Тақырыбы: «Өссе тілім, менде бірге өсемін»мерекелік ертеңгілік сайыс. Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдер - мақалдар, билер, ойындар арқылы өтілетін шараның мәнін жеткілікті меңгерту. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан - ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қ. Р мемлекеттік рәміздері, мультимедиялық тақта, слайд шоу, шарлар, жалаушалар, музыкалық аппаратура, музыкалық аспаптар, тіл тақырыбына байланысты қанатты сөздер. Әдісі: Сайыс түрінде.