Бұл - не қылған батпан құйрық

Қарны ашқан қасқыр тамақ іздеп, арсалаңдап келе жатады. Сол кезде түлкі жолығады.
— Қасеке, жолың болсын! Қайда жортып барасың? – деп сұрайды түлкі жылмаңдап.
— Түкем, қарным ашты. Тамақ іздеп барамын.
— Қасеке-ай, менің де қарным ашып келе жатыр еді, өзің кездестің. Жолым болады екен. Бірге іздейік.
— Ал, түке, ендеше, баста, – дейді қасқыр.......
Ертегілер
Толық

Қарлығаш пен шөже торғай

Бір мәуелі бақта биік кәрі қарағай өсіп тұрыпты. Көктемде оның басына қарлығаш пен шөже торғай ұя салып, балапан шығарыпты.
Шөже торғай балапанына қурай басын сындыртпай, ерке-тотай қылып өсіріпті. Балапан тентек, ойынды ғана біледі екен.
Қарны ашса, шешесіне келіп, аузын ашады, анасы тапқан-таянғанын балапанына береді.
Ал қарлығаштың балапаны елгезек, еңбекқор болып өсіпті.......
Ертегілер
Толық

Бөгелек

Ерте, ерте, ертеде жәндіктер өздерін-өздері мансапқа қойыпты. Сона – хан, бөгелек – уәзір, шіркей – жасауыл сайланыпты.
Күндердің күнінде ызылдап ұшқан бөгелек өрісте жайылып жүрген жылқыны, сиырды, есекті кездестіреді. Қараса, жылқыға жал, сиырға жая, есекке қоң біткен. Бөгелекті мүлде әкім екен деп танымайды. Бұған қаны қайнап, көзі алайып кеткен бөгелек ызыңдап, әрқайсысына бір төнеді. Оған жылқы да, сиыр да, есек те мыңқ етпейді.......
Ертегілер
Толық

Бөдененің құйрығы неге келте

Бұл былай болған екен. Ертеде бір биік тау болыпты. Ол таудан ары қарай ешбір құс асып өте алмапты. Нелер ұшқыр қыран құстар талаптанып көріпті. Бірақ шамалары келмепті.
Бүркіттің атақтысы келіпті, аса алмапты.
Қырғидың атақтысы келіпті, ол да аса алмапты.......
Ертегілер
Толық

Ақ көгершін

Бұл сонау ерте заманда болған екен. Ол кезде соғыстың не екенін ешкім білмепті. Біреуді-біреу өлтірмейді екен. Кедей де, бай да, сараң да болмапты.
Күндердің бір күні Жақсылық деген кісінің әйелі ұл тауыпты. Шілдеханаға көп адам жиналыпты. Диуана да келіпті. Диуана сәбидің бетіне қарап:
— Мына бала түбінде жұртқа пәле болып жүрмесе не қылсын, – депті.
Жыл артынан жыл өтіпті. Бала өсіп ер жетеді. Өскен сайын сараңдығы да арта береді. Дүниеге қомағайланып, екі көзі қанталап қарайтын болады.......
Ертегілер
Толық

Екі әтеш

Ертеде бір кемпір-шалдың құс дегенде, асырап отырған екі әтеші бар екен. Қолдарына түскен жемдерін соларға беріп, бағып-қағыпты.
Күндердің бір күнінде кемпір құсына жем шашады. Қарындары ашқан әтештер дүрсе қоя береді. Әрқашан бірге жүрген досынан шұбар әтеш жемді қызғанып, шекесінен одырая қарайды.
— Шіркін, мынаның бәрін жалғыз өзім жеп, тыңқия бір тойсам-ау, – дейді.......
Ертегілер
Толық

Ит пен мысық неге араз

Ертеде ит пен мысық өте тату болған екен. Екеуін де адам асырап, үйінде ұстапты.
Күндердің бір күнінде бір адамның май сіңген тері дорбаға салып сақтап жүрген алтыны жоғалады. Қанша іздесе де табылмайды. Алтыннан айырылған адамның күйі тайып, жүдеулене бастайды. Тапқан-таянғаны ішіп-жеуге жетпеуге айналады. Мұны көрген ит пен мысық қатты қынжылып, қожасының жоғалған алтынын іздеуге кіріседі. Екеуі ой-қырды аралап, бармаған тауы, баспаған жері қалмайды. Ақыры титықтап, үйлеріне қайтады.......
Ертегілер
Толық

Алтын мүйізді киік

Ертеде Бұлдырмерген деген атақты аңшы болыпты. Өзі мерген, қарулы, ақылды, ер жүрек адам екен.
Бір күні ол аңға шығады. Орманды, тауды аралайды. Шаршаған соң бір ағаштың көлеңкесіне келіп демалады.
Бұлдырмерген қарсы алдында ағып жатқан бұлаққа қарап отырады. Сөйтсе байқамапты, бұлақтың арғы жағасында, үлкен жартастың түбінде бір киік жайылып жүр екен. Шаңырақтай екі мүйізі күнге шағылысып, жарқырайды. Тіпті көз қаратпайды. Бұлдырмерген өз көзіне өзі сенбей, таңдана қарайды. Шын киік. Екі мүйізі қарағайдай, жарқыраған алтын екен.......
Ертегілер
Толық

Суыр сұңқар су қайда

Ерте заманда сиыр сызылған кербез, суырыла шапқан жүйрік болыпты. Әрі асқан тәкаппар, мақтаншақ та екен.
Бір күні әлгі сиыр атпен ерегісіп қалып, екеуі жарысқа түсуге уәде байласады. Бұрынғы өткен жарыстардың бәрінде сиыр бәйге бермейді екен. Осы жолы аттан да озып, төрт аяқты жануарлардың арасындағы ең жүйрігі деген атаққа біржола ие болуды мақсат етеді.
Көмбеге төреші болып арыстан келеді. Бәстің жайын ұққан соң, ат пен сиырды бір күншілік жолға жолбарыс айдап барып, екеуін қатар тұрғызып қояды да өкіріп тұрып, кері қайтуға белгі береді.......
Ертегілер
Толық

Бала қарға

Ана қарға жаңа ұшырған балапанын ертіп алып, айдалада жатқан жемтікке келіп қоныпты. Балапаны анасына да билетпей бас салып, жемтікті шоқи беріпті.......
Ертегілер
Толық