Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың диссоциациясы https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/ehlektrolitterding-eritindileri-zhane-iondyq-tepe-tengdikter/lesson/qyshqyldardyng-negizderding-tuzdardyng-dissocziacziyasyҚышқылдар мен негіздердің Бренстед-Лоури теориясы https://bilimland...
АШЫҚ САБАҚҚош келдіңіздер!Информатика пән мұғалімі:Сарманова Л.СҮй тапсырмасыПрактикалық сабақ:желіде және интернетте жұмыс жасауЭлектрондық пошта туралы түсінік9 сыныпБір-бірімен байланысқан компьютерлер жүйесін суретшілер көзге осылай елестетедіЖелідегі кез келген компьютерден “Мой документы” бума...
Сабақтың тақырыбы: Глобал компьютер желісі. Internet.Сабақтың ұраны:“Біліміді, сауатты адамдар – бұл адамзат дамуының негізгі күші”Н.Ә. НазарбаевСабақтың барысы«Қайталау – білім анасы». Тест тапсырмалары. (5 мин)Жаңа тақырыпты баяндау. Сөзжұмбақ. (3 мин)«Білім шыңы». Практикалық тапсырмал...
Менің курстық жұмысымның тақырыбы ҚР-ғы банктердің банктік тәуекелін басқаруы . Ол үш бөлімнен тұрады . Бірінші бөлім банктік тәуе-кел жайлы . Банктік тәуекел – жоспарланған қаржылық операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болуы , табыс-тардың толығымен алмауы немесе банктің өз ақша – қаражаттарын жо-ғалту мүмкіндігі . Тәуекел әрқашанда адам қызметінің кез келген аясын-да бірге болады . Тіпті барлық банктік операциялар олардың жүргізілу тәуекелдігімен байланысты , банктік қызметті реттеу және қадағалаудың барлық процесінде коммерциялық банктер тәуекелін қарастыру және оны басқару ең қажетті мәселе болып келеді . Сондықтан тәуекелді қалай бас-қарса қауіп аз болады және тәуекелдің түрлеріне , топтарына қарай жік-телуі деген сияқты сұрақтар осы бөлімде қарастырылады . Екінші бөлімге банктің ең негізгі тәуекелдерінің бірі несиелік тәуе-келді мысал ретінде алдым . Барлық тәуекелдердің ішінен несиелік тәуе-келді таңдаған себебім , қазіргі кезде банктен несиені алынуын күнделік-ті кездестірудеміз . Сол себепті тәуекелдің осы түрі маған қызықты бо-лып көрінді . Негізінен несиелік тәуекел деген не? Несиелік тәуекел дегеніміз - бұл қарызгердің несиелік келісімдегі мерзім мен жағдайларға сай кредиторға деген өзінің міндеттемелерін орын-дамаудың ықтималдығы. Үшінші бөлімге шетел мемлекеттерінің тәжірибесіндегі банктік тәуекел-ді алдым .....
Құндылық бөлудің айырықша аумағы ретінде жергілікті бюджет арнайы қоғамдық міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді қаражаттандыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен ұлғайтуының шығыстары, ғылыми – техникалық пен қоғамдық өндірістің салалық және аумақтық құрылымын жетілдіру қаражаттандырылады, ұжымдық шығындар (білім беру, дансаулық сақтау, әлеуметтік сала) қамтамасыз етіледі. Құндылық бөлудің айырықша аумағы ретінде бюджет келесі арнайы белгілермен сипатталады: 1. Бөлулік қарым – қатынастың айырықша экономикалық формасы, яғни мемлекет тарапында жалпы ішкі өнімнің бөлігін жинау және оны қоғамдық мүддені қамтамасыз етуге пайдалануға арналған; 2. Ұлттық экономика салалары, аумақ, экономика секторлары қоғамдық іс - әрекет салалары арасында құндылықты қайта бөлуге арналған; 3. Құндылық бөлудің ерекше бір кезеңін атқарады, яғни жалпы қаржылық қарым – қатынас тауарлық – ақша қарым – қатынаспен тығыз байланысты болса, бұл арада құндылық бөлу тауарлы формадағы ішкі өнім қозғалысымен тікелей байланысты емес және одан белгілі мөлшерде бөлек атқарылады; 4. Бюджеттік бөлу пропорциялары мен формалары әрбір тарихи кезеңде мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық дамуының сұраныстары мен міндеттемелері бойынша анықталады; 5. Бюджеттік бөлу аумағы қаржы жүйесінің басқа да тізбектерімен өзара тығыз байланыста, бірақ олардың арасында бюджеттік бөлу бастапқы жағдайда, себебі ол экономиканың құндылық құрылымы мен экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге әсер етеді. Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік, оның ішінде жергілікті бюджет басқа да бір экономикалық категория сияқты өндірістік қарым – қатынасқа негізделеді және өзіне сай материалдық – құндылық түрі бар, яғни бюджеттік қарым – қатынас материалдық түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры – бюджеттік қорда болады. Бұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Бюджеттік қор – ол мемлекет тарапына, оның жалпымемлекеттік функцияларын орындауға арналған, құндылық бөлу сатыларын өткен, объективтік экономикалық формадағы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қозғалысының белгілі бір бөлігін құрайды. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану – құндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты сол құндылықтың қозғалыс процесін көрсетеді. ....
