне, «елім» деген батырлардың жалынды жеңіске жеткеніне, талай адамзат өкілінің естен кетпес езгінің зардабын,оларды қайыспай жеңген талай ардағын ұлықтап жырлағанына 71 жыл толмақшы.. Өткен күндер елесі әлі де халық жадында мәңгіге сақталыпты. Бүкіл жер шарының жарты әлеміне өзінің суық ызғарлы лебімен тоңдыра енген соғыстың ең алғашқы күндері -1941 жылдар қасіреті еді... Халықтар бейбітшілікті сүйетін. Себебі, соғыс деген аты суық қаралы хабар баласынан ананы,әкесінен баланы аяусыз айыратын зұлматтың хабаршысы. Иә, әке құшағындағы бақытты бүлдіршіндер «асқар тауынан» адасты, көктемдей құлпырған жас өскінінен қол үзіп ана жүрек қала берді. Дәл сол кезеңде тек қазақ халқының емес, өзге ұлттар мен ұлыстардың туған өлкесіне деген сүйіспеншілігі, Отан - Ана алдындағы парыздары сыналды.Ел аузында қазақ жауынгерінің болмысын: « Арыстанның белгісі- артына қарап ақырмайды, нар түйенің белгісі- қабырғасын сөксе де бақырмайды, нағыз туған асыл ер, қанша қасірет шексе де, қайғыланып «аһ» ұрмайды»- деп шеберлікпен суреттейді. Елдің дәулеті мен сәулеті бола білген нағыз ерлер,осы сұмдыққа толы соғыс жылдарында да қақ жүректі қарс айырар оқ жалмаса да қарсы тұрды. .......
Шығармалар
Толық

Қазақтың есінен еш кетпес

Қазақстан. Бұл мен туып, өсіп келе жатырған мемлекет. Иә, мен көзімді ашқалы осы елдің топырағына аунап, ауасын жұтып келемін. Қазіргі заманда басқа елдермен терезесі тең тұрған, қарқынды дамып келе жатырған мемлекет. Бірақ, қазір осыншама жетістікке жеткен ел бұрын қандай еді...
Иә, осыдан тұп-тура 550 жыл бұрын «Қазақ хандығы» құрылған болатын. Міне, сол сәттен бастап-ақ қазақ деген елдің қилы тағдыры басталған болатын. Қазақ өзінің егемендігі, еркіндігі жолында не көрмеді десеңші?! Тарихқа көз жүгіртсек қазақ қазақ болып қалыптасқалы талай сыннан өткенін байқаймыз. Яғни, сонау 18 ғасырдан бастап-ақ қазақтың басынан қара бұлт үйірілмеген екен. Сұм жоңғарлардан бастап, қанды көз фашисттерге дейін еліміздің байлығына, кеңдігіне қызығып өз қол астына өткізгісі келген болатын. Бұдан бөлек, қазақтың есінен кетпестей өзінің ізін салған Ұлы Отан соғысы...
Соғыс... Ол ешкімге аяушылық танытпайтын айдаһар іспеттес. Жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға өзінің ыстық жалынын шашып, бар жақсыны жалмаған болатын. Бұл соғыстың елге әкелген қасіреті шексіз еді. 22 маусымның таңы ешкімге қуаныш әкелмеген еді. Себебі, дәл осы күні барлық радиолардан фашисттік Германияның Кеңес одағына соғыс ашқанын хабарлап жатқан болатын. Кенеттен басталған бұл соғыс бүкіл елді абдыратып тастаған еді. Бірақ, соған қарамастан қазақ азаматтары елін-жерін қорғап қалу үшін, ертеңгі ұрпақтың күліп атар таңы үшін майдан даласына аттанған еді......
Шығармалар
Толық

Отты жылдар жадымызда

Өлген жоқсың,қатардасың,
Солдатсың сен, азамат!
Бүкіл әлем замандасың
Қадірлейтін адамзат.
Қ.Көпішев
Ашық аспан, бейбіт өмір. Бүгінгі ұрпақ, яғни біздер, қазіргі таңда Қазақстанда алаңсыз өмір сүрудеміз. Бізге мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын соғыста қолына қару алып,қасық қаны қалғанша соғысқан аға ұрпақ сыйлады. Бейбіт жатқан елге тұтқиылдан шабуыл жасаған Германия Гитлердің «Барбаросса» жоспарын жүзеге асырмақ болды. 1940 жылы 18 желтоқсанда Гитлер «Барбаросса» жоспарына қол қойды. Бұл жоспар бойынша Гитлер Кеңестер одағына қарсы «Қауырт соғыс» ашып, 8-10 апта ішінде аяқталуға тиіс деп жоспарлады. Сөйтіп 1941 жылдың 22маусымында таңға жуық фашисті әскерлері КСРО аумағына соғыс жарияламастан баса-көктеп кірді. Германияның шабуылы Кеңес Одағына өте ауыр тиді. 1941 жылдың күзінде неміс әскерлері Балтық жағалауын, Молдавияны, Украинаны,Белоруссияны басып алып,Ленинградты қоршады. Мәскеуге жақындады. Ленинград үшін болған шайқаста халық ақыны Ж.Жабаев жауынгерлерге «Ленинградтық өренім» атты өлеңін арнады. ......
Шығармалар
Толық