23-сабақ Э дыбысы Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақтың тақырыбы: 23-сабақ Э дыбысы. Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу;
3.3.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін, көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;
- үлгі негізінде есте сақтап құрамында э дыбысы бар сөздерді сауатты жазады;
- жоспар бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып әңгімелеу мәтін құрап жаза алады
Оқушылардың көпшілігі:
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
- сөз құрамында дыбыстарды ажыратып, сауатты жазады;
- жоспар бойынша сөздер мен сөз тіркестерді өз бетінше іріктеп орынды қолданып мәтін құрап жаза алады;
Оқушылардың кейбірі:
- тыңдаған материалынан тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
- сөз құрамында э әрпі бар сөздерді сөйлем құрамында сауатты жазады;
- жоспар бойынша көркем бейнелі сөздерді қолданып мәтін құрап жаза алады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық