Мен елімнің патриотымын

XXI ғасыр білім мен ғылым, технология заманы екенін барлығы жақсы біледі. Бірақ бар күшімізді білім мен ғылымға салып, тәрбиені елеусіз қалдырсақ, ұтарымыздан ұтыларымыз көп болар. Менің ойымша, бала тәрбиесі әр ата-ана үшін бірінші орында. Отбасы тәрбиесі- бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. "Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз" дегендей, отбасындағы тәрбие арқылы ғана бала елінің нағыз патриоты, елі мен жерін сүйер азаматы болып қалыптасады. Менің пікірім бойынша, баланың болашағына толғанар және ойланар отбасы көп....
Шығармалар
Толық

Баян Нұрмышева (1982жылы)

«Қазақтың ән базарында сыры мен мұңын қатар өріп «өзіне шақ аспанымен» ешкімді кимелемей, ешкімді кейітпей қазақы иба мен инабатын гитара шанағынан шымырлата бейнелей білген замандасымыз жүр. Ибасы қайдан десеңіз, ән-әліппесін дәстүрлі әнмен ашқан еді. Инабаты қайдан десеңіз, Көкшедегі қазақы ауылда туып еді. Осы ән өнерінің қыр-сырын жүрдім-бардым емес, арнайы оқыды. Өзіне кәсіп етті. Шеберлігін шыңдады, өнерпаздық нәсіп болды. Табиғатына сай әндерді дөп басып таңдай білді, тыңдаушысы тамсанды. Енді жан тебіренісін өзінше бейнелеп, әндер шығара бастады, онысы жүректерге жол тапты»,- деп жазыпты біздің бүгінгі кейіпкеріміз туралы әнші Бекболат Тілеухан.
ҮШ ЖАСЫМДА ДОМБЫРАМЕН, БЕС ЖАСЫМДА ГИТАРАМЕН ӘН САЛДЫМ
Парламент Мәжілісі депутатының бұл лебізі оның бір кездегі шәкірті, бүгінде қалың қазақты әнімен қоса гитара сазына бөлеген әнші-сазгер Баян Нұрмышева туралы. Ол 1982 жылы дүниеге келген. Баян қазір ҚР Қорғаныс министрлігі ансамблінің әншісі, осы ансамбльде 9 жылдан бері жұмыс істейтін әнші ақын Күләш Ахметованың сөзіне жазылған өзінің «Жақсылықтың бағасы» атты әніне Жанатбек Бәйтековтің фото-видеостудиясында бейнеклип түсіру жұмыстарымен айналысып жүргенін айтты. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әйелін сынаған күйеу

Бiр кiсi әйелiн тексерiп көрмек болып әйелiне былай деп хат жазып қалдырыпты: "Мен сенен тойындым, жыныма тиiп бiттiң, үйден кеттiм аман бол,"- деп. Хатты тумбочканың үстiне қойып өзi кроваттың астына жасырынып әйелiн күтiптi.Күйеуi өзiнiң бұл iсi баланың ойыны сияқты екенiн түсiнсе де әйелiнiң өзiне деген сезiмiн сынамақшы......
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні

Ашық сабақтың тақырыбы: 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні
Ашық сабақтың мақсаты: Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Ашық сабақ көрнекілігі: Суреттер, ұрандар, жер шарының макеті, қима көгершіндер, гүлдер.
Ашық сабақтар
Толық

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Көктем аруы)

Ақтөбе, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы
Ембі қалалық №3 орта мектеп
Тәрбиеші: Урынбаева Жанар Куандыковна


Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар!
8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар! Ару апайлар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін біздің бақшада дүбірлі той,
Ден қойып, тыңдаңыздар көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын......
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Сусабынды қалай таңдау керек?

Сусабынды қалай таңдайсыз? Сусабынның сапасын қалай анықтауға болады? Әрине, бұл кез-келген қыз-келіншектің көкейінде жүрген көп сұрақтың бірі. Шашыңыз жылтырап, әдемі көріну үшін қандай сусабын керек? Ендеше, anabol.kz кеңесіне құлақ асқайсыз!

Алдымен, шаш теріңіздің типіне көңіл бөлгеніңіз жөн болмақ. Себебі, дұрыс таңдалмаған сусабын шаш терісін құрғатып немесе майландырып жіберуі әбден мүмкін. Мәселен,сіздің теріңіз майлы болып, таңдағаныңыз.....
Кеңестер
Толық