Айырмашылығы бар ғой

Май айы болатын. Ауа райы әлі де біршама салқын. Алайда, табиғат шіркін бұталар да, ағаштар да, дала да, көгалдар да көктемнің келгенін сездіріп-ақ тұр. Көгалдар гүлдерге толы. Гүлдер қолдан жасалған қоршау ішінде де жайнап кетіпті. Ал оның қасында нағыз көктемнің белгісі гүлге малынған кішкене алма ағашы көз тартады. Әсіресе оның жаңа өркен жайған, жас, қызғылт бүршігі енді қауыз жара бастаған бір бұтағы айрықша әдемі еді. Өзінің көріктілігін ол да білетін. Сұлулықты сезіну қасиеті оның түп-тамырына сіңген болатын. Бұтақ сол себептен де жолға кетіп бара жатқан күйме алма ағашының дәл қасына......
Ертегілер
Толық