Сыбызғы сыры

Ерте заманда Асан деген баланың жеті жасында әкесі өліп, жетім қалыпты. Өздері өте кедей екен. Ішерге асы, киерге киімдері болмаған соң Асанның шешесі Жаңыл, баласын жетелеп жүріп, ел қыдырып күнелтетін болыпты. Күндердің бір күні Жаңыл апа Асанды жетелеп Таһир ханның сарайына келіп, жәрдем сұрап, мұңын айтыпты. Хан жаны ашып, жәрдем берудің орнына Жаңылға қарап былай депті:

– Менің аңға қосатын тазы иттеріме күтуші бол. Иттермен бірге жат, тамағың да солармен бірге болады. Балаң ақсақ-тоқсақ қойларды бақсын. Ерте тұрып, кеш жатасыңдар, тамақты аз ішіп, жұмысты көп істейтін боласыңдар. Қысқасы өзің – күң, балаң – құл болады. Ойымдағыдай жақсы істемесеңдер бастарың......
Ертегілер
Толық

Сұмырай хан

Ертеде бір хан болыпты. Ханның аты Сұмырай екен. Ол: «Елде жоқ зат өзімде бар болса екен, менде бар зат ешбір адамда болмаса екен», – деп ойлапты. Осы мақсатын іс жүзіне асыру үшін Сұмырай хан кімнің жақсы аты, асыл жиһазы, қымбатты мүлкі болса, барлығын да тартып алып, өз қазынасына сала беріпті, сала беріпті. Сонда да көзі тойып, көңілі толмапты. Ол бір күні жалғыз отырып:

— Осы мен мал, жиһаз, қазынаны қанша ала берсем де халықтың малы да, қазына, жиһазы да бір бітпей қойды. Құлақ естіген жердегі жақсы ат, асыл кілем, қыран бүркіт, жүйрік тазы, асыл жиһаздың бәрін де жинап алдым. Енді мұндай асыл қазына тек жалғыз менде ғана шығар деп талай рет ойладым. Бірақ жақсы ат та, асыл зат та бір таусылар емес. Менде бар зат халықта да бар болып шыға келеді. Мен құралайды құрықпен ұстайтын бәйге атын алып қойсам, оның орнына тағы сондай бір қарапайым адам ұшқан құсты құтқармайтын тұлпар өсіріп мінеді.......
Ертегілер
Толық

Ырыс кімде

Ерте заманда Сырлыбек дейтіннің бір бөлек ауылы Қызылқұмңың бір алқабына келіп қонып жатады. Әркім өздерінің баспаналарын тігіп, азды-көпті азықтарын пісірісіп, кешкі астарын даярлайды.

Сырлыбек басшының өз үйі осы топтың дәл орталығында болады екен. Кешкі тамақтарын алдарына ала бергенде, Сырлыбек үйінің сыртынан біреу дауыстап үй иесінің шығып жолығуын сұрайды. Сырлыбек шықса, жалғыз атты жолаушы екен, қонуға рұқсат сұрайды. Үй иесі қарсылық етпейді, қош алады.......
Ертегілер
Толық

Жетімнің ақысы

Өткен замандарда Әбдіхамит деген патшаның уақытында бір адам екінші бір адамнан жер сатып алыпты. Әлгі жер сатып алған адам жерін айдап жатса, айдаған жерінен бір құмыра алтын тауып алыпты.

Жер сатып алған адам жер сатқан адамға барып: «Сенің сатқан жеріңнен бір құмыра қызыл алтын шықты, ол алтын сенің есіңнен шығып кеткен екен, соны барып алып кетерсің», – дейді. Сонда жер сатқан адам айтады: «Мен саған жердің бәрін сатқанмын. Ол менің алтыным болса, енді сенікі», – дейді. Жер алған кісі айтады: «Мен сенің тек жеріңді алғанмын, алтыныңды алмаймын» деп, екеуі Әбдіхамит патшаның алдына келіпті. Сонда патша екеуінен де сұрап, бұл екеуі де алтынды алмаса, жерден шыққан алтынды кім алады деп уәзірлерінен сұрайды......
Ертегілер
Толық

Бақыт іздеушілер

Ертеде бір бай болыпты, байдың үш баласы болыпты. Бір заманда бұл байдың шаруасы кеміп азая бастайды. Күннен-күнге күн көрісі қиындап бара жатқан соң, байдың үш баласы ақылдасып кәсіп етуге шығады.

