Қыз ұзату тойы: Қызға құттықтау, тілектер

Құрметті тойға жиналған ағайын-жұрт, достарымыз бен жолдастарымыз!

Шынымды айтсам, сіздердің алдарыңызда шаңырағымыздан ұшырғалы отырған ақ көгершіндей аяулы қызыма қандай ақ жол, сәт сапарлық тілек тілерімді білмей толқып тұрмын. Ең дұрысы, негізгі сөзімді қызыма арнағаным жөн сияқты…. Үйіміздің сәні, әкең екеуіміздің аялап өсірген қызғалдағымыз, сүйікті де сүйкімді қызым менің! Кеше ғана «іңгәлап» өмірге келгенің де,тұлымшағың желбіреп жүгіріп жүргенің де, шашыңа ақ бантик тағып алғаш мектеп табалдырығын аттағаның да, жоғарғы оқу орнына түскенде «Мама, Папа! Мен студент атандым!» деп қуаныштан жүрегің жарыла сүйінші....

Құттықтау, тілектер
Толық

Қыз ұзату тойына бата беру

Адамның бір қызығы бала деген,
Баласыз көңіл шіркін толар ма екен.
Дүбірлі той жасамай баласына,
Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен.

Құтты болсын шалқар тойың,
Тарқамасын үйіңнен....

Баталар
Толық

Имандылық- адамгершілік пен ізгілік тірегі

Қазіргі кезде ел болашағы – жастар, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ деген сөздерді жиі еститін болдық. Әлбетте, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кезек шарпыған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс-ақ. Алайда жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек құрғақ білімде тұр деп айтсақ, қатты қателескеніміз.....

Шығармалар
Толық

Судың құпиясы

Біле білсеңіздер, су ежелден-ақ құпиясы көп, жұмбаққа толы ерекше сусын. Бүгінгі біздің айтқалы отырған суымыздың құпиясын біреу білсе, біреу білмес.  Ерте заманда суға құрмет көрсетумен бірге оған құдайдай сыйынған. Грек мифологиясында су құдайын Посейдон деп, ал Римдіктер Нептун  деп атаған. Біраз жылдар бұрын бір бөлменің ішінде немістер соғыс ұйымдастырып жанындағы адамдар оны талқылауға көшкен. Сол жерде мынадай сұрақ қойылады: Адамдарды қалай тез арада қырып, жоюға болады?

Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Бір аруға - Алмат Ақжол

Көңілім ұмытқанмен,жүрегім сағынады
Шырқап жатыр жүректің тағы әні
Көңілім басқа жаққа бағынғанмен
Жүрегім тек өзіңе....

Өлеңдер
Толық

Үй иесіне, шаңыраққа, дастарханға баталар мен тілектер

Бата берерде әркім «Иә, құдайым», «Иә, Алла», «Иә, жаратқан» секілді бағыштау сөздерін әр батаның алдынан қосып айтуға ерікті.

Уа, жаратқан ием құдірет
Тілегімді қабыл ет!
Иманымды кәміл ет!


Мазмұны:

Баталар | Құттықтау, тілектер
Толық

Шаңыраққа байланысты жақсы баталар, тілектер

Қоныс тойы құтты болсын!  Іші тек құтқа толсын!  Келін алып, қыз ұзатып Жаратқанның адамзат баласына сыйлаған барлық бақытын осы үйдің шаңырағында тойлай беріңдер! Отбасы деген Отандарың ортаймай, Кәрі болып қартаймай, ауырдым деп жантаймай, шуылдағана немере мен шөбереге айқайлай қуанышты ғұмыр кешіңдер!



Шаңырақтарыңның шаттығы құтты болсын! Терезесінен нұр төгіліп, шаңырағынан жыр төгіліп, табылдырыққа жетпей мұң көміліп, ақ пейілді әкелер сыр сөгіліп тұрсын! Үйіңде тек той болсын! Баланың былдыры үзілмесін!  Балалардың қос тірегі, мақтанышы болып ауырмай, сырқамай тек қана бақытты күндер өткізіп жүре беріңдер!

Баталар | Құттықтау, тілектер
Толық

Қазақстандағы авиацияның дамуы

Қазақстандағы авиацияның дамуы 1926 жылдан басталады. Осы жылы Қызылорда аэропортының құмдауыт алаңынан алғаш болып аспанға ПО-2 ұшағы көтерілді. 1929 жылы Қызылорда – Мәскеу әуе жолы орнықты. Алматы – Мәскеу тұрақты әуе қатынасы 1940 жылы ПС-84 ұшағы арқылы жалғасты. 1970 жылы әуе жолының ұзындығы 75 мың км-ге жуықтады. Әуе жолы ол кезде Қазақстан астанасы – Алматыны одақтас республикалар астаналары және ірі өнеркәсіпті қалалармен байланыстырды. 1977 жылдан дыбыстан жылдам ұшатын ТУ-144 жолаушы алып ұшағы КСРО-да тұңғыш рет Алматы мен Мәскеуді жалғастырды. Республикамыздың аудан, облыс орталықтарының өзара әуе жолымен байланысы орнады. Республика әуе жолдарының ұзындығы 1975 жылы 80,0 мың км болды. Бұл сол кездегі жалпы одақтың әуе жолдары ұзындығының 11%-ы еді. Онан кейінгі жылдары ұшақ паркі сапа жағынан жаңартылып, сан жағынан өсе түсті. Республиканың әуе жолдарында Ан-24, Ил-18, Ил-62, Ту-134, Ту-154, Як-134, Як-40 ұшақтары жолаушыларға қызмет ете бастады. Жаңа техникалардың қолданылуына байланысты аэропорттар жүйесі едәуір ұлғайды. Ұшақтарды қондыру әрі қозғалысын басқарудың радио-радиолокациялық пен жарыққа негізделген техникалық құралдарын қайта құру және жаңарту жөнінде көп жұмыстар атқарылды. 1990 жылдардан бастап тәуелсіз Қазақстан Республикасы қалаларын дүниежүзінің көптеген қалаларымен байланыстырады. Астанадан тәулігіне – 150, Алматыда 200-ден аса әуе кемелері ұшады.

Мәтіндер
Толық