Қасым Аманжолов | Сын сағатта тас түйін біртұтас болған ел

1941 жылғы 22 июньде фашистік Германия Совет Одағына соғыс жарияламай, тұтқиылдан шабуыл жасады. Фашистік Германия 1939 жылы совет — герман мемлекеттері арасында жасалған өзара соғыспау туралы келісімді опасыздықпен бұзды. «Империализмнің ең негізгі сипатының бірі — империализм әр кезде-ақ ұлттық соғыстарды тудырып отыруға тиіс» — деп атап көрсеткен еді, Владимир Ильич Ленин өз еңбегінде. Европаның көп елдерін басып алғаннан кейін фашист жендеттерінің әскери-экономикалық қуаты барынша нығайды. Францияның, Австрияның, Чехословакияның соғыс заводтары, Румыния мен Венгрияның мұнай кәсіпшіліктері, Норвегияның рудниктері гитлершілерге қызмет етті. Бұл — аса күшті әрі зұлым жау еді. Неміс-фашист армиясының жеке адам санының құрамы Қызыл Армиядан 1,8 есе, танкісі 1,5 есе, соғыс самолеттері 3,2 есе, зеңбіректері мен минометтері —1,2 есе артық болатын. Фашистік Германияның 217 девизиясы және 5 әуе флоты болса, 1941 жылғы июньде жаудың 153 дивизиясы мен 4 әуе флоты СССР-ге қарсы қойылды. Германия сатиллит (одақтас елдер) әскерлерін қосқанда Совет Одағына қарсы барлығы 190 дивизиясын, 5,5 миллион солдат және офицерлерін, 3712 танкісін, 4950 әскери самолетін, 47260 зеңбірегі мен минометін, 193 соғыс кораблін және т. б. соғыс техникасын соғысқа қосты. СССР-дің әуе кеңістігіне мыңдаған фашистік самолеттер ұшып келіп қалаларға, аэродромдар мен темір жол тораптарына бомбалар тастады, мыңдаған зеңбіректер шекарадағы заставалар мен Қызыл Армия бөлімдерін атқылады. .....
Әңгімелер
Толық

Антон Чехов | Өлік


Тамыз айының тынық түні. Жер бетінен баяу ғана көтерілген тұман көз көрер жердегінің бәріне буалдыр пердесін жапқан. Көлкіген тұман ай жарығында, біресе тыныш жатқан шалқар теңіз сияқтанып, біресе зәулім ақ дуал сияқтанып көрінеді. Ауа дымқыл, салқын. Таң әлі алыс. Орман жиегіндегі ауыл арасы жолынан бір қадамдай шетте өлімсіреген от жылтылдайды. Сол жерде, жас емен ағашының түбінде, басынан аяғына дейін жаңа ақ кенеп жабылған өлік жатыр. Төсіне үлкен ағаш икон қойылыпты. Өліктің жанында, жолдың тап жиегіне таяу, шаруалардың мойнына артыла беретін міндеттердің ішіндегі ең бір ауырын атқарып, екі "нәубетші" мұжық отыр. Олардың біреуі - үстіне жыртық шолақ тон, аяғына шабата киген, тебіндеген мұрты бар ұзын бойлы, қою қара қасты жасөспірім жігіт, дымқыл шөптің үстінде екі аяғын көсілтіп салып, уақытты жұмыспен қысқартуға кірісіпті. Мойыны сорая солпиып, мұрыны шуылдап, дардай бір буылтық ағаштан қасық жонып отыр. Екіншісі - бет-аузы мыжырайған, селдіреген мұрты, шошайған теке сақалы бар, арық, бұжыр кішкене ғана мұжық, қолын екі тізесіне қойып, селт етпестен, алдындағы отқа мөлие қарап қалған. Өшуге айналған оттан екеуінің де бетіне қызғылт сәуле түсіп тұр. Төңірек тып-тыныш. Тек пышақ жонған ағаштың сықыры мен су отынның жанып пышылдағаны ғана естіледі.

— Сен, Сема, қалғымасайшы, — дейді жасы.

— Мен... қалғып отырғаным жоқ... — дейді оған теке сақал. :

— Сөйт... Жалғыз қорқамын, тіпті құтым қашады. Тым болмаса әңгіме айтсаңшы, Сема!

— Жоқ... білмеймін... .....
Әңгімелер
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Жол


Бес жасар ұлы Балғынды Бәзіл жылқышы алдына мінгізіп алған. Түні бойы көмекшісі баққан жылқыны кәнігі көзбен аралап, түгендеп етіп, көңілі жай татқан соң енді сәскелік қымызға үйге қайтқан беті. Жайлаудың адырлы кеудесін тіле түсіп, жіпше шұбалған жалғыз аяқ соқпақ жолмен келе жатыр. Астында құйрық-жалы төгілген аяңшыл торы.

Әкесінің алдына мініп алу — Балғын үшін құмар іс. Дүниенің төбесінен қарағандай болып, мерейленіп қалады. Аса бір жетіскен көңілмен сәбилік қиялы шартарапқа жосылып өзімен-өзі іштей күмбірлен сөйлесіп келе жатыр. Екі кезі таспадай шұбалып, таусылмай алға бастаған соқпақ жолда. Кенет ол әкесінен:

— Ата, осы жолмен жүре берсе, жүре берсе, қайда барады? — деп сұрады.

— Анау таудан асып, өзіміздің ауылға барады, — деді Бәзіл.

— Сол жерде таусыла ма?

— Жоқ таусылмайды.

— Одан әрмен қайда барады?

