Қазақстанның кеңестiк мектептерiнде коммунистiк идеологияның нұсқауымен дiннiң адамзат тарихындағы рөлi терiс түсiндiрiлдi. Дiн – адам санасын ұлайтын, жаңалыққа, ғылымға қарсы, барлық өзгерiстердiң, табыстардың бәрiн Құдай жасап отыр деп түсiндiретiн, нағыз керiтартпа,үстем таптың жоғын жоқтаушы, соның сойылын соғушы деген сипатта оқытылып, дiннiң қызметiне терiс баға берiлдi. Осының салдарынан Кеңес елi халықтарының, соның iшiнде Қазақстан халықтарының да бiрнеше ұрпағы атеистiк (дiнге қарсы) рухта тәрбиеленедi. Қазiргi кездегi елiмiз халықтары арасында адамгершiлiкке кереғар өрескел тәртiпсiздiктердiң: түрлi бұзақылықтардың, әсiресе, ұрлықтың, зорлықтың, нашақорлықтың, араққұмарлықтың, жезөкшелiктiң көбеюiне сол дiнсiздiк тәрбиесiнiң әсер еткенi сөзсiз. Ал, шындығына келсек, дiн алғаш пайда болғаннан бастап, халықпен бiрге өмiр сүрдi, оған көптеген пайдалы қызметтер атқарды. Қай дiн болсын халықты адалдыққа, адамгершiлiкке, имандылыққа, татулыққа, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа, достыққа шақырды, халықтың сауатын ашуға, мәдениетiн көтеруге елеулi үлес қосты. Бұл айтылғандарға ислам дiнi мысал бола алады. Ислам қазақ тарихында үнемi өркендетушi рөл атқарған. Ислам–жеке адам мен қоғамды түзететiн, әлеуметтiк бақытқа, шынайы бостандыққа және бiрлiк-татулыққа жеткiзетiн құрал, iзгi жол, даналық. Осыны түсiнiп бағалай бiлген Жүсiп Баласағұн ХI ғасырдың өзiнде ислам руханиятын «Құтты бiлiк» деп атап, оның мемлекетке зор пайдасы бар екендiгiн дәлелдеген. Тарихта барлық дiн пайда болғаннан бастап, оны шын мәнiнде уағыздаушылармен қатар жалған дiндi (эрзац-дiн) таратушылар да болған. Бұған өткен уақыттардан да, қазiргi уақыттардан да мысал келтiре аламыз, ондайларды екi топқа бөлуге болады. Бiрiншiсi, әдейi бұрмалаушылар, ал екiншiлерi бiлiмi таяздықтан, надандықтан бұрмалаушылар. ....
Қазақстанның кеңестiк мектептерiнде коммунистiк идеологияның нұсқауымен дiннiң адамзат тарихындағы рөлi терiс түсiндiрiлдi. Дiн – адам санасын ұлайтын, жаңалыққа, ғылымға қарсы, барлық өзгерiстердiң, табыстардың бәрiн Құдай жасап отыр деп түсiндiретiн, нағыз керiтартпа,үстем таптың жоғын жоқтаушы, соның сойылын соғушы деген сипатта оқытылып, дiннiң қызметiне терiс баға берiлдi. Осының салдарынан Кеңес елi халықтарының, соның iшiнде Қазақстан халықтарының да бiрнеше ұрпағы атеистiк (дiнге қарсы) рухта тәрбиеленедi. Қазiргi кездегi елiмiз халықтары арасында адамгершiлiкке кереғар өрескел тәртiпсiздiктердiң: түрлi бұзақылықтардың, әсiресе, ұрлықтың, зорлықтың, нашақорлықтың, араққұмарлықтың, жезөкшелiктiң көбеюiне сол дiнсiздiк тәрбиесiнiң әсер еткенi сөзсiз. Ал, шындығына келсек, дiн алғаш пайда болғаннан бастап, халықпен бiрге өмiр сүрдi, оған көптеген пайдалы қызметтер атқарды. Қай дiн болсын халықты адалдыққа, адамгершiлiкке, имандылыққа, татулыққа, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа, достыққа шақырды, халықтың сауатын ашуға, мәдениетiн көтеруге елеулi үлес қосты. Бұл айтылғандарға ислам дiнi мысал бола алады. Ислам қазақ тарихында үнемi өркендетушi рөл атқарған. Ислам–жеке адам мен қоғамды түзететiн, әлеуметтiк бақытқа, шынайы бостандыққа және бiрлiк-татулыққа жеткiзетiн құрал, iзгi жол, даналық. Осыны түсiнiп бағалай бiлген Жүсiп Баласағұн ХI ғасырдың өзiнде ислам руханиятын «Құтты бiлiк» деп атап, оның мемлекетке зор пайдасы бар екендiгiн дәлелдеген. Тарихта барлық дiн пайда болғаннан бастап, оны шын мәнiнде уағыздаушылармен қатар жалған дiндi (эрзац-дiн) таратушылар да болған. Бұған өткен уақыттардан да, қазiргi уақыттардан да мысал келтiре аламыз, ондайларды екi топқа бөлуге болады. Бiрiншiсi, әдейi бұрмалаушылар, ал екiншiлерi бiлiмi таяздықтан, надандықтан бұрмалаушылар ....
Бөкей ордасында өзі құрылған алғашқы 25 жыл ішінде орын алған (1803-1892) бүкілхалықтық толқын – Жайық сыртындағы кең байтақ даланы қоныстанған, өз жамағайындарына сонау Нарын құмынан қайтып оралып, қосылуды көздеген халық талпынысынан туған еді. Сырт жақтағы өздерінің туған- туыстарынан ажырап, әрі жан-жағынан, берісі Жайық өзені мен Каспий теңізінен бастап Еділ бойына дейінгі аралықта орыстың елдімекенімен, әскери бекініспен қоршалып қалған осынау қарапайым халықтың бұл талпынысының шыққан басты себебі Жайық сыртындағы қазақтар толықтай бостандықта өмір сүрді де, оларға орыс үкіметі мен Ордадағы басшылар тарапынан басыбайлы құл етіп ұстаудың қауіпі төнген жоқ . Жайық сыртына өтуге деген бұл талпыныс, әсіресе, малдары жаппай жұртқа ұшырап қырыла бастаған және басқа да көлденең қарсылықтардан халықты қайыршылыққа душар еткен шаруашылық дағдарысы тұсында ерекше қаулай түсті . 1818 жылы үкімет қазақтардың Нарыннан Кіші ордаға , яғни Жайық сыртына өздігінен өтіп кетуін тыю жөнінде жарлық шығарған соң олар өздерінің аса бытыраңқылық дәрежесіне қарамастан , линиядан “қарулы қолмен “ өтіп шығамыз деген ниетте болды. Орданың ішкі рулық құрлысына қатер төндірген Жәңгір ханның барлық шарасы – 1827-28 жылдардағы қоғамдық ауыртпалық және Қайыпқали сұлтан мен тағы басқалардың ”кешікпей қазақтар басыбайлы шаруаға айналып,Еділдің оң жақ жағалауына қоныстандырылады да сол жақта орыс казактарымен бірдей әскери борышын өтеуге жіберіледі “ деген лақап үгіті – бүкіл Орданы дерлік көтеріліске аяғынан тік тұрғызды. Алайда, арғы жаққа өтуге ұмтылған қараусыз халық бұқарасының барлық әрекеті Орал казактарына қарама- қайшы келді де, олар мұны көбінесе тыйып тастап отырды. Өздерінің әрбір сәтсіз әрекетінен соң шұбырған халық ескі қоныстарына қайтып оралып, уақытшатыныштала тұрса да, кезекті сыртқы дүмпу ықпал еткен кезде қайтадан көтеріліп, линияға қарай қайталап ....
Отан тарихында орын алып отырған теориялық және методологиялық өзгерістерден Исатай Тайманұлы бастаған азаттық қозғалыс тарихының (1836-1837) сырт қалуы, әрине, мүмкін емес. Мәселеге жаңа көзқарас қозғалыстың жалпы мазмұнын ғана емес, сондай-ақ оған түрлі бағыт-бағдарда қатысы болған тарихи тұлғалардың, тіптен әлеуметтік топтардың қызметін қамтуы әбден ықтимал. Өзімізге жақсы таныс кеңестік тарихнама Исатай мен Махамбет бастаған қозғалыстың тарихтағы орнын Сырым Датұлы бастаған халық азаттық қозғалысының табиғи жалғасы ретінде қарап, ал оның мазмұнын "хандық, феодалдық жүйелерге және отарлық үстемдікке қарсы бағытталған күрес" тұрғысынан бағалады. Бұл берілген баға жалпы алғанда тарихи шындықтан алыс емес-тін. Исатай Тайманұлы қозғалысының шынымен де Сырым Датұлы бастаған күрестің логикалық жалғасы. Исатай Тайманұлы бастаған және басқа да азаттық қозғалыстардың аса зор маңызы олардың жер және билік мәселесімен қатар ұлттық болмыс пен құндылықтарды сақтау және оларды заман сұранысына сай етіп бейімдеу мәселесін де қоюында еді ....
Біздің өмірімізді түбегейлі өзгертіп , Қазақстан тәуелсіздікке ие болған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының тарихқа озғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Сана мен сезімнің шиеленісі жағынан бұл ерекше жылдар болды. Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақты жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар. Осылайша біз өзіміздің әлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып, жаһандық бәсекелестік арнасына еркін енгенімізге анық көз жеткіздік. Бүкіл дүние жүзілік банктің жіктемесі бойынша қазіргі уақытта Қазақстан кірісі орта деңгейдегі елдердің тобына кіреді. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірінен саналады, бұл да барша жұрт таныған ақиқат. Экономика дамып, біз нарықтық экономикаға бет бұрдық. Соның бір белгісі ипотека. Бұл экономика мен банк қызметінің дамығанының бір белгісі болып табылады. Бітіруші біліктілік жұмыс «Ипотеканың құқықтық аспеттілері» тақырыбына арналып жазылған. Ипотека мәселесі қазіргі таңда ең өзекті мәселенің бірі. Осы тақырыпты таңдауымның да себебі осында. Бұл жұмыста ипотекалық несиенің пайда болуы және Қзақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеу жүйесінің дамуы, ипотекалық несиелеу қатынасының құқықтық жағдайы мен тұлғалар арасындағы қатынастың реттелуі көрсетілген. Бітіруші біліктілік жұмыс «Ипотека» тақырыбына арналған, сондықтан да бітіру жұмысының негізгі бөлімінде ипотека мәселесі жан-жақты қарастырылады. Бұл жұмысты жазудағы басты мақсатым: Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеу қатынасының құқықтық жағдайы туралы теориялық білімімді одан әрі жетілдіру, банк тәжірибелерімен танысу, осының нәтижесін келешекте өмірде қолдану үшін жинақтау. Бітіруші біліктілік жұмыстың маңыздылығы- оның бүгінгі таңдағы өзектілігінде. Жоғарыды айтылып кеткен мақсатыма жету үшін алдыма бірнеше міндет қойдым. Бұл міндеттер бітіру жұмысының негізгі бөлімінде ашылып, қарастырылады. Осы міндеттерге тоқталсам: 1- Ипотекалық несиенің пайда болуына алғы шарттары, яғни ипотека ұғымы, даму тарихы, Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиенің пайда болуы мен дамуы. 2- Ипотека шарты және куәлігі, яғни шарттың мазмұны мен нысаны, ипотека куәлігінің ұғымы мен мазмұны қарастырылады. 3- Ипотеканы өткізу жолдары қарастырылуы көзделген ....
Потенциалды сатып алушылар қолындағы құралдарды тиімді пайдалануға болатын елеулі көмекті ипотека береді. Тұрғын үй ипотекасының несиесі құрылысшыларға да тұрақты және тұрғын үй құрылысын үздіксіз қаржыландыруға көмектеседі. Бюджеттен елеусіз қаражеттар бөлінгенімен, ипотекалық несие қазіргі уақытта бюджеттік емес қаржыландыруға түсетін пәрменді түпдеректің бірі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында мемлекет үшін құрылыс кешеніне инвестициялық процессті реттеу мәселесі маңызды. Құрылыс кешеніндегі инвестициялық процесстерді жүргізу мен ұйымдастыру механизмі нарықтық экономика талаптарына баламалылық және «нарық ойынының заңдарын» инвесторлар (заңды тұлға), банктер, тапсырыс беруші және құрылысшыларды ескеру қажет. Шетелдік тәжірибені толық қолдану Қазақстан экономикасының ерекшелігі мен нарықтық қатынастардың толық орындалмауы салдарынан қиындатылған. Оған қарамастан, тұрғын үй ипотекалық несие тәжірибесіне сүйене отырып, оның тәжірибелік қолдануының мүмкіндігін куәландырады. [1, б.104] Бұл жұмыстың теориялық маңыздылығы, Қазақстандағы ипотекалық несиелеудің дамуы және қалыптасу процессі туудан және бүгінгі күнге дейін толық қаралған, яғни, ҚР ипотекалық жүйесінің әрекет істелгенінен бастап қорытындылау жасалған. Жұмыстың тәжірибелі маңыздылығы, осы тақырыпты одан ары зерттеу үшін қолдану мүмкіндігі, сонымен қатар, жұмыстың орындалуы барысында алынған білім, келешек кәсіпшілік қызметте өте бағалы және пайдалы бола алады ....
Ипотекалық несие жылжымайтын мүлікті кепілге салу арқылы және ұзақ мерзімге берілетін ссуданы білдіреді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы” халыққа жолдауында атап өткендей: жеке тұрғын үй құрылысын кең ауқымды дамыту – еліміздің басым міндеттерінің бірі [1,3б] . Бүгінде ипотекалық несиелендіруді дамыту өзекті мәселелердің біріне айналуда. Ипотека халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсартудағы мүддесін, банктердің эффективті және пайдалы жұмысын, құрылыс кешенінің ырғақты өндірісін және мемлекеттің мүддесін, яғни экономикалық өсімді қамтамасыз етеді. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей ипотекалық несие жүйесінің дамуы мемлекетке үлкен пайда әкеледі. Ол маңызды әлеуметтік міндеті – халықтың тұрғын үй мәселесін шешуге зор үлесін тигізеді. Ипотеканы дамыту жалпы ел экономикасын дамытудың маңызды факторы болып табылады. Менің осы курстық жұмысты жазудағы мақсатым – жалпы еліміздегі ипотекалық несиелердің нарықтағы жағдайын сипаттау, зерттеу, перспективалары мен проблемаларын, даму болашағын айқындау. Сонымен қатар еліміздегі екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық несие операцияларын ұйымдастыру, есебін жүргізу және талдаудың негізгі мәселелерін, жолдарын айқындайды. Ипотеканың айрықша маңызды принциптеріне мыналар жатады: кепілге салынатын мүлік нақты болу керек, яғни келісімшартта кепілдік құқығының объектісіне жататын нақты мүлікті анықтау; кепілдіктің жариялығы, яғни кепілге салынған мүліктің ауыртпалығын үшінші тұлғаға оңай танитындай болуы керек. ҚР-сында ипотекалық несиелендірү жүйесінің белсенді даму кезеңі басталды. Қазіргі кезде ұзақ мерзімді ипотекалық несиелендіру жүйесін дамыту жолымен ақшаны мобилизациялаудың нарықтық механизмдерін дамыту үшін жағдайлардың жасалуы есебінен тұрғын үй нарығында несие – қаржылық сфераның кеңейуі және халықтың төлем қабілеті сұраныстың өсуі үшін алғышарттар бар. Осы жүйені енгізумен бірге халықтың ұзақ мерзімді ипотекалық несие түрінде ұсынылатын қаражаттар есебінен дайын тұрғын үй алу мүмкіндігі туды. Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде, ипотекалық несиенің мәні, қағидалары, Қазақстандағы ипотекалық компаниясын және түрғын үй бағдарламасын жетілдіру жолдары және оның құрылымы туралы мәселелер қарастырылған. Екінші бөлімінде, ипотекалық несиелеу есебін ұйымдастыру жолдары және ипотекалық несиелеудің даму перспективасы мен өзекті мәселелері қарастырылған. ....
