Чингиз Шашкин

Шыңғыс Шашкин - нейрохирур

Шыңғыс Сақаұлы Шашкин 1978 жылы 2 тамызда Алматыда туған. Шыңғыс Сақаұлының қызмет саласы: функционалды нейрохирургия, миды терең стимуляциялау, ауру хирургиясы, спастика хирургиясы, эпилепсия хирургиясы. 2018 жылдың маусымынан бері Шыңғыс StandardNeurо клиникасының медициналық директоры лауазымында.

2.05.2013 – 16.04.2018 аралығында қан тамыры және функционалды хирургия бөлімінің нейрохирург дәрігері, стереотаксиндік және функционалды нейрохирургия тобының жетекшісі, Ұлттық нейрохирургия орталығы, Астана, Қазақстан. Сондай-ақ «РҒНХО» АҚ даму басқармасының бастығы, «РҒНХО» АҚ стратегиялық басқармасының бастығы, «РҒНХО» АҚ ақылы медициналық қызмет бөлімінің меңгерушісі, «РҒНХО» АҚ даму және коммерциялық мәселелер басқарушы директор лауазымдарында жұмыс істеген. 2008 ж. - «РҒНХО» АҚ бас дәрігері. 2007-2008 жж. – «Ұлттық ана мен бала орталығы» АҚ балалар нейрохирургиясы бөлімінің нейрохирург дәрігері, Астана, Қазақстан. Шыңғыс Сақаұлы – «Нейрохирургия» мамандығының аккредиттелген тәуелсіз сарапшысы. Астана қ. сот-медициналық сараптамасының нейрохирург сарапшысы.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Болат Сұлтанқұлов

Болат Сұлтанқұлов - генетик кәсіпкер, Болашақ бағдарламасының түлегі

Болат Сұлтанқұлов Ноттингем университетін «Генетика облысы ғылымдарының бакалавры» мамандығы бойынша бітіріп, 2010 жылы кәсіби қызметін Республикалық Микроағзалар Коллекциясында (кіші ғылыми қызметкер) бастаған, сондай-ақ Ұлттық Биотехнология орталығында, Назарбаев Университетінде жұмыс істеген.

2014 жылы әріптестері Бауыржан Айтуов және Әділбек Жолдаспен бірге диагностика саласындағы стартап бойынша полимеразды тізбекті реакция балама әдісін қолдана отырып жұмыс істеген. Сол жылы регенерациялық технологиялар саласындағы әзірлемелермен айналысатын «Жасуша терапиясы» ЖШС негізін қалаған, сондай-ақ бағаналық жасушадан бөлінетін өсу факторлары негізінде теріні қалпына келтіретін сарысу жасайтын "Pomme de vie" ЖШС компаниясының негізін қалағандардың бірі.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Асан Жолдасов

Асан Жолдасов -"Пифагор" қосымша білім беру мектебінің негізін қалаушы
Алматы қаласында туған.

Асан мектеп партасынан бастап олимпиадалық математика негіздерін үйреніп, бұл салада оқушы кезінде-ақ елеулі жетістіктерге жеткен. 2006 жылы Республикалық физика-математика мектебін бітірген соң, жас математик ҚБТУ ақпараттық технологиялар факультетіне оқуға түседі. Сонымен бірге, ешқандай инвесторсыз «Пифагор» қосымша білім беру мектебін ашады (мектеп туралы ақпарат төменде), соның арқасында Алматы мен Астанада білім беруді белсенді дамытады. Бұдан бөлек, Асан Жолдасоы университеттегі оқуын бітіріп, бакалавр және магистр дәрежесін алады. Кейін өзінің альма-матері қабырғасында копмпьютерлік инженерия кафедрасында дәріс оқиды. Білім беруден бөлек, Асан "Ferum Logic" стартапын құруға қатысып, өзі Аналар үйін салған. Қазір Асан Жолдасов өмірін білім берумен байланыстыруды шешкен көптеген жастарға табысты болудың үлгісі болып табылады.
Төменде жетістіктер тізімі берілген:....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ларион Лян

Мен “IC-Group” топ компаниясының негізін салушысы әрі ең ұйымшыл ұжымның көшбасшысы екенімді мақтанышпен айта аламын. «IC-Group» компаниясы айналымы 10 млрд теңгеге жететін, бизнестің 10 бағытын ұстанатын, 5000 жұмысшымен қамтылған үлкен отбасы.

