7 саны мен цифры

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: 7 санымен таныстыра отырып, тура және кері санауға үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, математикалық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісіндегі сабақ
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын
Көрнекілігі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлер, шаблон суреттері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Балалар бір - біріне жылу, тілек білдіреді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Кешегі сабақта өткен сандарды еске түсіру.
- Бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Ол үшін біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісін есімізге түсірейік. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

7 саны

Сабақтың мақсаты: Сандар туралы білімдерін қалыптастырып, 7 санымен таныстыру.
Олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, қосу, азайтуды меңгерту.
Ұлттық дәстүрімізді дәріптеу.
Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлері, магнитті тақта, құрастырмалы сандар, санау таяқшалары.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Қуанамын мен де,
қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
арайлап атқан әр күнге.
Балалар бізде қазір математика сабағы.
Математика сабағында біздер қандай сандармен таныстық?
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6
(әр суретті сана және тиісті сандарды шеңбер ішіне жаз). .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

7 саны мен цифры

Сабақтың мақсаты: 7 санының пайда болуы.
Білімділік: 7 санымен таныстыру, құрамын анықтау арқылы 7 санының қатарын ретімен ауызша санауда жаттықтыру. 7күн, 7 шелпек, 7 лақ ұғымдарымен танысу. Көңілді есептер шығару арқылы баланың 7 саны көлемінде білім - біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік: Үй жануарлары, 7 лақ ертегісінің қойылымы, жұмбақ, есеп, санамақ туралы ұғымдарын қалыптастыру, есепке қызығушылығын ояту. Ептілікке, бір - біріне деген достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Баланың танымдық, шығармашылық, сөйлеу іс - әрекеттерін дамыту. Жан - жақты ойлау қабілетімен сұраққа толық жауап беру деңгейін арттыру, қабылдау ниетін дамыту, ойлау үрдісін жетілдіру. Сөздік қорын дамыту.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Ой қозғау, әңгімелеу, логикалық ойын дамыту, сұрақ - жауап, көрсету, сахналау, санау, қайталау, ойын сергіту сәті, бағалау, қорыту.
Қажетті көрнекіліктер: 7 саны таңбалары үй жануарлары, 7 лақ ертегісі бойынша атрибуттар, шарлар. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Математика | Таңғажайып 7 саны

Аннотация
Бұл жоба қазақ халқының бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Әр санның өзіндік қасиеті шариғатқа қатысты, тәрбиелік мәні, саналы орны болған.
Ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фараби бұдан мың жылдан аса уақыт бұрын «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы», - деген қағидасын ұстанамын.
Ал Пифогор болса: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену-сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз иеленетін жоққа шығара алмаспыз.
Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Тіршілік ете бастаған алғашқы кезеңде адам баласы жазу-сызудан бұрын-ақ санауды үйренгені хақ. Сен сандарды жалықтыратын нәрсе деп ойлайсың ба? Тағы да ойланып көр. Адамдар қалай санай бастаған? Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болар. Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманда санаудағы ондық жүйесі осылай туындаған. Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға көмектескен. Сен бірдеңе санау кезінде саусақтарыңды пайдалансаң, ешқашан да жаңылыспайсың. Саусақтарыңа қарап–ақ, сандарды атамастан оларды көз алдыңа елестете аласың. Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз “сан” сөзін пайдаланамыз. Ол “саусақ” деген ұғымды білдіреді. Міне біздің зерттеу тақырыбымызға арқау болып отырған да осы сандар арасындағы 7саны және оның қасиеті......
Ғылыми жобалар
Толық