Тарих | 1980-1991 ж.ж. Кеңес мектебі мен педагогикасы

80-жылдардың бас кезінде жалпы алғанда халыққа білім берудің кеңестік жүйесінің және оның ішінде жалпы білім беретін мектептің дамуында басты оқиғалармен ерекшеленді. Партия “Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасының негізгі бағыттарын” (1984) дайындады. Бұл құжатта жастарды оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми негізделген тұжырымдамасы жасалынды, қазіргі жағдайда оларды өмірге және еңбекке даярлау, бірыңғай, еңбек, политехникалық мектеп туралы идея одан әрі дамыды, білім беру саласындағы партияның стратегиялық бағыты белгіленді.
Реформаның қағидаларының дамуына партия бірнеше қаулылар қабылдады, онда рефроманы іске асырудың жолдары нақтылы талданылды және білім беру органдарының мектеп басшыларының, мұғалімдердің, шығармашылық одақтардың және ұйымдардың реформаны іске асырудағы міндеттері айқындалды.
70-80-жылдары мектептің жағдайы күрт төмендеді, кризис пен тақыраудың белгілері байқала бастады. Ондай жағдай оқушылардың сабаққа деген қызығуы болмады, балалардың тәртібі мен қойылатын талап түсіп кетті, жанұяның тәрбиелік жауапкершілігі әлсіреді, мектеп еңбектен қол үзді, тәрбие жұмысындағы формализм, процент қуушылық, бағдарламалардың ғылыми негізделгендігі, шамадан тыс ауырлығы, ескі әдістер мен тәсілдер кеңінен орын алды.
Елде қалыптасқан крезисалды жағдай қоғамдық өмірдің тереңдей және шиеленісе түскен тоқырау және қолайсыз құбылыстардың негізінде қалыптасқан екі негізгі қайшылықтардың себебіне байланычты болды.
Бірінші қайшылық ерекше өскелең қоғамдық өмірдің жалпы адамға және оның ішінде мектеп оқушыларына қойылған талаптармен мектептегі тәрбие мен оқытудың ескірген мазмұнымен, түрлері мен әдістерінің арасындағы қайшылық.
Екінші қайшылық мектептің барлық өмірін ұйымдастыру сипаты мен балалардың өздерінің арасында пайда болды. Өзгеріске ұшыраған өмір мектеп оқушыларына жаңа талаптар ғана қойған жоқ, оның өзін де өзгертті. Балалардың рухани және материалдық қажеттіліктері, қызғулары артты.
Көпшілік ақпарат құралдарының дамуы балаларды жан-жақты хабардар етті. Қоғамдық өмірді демократизациялау әлеуметтік белсенділік, өздерінің азаматтық құқтарын түсіну, қоғамдық оқиғаларға қаысу, қызығуы бойынша ерікті бірігу үшін жағдайлар жасалды.....
Рефераттар
Толық

Тарих | 1980-1991 ж.ж. Кеңес мектебі мен педагогикасы

80-жылдардың бас кезінде жалпы алғанда халыққа білім берудің кеңестік жүйесінің және оның ішінде жалпы білім беретін мектептің дамуында басты оқиғалармен ерекшеленді. Партия "Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасының негізгі бағыттарын” (1984) дайындады. Бұл құжатта жастарды оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми негізделген тұжырымдамасы .....
Рефераттар
Толық