Мен 1984 жылдың 16 желтоқсанында Алматы облысының Талдықорған қаласында дүние келдім. Өмірімдегі жағдайларға байланысты 11 жылдың ішінде 10 мектап ауыстырып, жоғары білім ала алмадым. Бірақ, бұл менің болашақта үлкен нәтижелерге жетуіме кедергі болған жоқ. Әрине, егер де Жоғары білім алсам, мүмкін өзімнің қалаған жетістіктеріме тезірек жетіп, мақсатыма қол жеткізе алар едім. Бірақ мені тәрбиелеген әрі күш қуат берген ол - өмір.

Менің жетістіктерім – бұл менің отбасым, 3 ұлым, жалғыз қызым және де триолтон спорт түрінен “IRON MAN” атты кішкентай жұлдызшам бар. Менің мақсатым – айналамызды тазалықпен қамтамасыз ету. Менің міндетім – Z ұрпақтарының әлеуетін ашып, 100 жас кәсіпкерлерге жетекшілік ету, сол арқылы Қазақстанның шағын орта бизнесіне қолдау жасау.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Беркін Тұрқұлов

Беркін Тұрқұлов - Президенттік «Болашақ» бағдарламасының түлегі
Беркін Туркуловтың мынандай жетістіктері бар:

2013 жылы туа бітті жүрегі жарық балаларға 400 ота жасады және ассистент ретінде 800-ден аса отаға қатысты.
Туа бітті жүрегі жарық балаларға ота жасайтын ең жас балалар кардиохирургі. Салмағы бір келіге жетпей шала туған балалардың жүрегіне ашық ота жасаған. Ресейлік, италиялық, оңтүстіккореялақы, швейцариялық әріптестерімен бірлесіп Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында операциялар жасады. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Хон Юрий

Хон Юрий - Ақтөбе облысындағы қоршаған ортаны қорғау бөлімшесінің аға инспекторы
Юрий Борисович түскі астан кейін әріптесі екеуі күнделікті бақылауға шығады. Келе жатып, оның көзі көлде тұншығып жатқан адамға түскен еді. Бірден көлікті тоқтатып, күннің суығына қарамастан суға секіріп, батып бара жатқан адамды жағаға алып шықты. Қатты тоңғаннан ба, әлде суда әбден дәрмені таусылғаннан ба құтқарылған адам есін жоғалтып үлгеріпті. Юрий әріптесі екеуі жақын маңдағы медициналық бекетке апарып, жас жігітке алғашқы көмек көрсетілді. Өз қызметін мінсіз орындаған Юрий Хон осылай бір адамның өміріне араша болды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Поздравления и пожелания: 9 мая - День победы

С Днем Победы Великой! Ликует салют,
И повсюду военные песни поют,
Праздник памяти и благодарности вечной,
И надежды на мирный покой бесконечный!

Пусть весна непременное счастье несет,
Сердце славу Победе прекрасно поет,
Впереди – только светлая.....
Сборник поздравлений и пожеланий
Толық

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 2050 бойынша арнайы грант

Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап "Мәңгілік ел жастары – индустрияға” атты арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдады. Аталған бағдарламаның мақсат-міндеттері туралы "Мәңгілік ел жастары – индустрияға” Мемлекеттік бағдарламасы Республикалық Үйлестіру Кеңесінің төрағасы, "Өрлеу” БАҰО” АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Абдуламитұлы Әбеновтен айтып беруін сұраған едік.

Кеңестер
Толық

Сермұхан Әділ (Табиғатты аяла!)

Қараңғылық түсті дағы жер бетіне,
Айналды жерде әсем келбетіне.
Күн батып қараңғылық басқан кезде,
Табиғатта ұйықтады бізбен бірге.

Табиғаттың біз адамға берері көп,
Бірақта кейбіреуге табиғат та керегі жоқ.
Адамзатқа берілген.....
Өлеңдер
Толық

Банк несие беруден бас тартқанда не істеу керек?

Банк несие алғысы келетін кей клиентіне түрлі себеппен қарызға ақша беруден бас тартуы мүмкін. Бірақ клиент нақтылап сұрамаған соң қызметкер де банктің не себепті несие бермегенін айтып, егжей-тегжейлі түсіндірмейді. Сонымен, қандай жағдайда несие берілмейді? Ондай кезде не істеуге болады? Бұл сұрақтарға бірнеше банктің несие беру жөніндегі мамандарына хабарласып, жауап алдық.
Заңдық кеңестер
Толық