Халықаралық отбасы күні (Отбасы - өмір аясы)

Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасы – өмір аясы
Тәрбие сағат мақсаты:
1. Оқушыларға Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру;
2. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу.
3. Отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету.
Жабдықтандыру: компьютер, мультимедиалық жабдықтар, оқушылардың бірігіп жасаған шығармашылық газеталары.
Тәрбие сағатының барысы.
Серік Арайлым «Аққу» биі

1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-Жүргізуші: Отбасы күніне арналған «Отбасы - өмір аясы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.
2-жүргізуші: Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді
1-жүргізуші: Әке деген - биік шыңы адамның,
Әке деген - тірегі ғой ғаламның,
Әке деген – бойыңда аққан қаныі да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.
Тәрбие сағаттар
Толық

Өзін-өзі тану | Еңбекқорлық пен еріншектік

Пәні: Өзін-өзі тану
Сыныбы: 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың “еңбек” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру;
Дамытушылық: еңбекке қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Ашық сабақтар
Толық

ҰБТ-ға қалай дайындалу керек?

Осы сұрақты әрбір түлек  өзіне қоятын шығар. Мен де бір жыл бұрын ҰБТ туралы барлық сайттарды ақтарып,  баспасөздегі мақалалардың бірін қалдырмай оқып, өзімнен бұрын оқып кеткен достарымнан, туысқандарымнан сұрай беретінмін. Кішкене қауесет тараса, соған сеніп, министрге хат жазуға дейін....
Кеңестер | kz
Толық

Балаларға арналған жұмыс: Мансап баспалдағының алғашқы қадамдары

Балалардың өздері әлі игермеген мінез-құлық түрлеріне еліктейтіні көпшілікке мәлім жайт. Көбінесе балалар өздерін жұмыс істейтін үлкен адамдар сияқты сезінгісі келеді, сондықтан балалар арасында дәрігер, мұғалім және басқа да мамандық иелері болып ойнау кең тараған. Қазіргі кәсіпкерлер бұл қызықты фактіні тез аңғарып, оны өз мақсаттары үшін пайдаланып, балаларға жұмыс істейтін адамның рөлін сынап көруге мүмкіндік берді.

Балалар қаласы
Ең ірі жоба – Хавьер Лопес Анконаның туындысы. 1999 жылы ол Кидзания – балалар қаласын «тұрғызды». Мұның сызбасы қарапайым: балаға оның жүрген жерін анықтауға.....
kz | Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Coca-cola: пайдасы мен зияны

Кока-коланы көп ішкен еркектердің белсіздік (ұрықсыздық) кеселіне шалдығу қаупі бар. Даниялық зерттеуші топтың қолында бар деректер бойынша кола ішетін еркектердің спермасының мөлшері кола ішпейтін еркектердің спремасы мөлшеріне қарағанда 30%-ға аз болады екен.

«Кока-кола» компаниясы өкiлдерiнiң айтуынша, сусынның негiзгi құпиясы кошениль құртынан алынатын азық-түлiк қоспада екен. Әдетте оның құрамына қант, кока ағашының жаңғағы, фосфор қышқылы, кофеин, карамель, көмiрқышқылы қосылады деп көрсетiлетiн. Ендi өндiрушiлер сусынның түсiн өзгертетiн бояу ретiнде қолданылатын кошениль құртының еш зияны жоқ деп елдi сендiруге тырысуда. Дегенмен «кока-коланың» адам ағзасына келтiрер залалы күннен-күнге.....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Қазақ елі

Қай ұлттың болмасын өзіне тән ұлттық тәрбие мектебі болады. Қазақ елінің де ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мол рухани қазынасы бар. Бірақ сол қазынаны қаншалықты иеленіп жүрміз. Барымызды бағалап, жоғымызды түгелдеу мақсатында бүгін ұлтттық тәрбиеміздің кейбір қырларына тағы бір оралуды жөн көрдік.

Бағымызға қарай, ердің құны - жүз жылқы, ары – мың жылқы дейтін текті елге ұрпақ болдық. Ғасырлар бойы әбден сұрыпталған, орныққан өзіндік жол-жоралғымыз бар парасатты жұртпыз. Жаман сөз айтпауды, жаманға ермеуді, жалаңаш жүрмеуді, жағымпаз болмауды, жасқаншақ, жасық болмауды жас ұрпақтың санасына құйып отыратын тәлімді....
Шығармалар
Толық

Ас - адамның арқауы

Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зоp. Тамақтану аpқылы адам ағзаға қажетті заттаpды алады. Адам ағзасына құнарлы астың тигізер шипасы мол. Жүйелі тамақтанбау адам денсаулығына үлкен зиян тигізетінін сала мамандаpы да жиі айтып жүp.
Тағамның шипалы түрлерін пайдалану аpқылы түрлі ауpулаpды емдеуге болатыны ерте кезден белгілі болған. Осының нәтижесінде дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануын, дұрыс тамақтанудың ғылыми негіздерін зерттеу және оны ұйымдастыру әдістерімен айна­лысатын диетология ғылымы (грек diata – өмір сүру салты, тамақтану тәртібі, logos – ілім) қалыптасқан.
Денсаулық дегеніміздің өзі – организмнің сыртқы орта факторларының әр деңгейлі әсеріне сәйкес жауап қайтаруы арқылы сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына тез бейімделіп, жағымсыз....
Рефераттар
Толық

Бағдаршам

Қалада көлік көп,
Қалада апат көп.
Сақтайтын апаттан,
Тек қана бағдаршам.
Бағдаршам, бағдаршам.

Бағдаршам біледі,
Бәрін де....
Өлеңдер
Толық

Үйлену тойға арналған құттықтау-сөздер  

 

Бір бойдақ досына:
– Менің әйелім әдемі, ақылды, пысық әрі адал болады – деп мақтанады екен. Сөйтсе досы қалжыңдап:
– Сен өзің сол шарттардың төртеуін де орындай алар ма едің? – деген екен.
Мінеки, достар, біздің күйеу жігіттің жұлдызы оңынан туған екен – таңдаған жары әдемі, ақылды, пысық және адал екені байқалады.
Жаңа өмірдің есігін ашып, табалдырығын аттағалы тұрған бұл екі жасқа тілейтініміз: қатар ұшқан аққудай жұптарың жазылмай, әрдайым бірге болыңдар. Шаңырақтарың биік, керегелерің кең, босағаларың берік болсын. Бақытты болыңдар!

Құттықтау, тілектер
Толық