Үкі Би (туған-өлген жылы белгісіз) — би, Кіші жүздің әлім руынан шыққан. Қара халықтан шықса да тілге шешендіктің арқасында көп жылдар бойы төбе би болған. Үкі би .....
Үмбет Ғалиев 1818-ші жылдары туылып кейбір жазбаларда 1888 жылы, ал басқа мақалаларда шамасы 1893-94 жылдары қайтыс болған деп айтылады. Арал бойының халқы биді "Үмбет молда" атап кеткен. Себебі ол діни имандылық жолында біраз еңбек еткен. Заман ағымына қарай ел басқару ісіне қарай бет бұрыпты. Ол әділ билігімен бірде шешендік сөзімен айналасындағы дау-жанжалдарды шешіп көзі тірі кезінде «Пірлі би» аталған. Үмбет бидің есімі Қазалы уезінің түрлі бөлімдеріне а .....
Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.
Әнет баба (1628 – 1723) – "Жеті жарғыны” құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі. Руы Тобықты. Жас кезінде Бұхар-шарифте үйсін Сарышуаш жыраумен бірге медресе бітірген. Ислам қағидаларына, шариғат ережелеріне жүйрік болған. Әділдігімен, діндарлығымен аты шыққан. Қалқаман—Мамыр дауы (қосымша "Қалқаман-Мамыр”) кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік шығарады, бірақ оған Мәмбетбай руының басшысы Көкенай батыр көнбейді. Ол Мамырды атып өлтіріп, енді тентегіңді сен де өлтір деген .....
Өтетілеу би – Кетебайдың үлкен ұлы және әкесіні билік жолын ұстаған баласы. Өтетілеу шамамен 1760 жылдары дүниеге келген. Өтетілеу қарақалпақ, Бұқара, Қоқан, Хиуа хандықтары арасындағы түрлі келісімдерге араласқан би. 1834 жылы Бұқараға сапар шеккен П.И.Демезон мен И.В.Виткевичтің «Записки о Бухарском ханстве» атты еңбектерінде (жазбаларында) Өтетілеу би туралысөздер бар. Негізгі мазмұны: «...1824 жылға дейін хиуалықтар қазақтарды жыл сайын тонап отыратын, бірақ арнайы алым түрі жоқ болатын. Кейіннен тонаушыылық шектен шыға бастайды. Сол тұста Шөмекейлер Хиуа ханына арнайы елші жіберіп, зекетті өздері апарып тұратын болып келіске-ді. Бұл келісім 1832 жылға дейін созылады. Өтетілеу би 1832-33 жылдарда Хиуа ханына жолығып, бұдан былай зкетті өздері келіп жинауын ұсынады. Осыны күтіп отырғандай Хиуа бектері Сырдария бойына еркін ене бастаған. Атақты Балқы Базар . .....
Ақша Сартұлы (1707 — 1729) — батыр. Қойгелді батырдың інісі. [1]Әкесі Сарт Шақанұлы Ташкент маңын қыстап, қазіргі Қаратау қаласының іргесіндегі Ұзынбұлақ, Күйгенкөлді көктеуі, Іле жағасындағы Шеңгелді төңірегін жайлауы мен күздеуі еткен атақты бай болған. Ақша алғаш 1723 ж. жоңғар қалмақтарымен болған соғыста көзге түсіп, батыр атанған.[2] Тараз қаласын талқандап, қазақ байларының ауылдарына .....