Өмір мен өлім айқасы
Арпалысып жүріп алған абырой - өмірдің ең шырын рақаты.
Б. Момышұлы
Арпалыс. 1941 жылы бастау алған сұрапыл соғыс, шынында да, ұлы арпалыспен өткен еді. Бірақ, ол кезде соғыста жанын қиғандардың ешбірі абырой үшін, атақ үшін жан қиған жоқ, керісінше «Отан үшін», «ел үшін» деп, қарша бораған оққа көкірегін тосып, өлсе де оған өкінбей, Отан үшін өмірін қиып тұрып алған абыройын өмірдің ең шырын рақаты деп білді.
Қазақтың аты аңызға айналған ғазиз ұлдарының бірі – Бауыржан Момышұлы тағы бірде:
Ежелден ер тілегі – ел тілегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі, – дейді.
Соғыс жылдарында ерлік көрсеткен азаматтарымыздың ел тілегін тілеген, елге тірек бола білген, адал ұл болғанына ешкім күмән келтірмес.
Біздің елдің өзінен ғана жиырма миллион адам қаза тапқан Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да жетпіс жыл толып отыр. Бомбалар мен снарядтар қопарып, окоптар айғыздаған жер жарасы жазылғалы қашан. Содан бері жомарт табиғат жер бетіне жетпіс рет жасыл кілемін жайната жауып, жетпіс рет жинап алды. Жеңіс жылы туған баланың өзі жігіт ағасының жасына жетіп, самайын қырау шалды. Сол алапат соғысқа қатысып, от пен оқ өтінде жүріп, солдат етігімен Берлинге жеткендер қазір ат төбеліндей ғана. Қаһармандар қатары селдіреп барады. Емші уақыт талай қаралы көңіл мен жаралы жүрек дертіне дәру болып, қайғы-қасірет ұмытылып бара ма, қалай?.......

Шығармалар