Детские стихи: Новый год (3-4 лет)

Каждый на вопрос ответит
Что такое Новый год.
Это — радостные дети,
Это — дружный хоровод,
Мандарины и конфеты,
Много сказочных чудес,
И в сугробы разодетый
Новогодний зимний лес!
Сборник стихов
Толық

Қаракөз Тілеубекова Байжұмақызы

Қаракөз Байжұмақызы Тілеубекова (Қарагөз Тлеубекова) - әнші, актриса Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында туылған. Әке-шешесі Алматы қаласында туып-өскен. Әкесі - Байжұма, ауылда гараж меңгерушісі болып қызмет атқарған. Анасы - Ақжолтай, ауылда шарап шығаратын зауытта қызмет істеген. Отбасында жеті ағайынды. Қаракөз - егіздің сыңары, егізінің есімі - Ботагөз. Театр актрисасы Гүлбаушан Тілеубекова үлкен әпкесі. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының театр факультетін бітірген. 1995 жылдан "Бауыржан-шоу" әзіл-сықақ театрының актрисасы. Қазақстан арнасындағы "Елім менің" теле-думанының тұрақты қатысушысы. Тұрмыс құрған. Жолдасы - тарихшы, заңгер, бизнесмен.
Фильмография:
2009 - «Қызды қалай ұрлаймыз?»
2010 - «Ғашық жүрек немесе коктейль для звезды» (реж. А.Ұзабаев)
2011 - «Несиеге махаббат» (реж. С.Әбдіқалықов)
2011 - "Алып қашу операциясы" (реж. Сардор Расулов)....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Дәурен Айдарқұлов (1982 жылғы 6 қыркүйек)

Дәурен Айдарқұлов - актер.
«КешYOU» тобының экс-солисті Ақбота-Нұр Сейтмағамбетке үйленген. Бұл жұптың 2017 жылдың жазында Ибрагим есімді ұлдары дүниеге келді. Алдыңғы некесінен актердің үш баласы бар.
Дәурен Айдарқұлов 1982 жылғы 6 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келді. Дәурен физика-математикалық мектепті бітіріп, Қазақ мемлекеттік университетіне «Менеджмент» мамандығына түскен. Кейін магистратурада халықаралық қатынастар бағыты бойынша оқыды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Дастен Шәкіров Бақытбекұлы (1987 жыл 21 қыркүйек)

Шәкіров Дастен Бақытбекұлы - актер.
Дастен Шәкіров 1987 жыл 21 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Ш.Смаханұлы атындағы №62 қазақ лингвистикалық гимназиясына оқуға түсіп, 2005 жылы аталған білім ордасын бітіреді. Мектеп қабырғасында білім алып жүріп, Тагир Зариповтың джаз музыкалық мектебінде фортепиано сыныбын қызыл дипломмен тәмамдаған.
2009 жылы Халықаралық бизнес академиясының «Қаржы» факультетін бітірген.
Жарнамалық роликтер мен бейнебаяндарға түскен.
Кинодағы дебюті - «Жаным» телехикаясы.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Асқар Ұзабаев (1983 жылы 7 сәуір)

Асқар Ұзабаев - режиссер, сценарист, клипмейкер, продюсер.
1983 жылы 7 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.
«Ғашық жүрек» («Коктейль для звезды») фильміне режиссер болып, аталмыш туынды арқылы танылды. 2012 жылы «Хабар» агенттігінің тапсырысымен SHINE production студиясымен бірлесіп түсірген 25 бөлімді «Ғашық жүрек» хикаясы шықты. 2012 жылы «НТК» арнасына BAS production студиясымен бірлесіп «Вузеры» атты жастарға арналған хикая түсірді.
Кино өндірістегі ірі жобалармен және бейне өнімдерін түсірумен айналысатын 567 creative laboratory студиясының негізін қалаушы.
Кинодағы рөлдері:
2000-2002 Балақайлар | Детки (хикая, Қазақстан) - Ерлан
Режиссер:
2016 Гламур для дур ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Іңкәр Әбдіраш Рүстемқызы (1990 жылы 9 маусым)

Әбдіраш Іңкәр Рүстемқызы - актриса.
1990 жылы 9 маусымда кинорежиссер Рүстем Әбдірашевтың отбасында дүниеге келген.
М. О. Әуэзов атындағы №128 қазақ мектебін үздік бағамен бітіреді.
Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының 3 курс студенті, «Кино және ТВ» факультетінде «Ойын киносының режиссурасы» мамандығы бойынша тәлім алуда.
13 жасынан бастап вокалмен айналысып келеді. «Томирис» тобының бұрынғы әншісі.
«Айтарым Бар» («НТК») айдарының қазақ тіліндегі жүргізушісі.
Жарнамалық роликтерге, бейнебаяндарға, көркем фильмдерге түскен. «Храбрая сердцем» (Disney туындысы) мультфильміндегі Мерида ханшайымын қазақ тіліне дыбыстаған.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Зүлфия Чиншанло Салахарқызы (25 шілде 1993 жылы)

Зүлфия Салахарқызы Чиншанло (25 шілде 1993 жыл; Алматы, Қазақстан / Қытай деректері бойынша шын есімі Жао Чаң Лиң және Қытайдың Хунань провинциясында туған) — қазақстандық ауыр атлет, 2009, 2011 және 2014 жылдары әлем чемпионы, 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Ұлты — дүнген. Әкесі — Чиншанло Салахар, дүнген және орыс тілдерін білетін кәсіпкер.
Жетістіктері
Пошта маркасы, 2013 жыл
2008 жылдан — ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Ауыр атлетикадан 53 кг дәрежесінде қос сайыстан 219 кг жиынтығын жинаған әлемнің ең жас чемпионы (Оңтүстік Корея, 2009). XVI Азия ойындарының күміс жүлдегері (2010). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2009)....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бекзат Саттарханов Сейілханұлы (4 сәуір, 1980 жылы)

Бекзат Сейілханұлы Саттарханов (4 сәуір, 1980 жыл, Түркістан, Қазақстан - 31 желтоқсан, 2000 жыл, Шымкент, Қазақстан) – қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері.
Өмірбаяны
Отбасы

1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні, жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда, Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан қаза болды. Бекзат Саттарханов Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Бекзат әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже баласы. Саттархановтардың Бекзаттан өзге мектеп қабырғасындағы спорттық бәсекелерде оза шапқан үш ұлы болды. Бағдат, Болат, Мақсат есімді балалары да спортты серік еткенімен, Бекзат секілді ешқайсысы алдына биік мұрат қойған жоқ. Сәби күнінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жаңа жыл (Төрлет, төрлет жаңа 2017 жыл!)

Жаңа 2017 жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар залға кіреді.
Тәрбиеші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Ән: «Кел, кел жаңа жыл
Балалардың орындауында «Мақтақыз» көрінісін тамашалайық!
Келген қонақтармен ойын: «Жаңылтпашты......
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Балабақша | Жаңа 2017 жылдан күтер сыйым жақсылық

«Жаңа жылдан күтер сыйым жақсылық»
(Жаңа жыл тіл ұстарту ертеңгілігінің сценарийі)

Кубденова Жанылсын Сабитқызы
Атырау қалалық №20 «Алтын балық»
мүмкіншілігі шектелген балаларға
арналған балабақшасы тәрбиешісі



Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Түзетушілік мақсаты: Балаларға мерекелік көріністер арқылы диалогты сөйлеуге, қарым - қатынасқа еркін түсе білуін жетілдіру. Танымдық қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар: Жаңа жылдық шырша, ертегі кейіпкерлері, ойын.......
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық