Қорыққан бұрын жұдырықтайды

Ертеде бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Мал дегеннен сауатын үш сиыры болыпты. Шал күн сайын сиырын жайып келеді де, кемпірі сүт пісіріп, тамақ істейді екен.

Бір күні сиырдың бірін қасқыр жеп кетеді. Кешкісін үйіне келген шал кемпірінен қорқып:

— Кемпір, екеуімізге екі сиыр болады ғой деп бір сиырды алтынға саттым, - деп өтірік айтып келеді.

Шал ертеңінде қалған екі сиырын өріске апарып жайып отырғанда, дағдылы қасқыр келіп, тағы бірін тартып жейді. Шал кемпіріне:

— Кешегі сиырды сатып алған саудагер артық алтын беретін болған соң, сиырдың бірін тағы сатып келдім, –дейді.......
Ертегілер
Толық

Есірік

Өте ерте кезде есірік деген ел болыпты. Ол елдің Әулеки деген биі болыпты. Әулеки би елдегі игі жақсыларды жиып, ислам діні шыққанына жар шашып, халқына ораза ұстауды, намаз оқытудың амалын іздестіреді. Жиылған адамның ешбірі ақыл айтпаған соң, бес мықты жігітті сайлап алып, елінен жеті жүз ділдә жиып береді де:

— Осыған ораза, намаз тауып сатып әкеліңдер. Егер тауып әкелмесеңдер, бастарыңды аламын,– деп бұйырады. Ораза- намаз іздеген Әулеки бидің бес жігіті ай жүріп арып, жыл жүріп жүдеп, батыстағы бір елге келеді. Ел ішіне келіп, өздерін түгендесе біреуі жоқ. Қалай санаса да төртеу болып шығады. Жігіттер осылай жоғын іздеп тұрғанда сол елдің түйеші шалы Мұрал қастарына келіп, неге әбігер болып жатқандарын сұрайды. Жігіттердің біреуі......
Ертегілер
Толық

Аңқау шал мен айлалы жігіт

Ерте, ерте, ертеде етек жеңін сүйреткен Есенбай деген шал болыпты. Есенбай, жаңадан алған тоқалы, асқан сұлу қызы-үшеу ғана тұрады екен. Шалдың сұлу қызына жігіттер қызығып, көз салып жүрсе керек.

Бір күні айлалы Асан деген жігіт шалдың үйіне келеді. Шал оны үйіне кіргізбей далада жүріп алады. Сол кезде, өлген біреуді жерлеуге әкетіп бара жатқан адамдарға қарап Асан:

— Анау адам өлген кісі ме? Әлде тірі кісі ме? – деп сұрайды Есенбайдан.

— Тірі адамды көрге апарушы ма еді, – деп ұрсады шал.

Асан тағы да:

— Мына егіннің иесі бар ма, әлде иесіз егін бе? – дейді......
Ертегілер
Толық

Қайсар Гүл жайлы ертегі

Мұнда қашан түскенін білмейді. Жер бауыры жылынғалы өзінің бас көтергісі келіп, ерекше бір сезім өн бойында тулап жатқанын сезді. Бірақ, еңсесін қанша көтерейін десе де, бойын тіктей алар емес. Әсіресе соңғы кездері жаңбыр көп жауып, топырақпен бойына нәр жүгіргелі асау сезім тіпті бұлқынып кетті. Бұрынғыдай емес, денесіне жылу да көп келетін болды. Ол өзін құрсауынан шығармай тұрған асфальттан сұрады:

— Білесіз бе, маған бұл жерден басқа бір керемет......
Ертегілер
Толық

Биология | Баланың физикалық дамуы

Баланың физикалық дамуы



Баланың жасына байланысты бойының, салмағының, бас айналымының, кеуде айналымының өсуі.



ЖТБ бойы – 46-56 см.



Орташа ұлдардың бойы – 50,7 см, қыздардікі – 50,2 см.



