21 ғасыр апат дерті діни сауатты жастарда

Қазіргі кезде ақпарат құралдары да, көптеген саясаткерлер терроризмді XXI ғасырдың апаты деп бағалауда. Бірақ оның белең алуына байланысты туындаған ой шығар. Ал шын мәнінде оның түпкі тамыры ж тереңде жатыр. Қазақстан президенті Н.Назарбаев "Терроризмнің айдаһары қашан да болған және өз қарсыластарына ұдайы арамзалықпен соққы беріп отырған. Алайда дәл қазіргідей ашық та ауқымды болып көрген емес. Халықаралық терроризм осы уақытқа дейін болған және қазіргі бар ғаламдық өңірлік қауіпсіздіктің бәрін торпедалап бітті."-дейді.(1)

Терроризмнің тамыры тереңде жатыр. Бірақ оның "гүлдену" дәуірі өткен XX ғасырдың басталған еді. Оның дәлелдері 1972 жылы 5-маусымда АҚШ-тың Лос-Анджелес театрында Украинаның би ансамблінің гастролі кезінде театрға жарылғыш зат қойылған. Ал 1975 жылы БҰҰ жанындағы КСРО-ның тұрақты өкілдігі атқыланды. Тек 1981 жылдың үш айының ішінде Нью-Йоркте, Вашингтонда бес рет террористік әрекет жасалды. Бірақ мұның бәрі "кеңестік антисемитизмге қарсы күрес", "еврейлердің құқын қорғау" деп аталды.(З) Осылайша қоғамның дамуында ұлтаралык қатынастардың дұрыс шешілмеуінен, халықтың әлеуметтік проблемаларының заңды түрде толық шешімін таппағандығынан күштеу, зорлау, үрейлендіру әрекеттері әлі бәсеңдемей жалғаса беруде.

Ал қазіргі кездегі терроризм кешегі терроризм емес. Оның көптеген анықтамасы бар. Біреулер терроризмді әлеуметтік құбылыс деп санаса, келесілері басқа пікір айтады. Ал бүгінгі терроризм белгілі мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін күш көрсету идеологиясын тұғыр етеді. Терроризм көзқарастар мен идеялардың емес, әрекеттердің жүйесі, өйткені ол кара басының қамын күйттемейді. Ол өзінен-өзі әлеуметтік құндылық бола алмайды, алайда қызмет көрсетудің бір түрі ретінде айтарлықтай әрекетшілдік пен сұранысқа ие.......
Шығармалар
Толық

XXI ғасыр эпидемиясы

Қазіргі заманда салмақ тастау, әр түрлі тренд талаптарына сай келу ең өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Жасөспірімдер сән журналдарынан, ғаламтор желілерінен арықтаудың жаңа жолдарын іздестіреді. Кейде «Корея қыздарының фигурасы» не «Виктория Сикрит» модельдерінің «идеалды»нормаларына сай келу үшін жасайтын әрекеттері тым шектен шығып кетеді.
2013 жылдың статистикасына сенетін болсақ, мың адамнан....
Шығармалар
Толық