Үлкен баласы: «Мен Астраханға барып балық аулауды кәсіп етемін», – дейді.

Ортаншы баласы айтады: «Тұз кенінде кәсіп көп, мен сонда барамын», – дейді.......
Ертегілер
Толық

Тазшаның қырық өтірігі

Ертеде бір хан халқына жар шақыртты:

— «Кімде-кім алдыма келіп, кідірмей-мүдірмей, бір өтірік әңгіме құрастырып айтып өтсе және артынан қырық ауыз өтірікті өлең қылып айтса, сол адамға қызымды беріп, күйеу етемін, тіпті, уәзір қоямын. Бірақ, бір сертім бар: әңгімесінің, иә өлеңінің ішінде бір ауыз рас сөз қосылса, дарға тартқызамын!» – депті.

Бұл хабар жұрттың құлағына тегіс тиген соң, ханның қызын алып, күйеу болуға қызықпайтын адам болмайды. Әркімдер-ақ дәмелі болып: «Ой, айтпай несі бар!» – деп ханның алдына ......
Ертегілер
Толық

Атымтай Жомарт

Бір күні Мысыр шаһарындағы патша сарайында патша мен уәзірлердің үлкен мәжілісі болады. Бұл мәжіліске атақты Атымтай жомарт та қатысыпты. Сарайда жиналған жұрт Атымтайды алғаш көріп, оның жомарттығы қандайлық екен деп таңырқасыпты.
Сонда уәзірлер арасында жомарттық туралы бірсыпыра сөз басталады. Атымтайды бұрын білетін адамдар, Атымтайдың жомарттығын жер-көкке сыйғызбай мақтайды. Бұлар дүние жүзіндегі жомарттарды салыстырып, кімнің жомарттығы артық дегенде уәзірлердің ішінен Зейнілғабиден деген біреуі Атымтайдан......
Ертегілер
Толық

Боран батыр

Баяғыда Ұлы жүзде Боран деген бір батыр мен Қасқарау деген бай болған екен. Ноғайлы елінен қоныс ала алмай аз румен бір қоныстас болып жүретін заманы екен. Сол мезгілде Боран батыр байға қатты өкпелеп шауып алмақ болып атқа үш мініп, үш түскен екен. Ондағы себебі – шауып тастауға қорқып жүрген жоқ, бұл наданның наданшылығынан көрмей, «Боран өз елін өзі жаулап құтын шайқады» деп, жаман аты менде қалады-ау, – деп тоқтаған екен. Сол Боранның баймен өкпелесіп жүрген мезгілінде ноғайлы ауып кететін кезі болып Қасқарау айттырып қойған бір қызды бермей көшіп кетеді.......
Ертегілер
Толық

Байғыз

Сүлеймен патшаның нақсүйері томсарып отыр екен. — Сен, бүгін неге кейіп отырсың? – деп сұрапты одан әрі. — Мен кейімей қайтейін, осында жұрт патшаның нақсүйерін көреміз деп келген екен. Ойым – жұрттың ойынан артық, өзім сендей жер-дүниені билейтін патшаның зайыбымын. Ал дәрежем өзге жұрттан артық болмады, – деді. Сонда Сүлеймен патша:

— Ендеше сенің дәрежең қайтсе артық болады? – депті.

— Түзге отыратын жерім алтыннан болса, үйімнің іші-сырты шаңқан болса, сонда менің дәрежем де асар еді, – депті әйелі.......
Ертегілер
Толық

Итбай хан

Бұрынғы өткен заманда көденің көгерген жасыл кезінде, жерге қар жаумай, жердің түрі кілемнің түріндей жайқалып түрленіп тұрған уақытта, өзендердің сулары орта түспей, Жайсаңның көлі мұхит дариясындай үлкен көл болған мезгілде, бір Итбай деген хан болыпты. Итбайды шешесі тапқанда, күндіз екені де, түн екені де белгісіз болыпты. Егерде мұны тапқаны күндіз болса, күн сәулесі көрінбеген қараңғы болса керек. Күннің сәулесі көкте де көрінбейді, жерге де түспейді, жақын тұрған тауларды да қыздырмапты. Алыстағы даланы да жарық қылмапты. Күннің бір сәулесі тым болмаса Итбай ханның туған үйіне де түспепті.

Егерде туған мезгіл түн болса, көкте ай, жұлдыздар да көрінбеген шығар, бұлардың біреуі де Итбайға қарай......
Ертегілер
Толық