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы егемендігін алып, басқа да тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылып, терезесін теңестіру, жаңадан аяғына тік тұрып қадам басу, нарықтық экономикаға өту барысында біршама қиыншылықтардан өтуге тура келіп отыр. Бұл қиыншылықтар түрлі салалардан әрі түрлі деңгейде көрініс табуда.
Жалпы экономика саласы, мәдениет саласы, қорғаныс, спорт, денсаулық салалары болсын қазіргі заман талаптарына сай болу үшін біздің зайырлы мемлекетімізден көптеген өзгерістер мен толықтыруларды талап етуде. Мұндай өзгерістер мен толықтыруларға тоқтала кетсек оларға осы салаларды әрдайым тәртіпті де тұрақты дамыту үшін жетілген заңнаманың болуын, басқарушы мемлекеттік органдардың және сонда қызмет етуші мемлекеттік қызметкерлердің, яғни біліктілігі жоғары, халықаралық стандарттарға жауап беретін, бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандардың болуын, т. с. с. жатқызуға болады.
Солардың ішінде төменде қарастырылатын курстық жұмысымның негізгі мәселесі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны туралы болмақ. Мұнда жалпы Министрліктің алға қойылған мақсаттарға жетудегі атқаратын қызметтері, соған сәйкес алатын орны, оның реттейтін салалары және т.б. өзекті мәселелер қарастырылады.
Қаржы саласы мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз етуші бюджет саласындағы жүзеге асырылатын тұлғалар арасындағы қаржылық қатынастарды уақытылы, мерзімді әрі толық жүргізілуін қамтамасыз етуші, қаржыны бөлуші, реттеуші және бақылаушы экономикалық категория болып қарастырылады. Сол себепті осындай маңызды да әрі жауапты функцияларды атқарушы ерекше орган, яғни Қаржы министрлігінің құзыреттілігі, атқаратын міндеттері мен функциялары біршама күрделі.
Бұл жұмыс екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімінде Министрліктің құзыреті, ал келесі бөлімде оның мамандандырылған комитеттерінің құзыреттері қарастырылған.
Мақсатым тақырыбымды жан – жақты қарастырып, соңғы ақпараттарға сүйене отырып, Министрліктің түрлі салалардағы органдар жүйесіндегі орнын анықтау болып табылады. ....
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар бойынша операциялар клиенттердің банктердегі ашқан ағымдық және басқа да шоттарында көрсетіледі. Сонымен, қазіргі кездегі еліміздің екінші деңгейдегі банктерінде шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы “Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы” ҚР заңына және 2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының N 266 бекітілген “Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асады. Осы нұсқаулыққа сай банктерде ашылатын шоттар мынадай түрлерге бөлінеді: ағымдағы, жинақ және корреспонденттік. Жоғарыдағы ережеге сәйкес, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерді шот ашу мынадай құжаттар талап етіледі: I. Резидент-заңды тұлғалар үшін: • Жарғысының көшірмесі (нотариалды куәландырылған); • Статистикалық карточка; • Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі; • СТТН көшірмесі • Филиалдар мен өкілеттік үшін, резидент-заңды тұлғаның олардың басшыларына берілген сенім-хаттың көшірмесі; • Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін ҚР Қаржы министрлігінен рұқсат қағаз; • Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған, 3 дана); • Қол қоюшы тұлғаларға арналған бұйрықтың көшірмесі мен олардың төл құжаттары мен СТТН; • Банктік шот ашу туралы өтініш; • Банктік шот туралы келісім-шарт. ІІ. Бейрезидент-заңды тұлғалар үшін: • Мемлекеттік немесе орыс тілінде дайындалған, Филиал немесе өкілеттік туралы ереженің көшірмесі (нотариалды куәландырылған); • Статистикалық карточка; • Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі; • СТТН көшірмесі; • Филиалдар мен өкілеттік үшін, бейрезидент-заңды тұлғаның олардың басшыларына берілген сенім-хаттың көшірмесі; • Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана; • Жеке куәлігі (көшірмесі); • Банктік шот ашу туралы өтініш; ....