Ипотека дегеніміз б.з.д. І-ІІ ғ. Рим шекарасында белгілі болған. «Ипотека» термин ретінде б.з.д. VІ ғ. Пайда болды. Ипотека грек тілінен аударғанда кепілдік деген мағына береді. Қазақстанда ипотекалық несиелеу меншік туралы Кеңес Үкіметінің заңы қабылданғаннан кейін мүмкін бола бастады. Шын мәнінде алғашқы ипотекалық несиелеу тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарламасымен 1994-1995 жылы жүзеге асырыла бастады. Ал бүгінгі таңда коммерциялық банктердің дәстүрлі – базалық қызметі – экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Көптеген елдерде ипотекалық несиелендірудің халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі ролі баршаға белгілі. Шағын болса да тұрақты табысы бар халық топтары үшін тұрғын үй сатып алуға жағдайлар жасаумен қоймай, ипотекалық несие құрылыс саласына инвестициялар тартуға мүмкіндік беріп, қор рыногының жаңа сегменті - ипотекалық құнды қағаздар рыногының әрекет етуіне септігін тигізді. Осының барлығы тақырыптың өзектілігін, зерттеу объектісін және мәнін, сондай-ақ оның мақсаттары мен міндеттерін таңдауға негіз болды. Зерттеудің мақсаты ретінде қазіргі күнгі Қазақстандағы ипотекалық несиелендірудің даму жолдарын талдау көзделіп отыр. Мұндай мақсатқа коммерциялық банкте тұтынушылық несиелендіру жөніндегі қалыптасқан көзқарастарды және оны арттыруға бағытталған іс-шараларды жүйеге келтіру қажеттілігінен туындап отыр ....
Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында басталған реформалардың жүзеге асырылуынан экономикалық өмірге мүлдем жаңа құралдар мен ұғымдар келді.Ипотека ұғымы да солардың қатарына енген болатын. Оның себебі бұрыңғы шаруашылық жүргізу жүйесінде оның дамуына алғышарттар болмағандығы. Ипотеканы стимулдау арқылы шешілетін мәселелер кешенді болып табылады. Өйткені халық үшін тұрғын-үй құрылысын стимулдаудағы әлеуметтік рөлінен бастап, коммерциялық жобаларды қаржыландыру мәселелеріне дейінгі рөлі, ипотеканың экономикамыз үшін маңыздылығын аша түседі. Қазіргі кезеңде қаржы нарығындағы өзекті бір мәселе ретінде коммерциялық банктермен тұрғын-үй сатып алуды несиелеудің перспективасымен проблемалары қарастырылып отырған жайы бар. Оңтайлы экономикалық жағдайдың туындауымен, бәсекелестіктің жоғарғы деңгейі тұрғын-үй алуға ипотекалық несиенің қажеттілігін туындатып отырып, оның тез дамуына әкелді. Дегенменде ипотека халыққа қол жетімді деп айтуға толық негіз жоқ. Себебі азаматтардың барлығының табысы ипотекаға жете бермейді. Менің ойымша еліміздегі ипотекалық несиелеудің болашағы өте зор. Өйткені әрбір адам өзінің тұрғын-үй жағдайының жақсы болуын қалайды. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2005 –жылғы ақпан айындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында : «тұрғын-үй құрылысы біздің экономикамыздың алға сүйреуші қуатты күші -, деп атап өткен болатын. Менің жұмысымның тақырыбы қазіргі уақыттағы экономикамыздағы өзекті мәселе ретінде қарастырылуда. Мен өз жұмысым барысында ипотекалық несиелеудің проблемаларын шешуге арналған механизмдер ұсындым ....