І кварталда ай сайын 3 см өседі =9 см



ІІ кварталда ай сайын 2,5 см өседі = 7,5 см



ІІІ кварталда ай сайын 1,5 -2 см= 4,5 – 8 см



IVкварталда ай сайын 1,0 см= 3 см



Орта есеппен алғашқы жылда 25 см қосады, яғни 1 жасында 75 см болады. Немесе 6 айында 66 см.



4 жасында 2 есе өседі. 12 жасында 3 есе өседі. 2-3 жасқа дейін айына 1 см. 3- 4 жасқа дейін 0,5 қосады.



Баланың бойын есептеу формуласы:



4 жасқа дейін 100+8 (4-п) п – жасы



4 жастан кейін 100+6(п -4) п – жасы немесе 8 жастағы баланың бойы 130см. Әр жетіспейтін жылына 7 санына азайтамыз. Әр артық жасына 5 см қосамыз. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Агранулалы эндоплазмалық тор немесе тегіс эндоплазмалык тор

Агранулалы эндоплазмалық тор немесе тегіс эндоплазмалык тор (грек, а — жоқ және лат. granulum — дән, дәнше, түйіршік) — қабырғалары биологиялық жарғақтардан тұратын жасуша цитоплазмасы ішіндегі жарғақтық тор түтікшелері қабырғаларына іргелес жатқан рибосомалар (органеллалар) болмайтын жасушаның жалпы органелласы. Тегіс эндоплазмалық тор жарғақты түтікшелерінің ені гранулалы эндоплазмалық тордың жарғақты түтікшелеріне қарағанда кендеу (50-100 нм) келеді. Агранулалы эндоплазмалық тор жасушадағы липидтер (стероидтар) мен көмірсулардың (гликоген) алмасуына және .....
Рефераттар
Толық

Биология | Тағам өнімдеріндегі микотоксиндер

Тағам өнімдеріндегі микотоксиндер.
Жоспар:
1. Микотоксиндер.

1. Микотоксиндер (грек.микес-саңырауқұлақ) - микроскоптық зең саңырауқұлақтарының екінші метаболиттері болып табылады. Азықтар мен тағам өнімдерінен 30 мыңға жуық зең саңырауқұлақтардың түрі алынған. Олардың көбін жоғары токсинді метаболиттер бөліп шығарады, жекелей айтқанда 120-дан аса МТ. Биологиялық тұрғыдан МТ-дер микроскоптық саңырауқұлақтармен алмасып олардың тіршілігіне және әртүрлі экологиялық орындарда тіршілік ету орыны үшін бәсекелестікке бағытталған қызмет атқарады. Ал гигиеналық тұрғыдан бұлар азықтық және тағамдық өнімдерді ластайтын қауіпті улы заттар. .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Төле би Әлібекұлы

Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.
Мазмұны
1 Өмірбаяны
1.1 Тауке ханның басқару кезінде
1.2 Абылай ханның басқару кезінде
2 Шешендігі
2.1 Ескерткіштер
3 Пайдаланған әдебиет
4 Тағы қараңыз
Өмірбаяны

Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өңірінде туған. Ұлы жүздегі дулат тайпасының жаныс руынан. Әлібекұлы Төле бидің атасы Қожамбердіұлы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде, Есім ханды қолдаған. (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан) Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп .....
Рефераттар
Толық

Тарих | Түрік қағанаты Батыс түрік қағанаты Түргеш мемлекеті

ІІ-У ғасырларда ғұн тайпаларының Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Еуропаға ұлы қоныс аударуы, бұл жерлердің этникалық және саяси картасына едәуір өзгерістер енгізді. Ал IV ғасырда түркі тілдес телэ (тирек) тайпалар одағы Солтүстік Монғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейінгі кең байтақ аймақты қоныстанды. Олардың орнына УІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне және Батыс түрік қағанаттары қалыптасты. .....
Рефераттар
Толық