— Дуылдан әрмен даңғыраған тас жолға қосылады да, ayданға барады. Есжан ағаң қызмет істеп жүрген жерге барады.

Бір сұрақты бастаса, түбіне жетпей Балғын, сірә да, тоқтамайды.

— Одан әрі қайда барады?

— Одан әрі Алматыға барады.

Алматыдан әрі қайда барады?

— Поезд жүретін темір жолды білесің бе? Естіп пе едің?

— Білем.

— Білсең, тас жол одан әрі темір жолға қосылады да, тартқаннан тартып отырып, Москваға барады. Жол атаулының барлығы Москвада тоғысады. .....
Әңгімелер
Толық

Ілияс Жансүгіров | 1916 жыл деректері

«25-маусым жарлығы» елдің төбесінен түскендей болды. Мұны бұрын жергілікті билеу мекемесіндегі өкімет қызметкерлері де білмеді. Өкімет қызметкерлері бұл жарлыққа ресми жағынан қарап, «сөзсіз атқаруға тиіс» деген «үлкен жарлық» есебінде қарады. Жергілікті халықтың жан сырымен санасу, жарлық аяғының қандай халге соғатыны олардың есінде болған жоқ. Жарлық келісімен Алматыда «жандарал» Фольбаум басқаруында өкімет адамдарының тығыз кеңесі болды да (1916 жыл, 1-шілдеде), «сөзсіз атқаруға кірісу керек» делінді.

«Жандарал» жергілікті халықтың «инабаттыларын» жинап алып, жігіт алудың мәнісін түсіндірді. Жетісудан алынатын жігіт саны 43000 (қырық үш мың) жан еді. Бұл жігіттерді дуан-дуанға, болыс-болысқа, ауылға бәліп, әр болыс өз жігітін киіндіріп, тұрмандап жөнелтпек еді. Жігіт алу жобасы осылай жасалды.

Ояз-оязға болыстар, инабатты ақсақалдар, қадірлі адамдар арқылы түсіндіруге, жігіт алуға кірісуге облыстан жарлық қылынды. Алматы оязының «инабатты адамдарын» жинап, «жандарал» жарлық жайын ұғындырғанда жиналғандар түйткілденіп: «жұртпен ақылдасалық, көп біледі ғой» десе дағы «жандаралдан» сескеніп «берелікке» келіп тарқайды. .....
Әңгімелер
Толық

Тышқан ит және мысық

Ертеде ит, мысық және тышқан үшеуі дос болыпты. Сонда да ит пен мысық тышқанды онша жақтырмайды екен. Тышқан күні-түні тынбайтын еңбекқор болыпты. Ал ит пен мысық тапқанын жеп, жұмсақ шөп пен жылы жерде жатып алады. Бір күні ит қасындағы мысыққа:
— Осы тышқанның жұмысы таусылмайды, тіпті. Күйбеңдейді де жүреді, – деп, қынжылады. Сонда мысық:
— Өзіміз шолжиып жатып біреуді күндейміз.......
Ертегілер
Толық

Патшаның үш қызы

Бұрынғы өткен заманда бір патша болған екен. Оның үш қызы, әйелі болған екен.
Патша қалаға түспек болып, үш қызынан сұрапты:
— Қыздарым, не алып келейін қаладан базарлыққа?
Үлкен қызы түрегеліп:
— Әке, маған маржан алып кел! – депті.
Кейін патша ортаншы қызынан:
— Қызым, саған не алып келейін? – деп сұрапты.......
Ертегілер
Толық

Балғабек Қыдырбекұлы | Өгіз қара күшім бар


Көшенің бұрылысынан өте бергенімде шап беріп' сол қолымнан біреудің ұстай алғаны. Жаздың күні болғандықтан, басымда ондатр құлақшыным болмағандықтан қорқа қойғаным жоқ. Бірақ қатты тартынып қалдым. Алдымда тұрған жанды құбыжық салдыр-салдыр ете түсті. Сасып қалып:

— Ау, мұның қалай?—деппін.

— Мұным дәп солай. Немене адам көрмеп пе едің?

— Халің қалай, бауырым?—дедім аузыма сөз түспей.

— Қалай болушы еді, алла деп арақ ішіп, құдай деп қуырдақ жеп жүріп жатырмыз.

Не дерімді білмей аңырып қалдым. Жаңағы көрген құбыжығым кәдімгі таныс адам Меншік деген жігіт болып шықты. Жаздың күнінде аяғына екеуі екі пұт шығатын, шұбар табан, бақа бас көн етік киіпті. Шыңырау құдыққа салатын баяғының тозған қауғасындай қолқылдақ екі қонышының ішіне шүберекке орап әлденелерді тығып тастапты. Қоныш бақа жұтқан жыланның тамағындай буылтықтанып кеткен. Үстіне бір кезде Болгарияда шыққанда киім сияқты, бірақ Азияның күні күйдіріп, жаңбыры шайғандықтан өң-түстен түк қалмаған, қазақ аулының тозған қабындай көнтиген камзол. Меншіктің құтын қашырып тұр. Бұл бұл ма, беліне байлаған кішірек бақыраш пен кішкентай балта қозғалса болды, біріне бірі тиіп салдыр-салдыр етеді. Бұның бәрі түк емес. Әсіресе басындағы ет салатын мыс дағарадай қоғадан тоқыған қалпақ ботаға артқандай сегіз қанат үйдің шаңырағын басып қалыпты. Алыстан қарағанда басы жоқ екі аяқ жүріп бара жатқандай. .....
Әңгімелер
Толық