Аққу - киелі құс

Сабақтың тақырыбы: «Аққу - киелі құс»
Мақсаты: 1) Білімділік. Оқушыларға киелі құс - аққу, оның түрлері, көбеюі, тыныс тіршілігі туралы мағлұмат беру.
2) Тәрбиелік. Жойылып бара жатқан аққулардың түрлерін сақтап қалу, оларды аялауға тәрбиелеу. Балаларды әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.
3) Дамытушылық. Балалардың әртістік, шығармашылық қабілетін дамыту, қоршаған ортаны қорғау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық, Аққудың түрлері салынған суреттер үлгілері. Слайд үлгісі..
(Оқушыларға бір апта бұрын аққулар туралы материалдар жинақтау тапсырылды.)
Тәрбие сағаттар
Толық

Сыпайылық

Сыпайы тоңбай калтырайды.

Сыпайының алдында сүйек жатсын.

Сыпайы сырын жасырмас,
Пұшық мұрнын жасырмас.
Мақал-мәтелдер
Толық

Үміт

Үміт өлмейді.

Үмітсіз - шайтан.

Үміттінің өз дәулеті өзінде.

Қазан аузы жоғары, қармақ суда.

Сағыныш - сары ауру,үміт - талшық.
Мақал-мәтелдер
Толық

Қорқақтық

Қорқақ көлеңкесінен де қорқады.

Қорқақ қол бастамас.

Қорқақтың қолы қысқа.

Қорқаққа қос көрінеді.

Қорқаққа құбыжық көп.

Қорқақтың сылтауы қойнында.
Мақал-мәтелдер
Толық

Той

Жол болмайды асусыз,
Той болмайды шашусыз.

Той сылтауымен тон бітер.

Тойда тоныңды сұрама.
Мақал-мәтелдер
Толық

Ер төстік ертегісі

Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Матау толған түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы соның ішінде кетіпті. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде қалыпты. Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді - келмейді, жылдар өтеді - келмейді. Ерназардың азығы таусылады, ашықты, жейтін тамақ таппады. Кемпірімен екеуінің орнынан тұруға әлдері әрең-әрең келеді.
Бір күні кешке жақын кемпір төсегінен тұрып, үйінің түңдігін ашады. Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі. Ерназардың қуанып, есі шығады:
- Кемпір, сүйінші! Керулі тұрған кер биенің төстігі майлы......

Ертегілер
Толық

Бақтыбай би

Ертеде өз еңбегімен күн кешірген бір кедей шал болыпты. Шал өмірінде бір шыр еткен көрмепті. Бар тілегі бір бала екен. Шалдың кәсібі отыншылық екен. Отын алғалы сайға кетіп бара жатса, жолдың шетіндегі бір топ шидің түбінде ораулы жатқан бір затты көріпті. Алып қараса, жаңа туылған нәресте бала екен. Шал қолына алысымен, бала шырылдап жылай бастапты. «Құдайдың бергені» деп, шалдың қуанғаны соншалық, отын алмастан баланы қойнына салып алып үйіне қайтыпты. Өмірі бала көрмеген шалдың кемпірі де жүрегі жарыла қуаныпты. Үйіне келген соң, маңайдағы көршілерін шақырып той жасапты. Шал баласының бақытты болуын тілеп, оның атын «Бақтыбай» деп қойыпты. Күн өтіпті, ай өтіпті, жылдар өтіпті. Бақтыбай есейе бастапты, әкесі Бақтыбайды оқуға беріпті. Бала өте зерек, алғыр болып өсіпті. Өзі тұстас балалардан ақылы анағұрлым артық болыпты. Басқа балалар.....
Ертегілер
Толық