Сабақтың тақырыбы: Тіршіліктің тірегі сен – Жер Ана Мақсаты: Оқушылардың туған жерін сүюге, табиғатты аялай және қорғай білуге баулу.Табиғат тіршілік көзі екендігін, табиғи заңдылықтарды қатаң сақтау керектігін ,табиғат ананың құдіретін терең түсіндіру.
ХІV-ХV ғасырларда Сайрамға жақын маңда орналасқан Шымкентқаласы қауырт өсіп, тез дами бастады. 1425 жылы жазылған Шарафад-дин Али Иаздидің «Зафар-нама» шығармасында «Шымкент» атауы Сайрам маңындағы қыстақ ретінде ауызға алынады. Алайда кездейсоқ табылған тас қару бұл жерде адамның сонау тас дәуірінде – бұдан ондаған мың жыл бұрын пайда болғанын дәлелдейді. Ғалымдардың көрсетуінше....
Семейдің тұрған жері ерте замандардан ежелгі тайпаларға тұрақ болған. Бұл жерде сонау қола дәуірінен бастап, ғұндар, Түрік қағандығы, Қыпшақ, Керей, Найман ұлыстары мекен еткен. ХVІ-ХVІІ ғасырларда қазіргі Семейқаласы тұрған жерде Доржынкит қаласы болған. Құба қалмақтардың аңыздарына қарағанда 1600 жылы Асма тархан Доржи деген кісі Жеті шатыр сарайларын тұрғызған. Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінде осы Жеті шатыр қаласы айтылады. Семей 1782 жылдан....
Тарих тереңіне үңілсек, ата-бабаларымыздан ескерткіш болып қалған мәдени орындар баршылық. Бүгінде Қызылорда атауымен Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналған Ақмешіт – көне бекініс орны. Ол осы Қызылорда қаласының орнында болған. Бекіністі, А.И.Добросмысловтың дәлелдеуі бойынша, 1817 жылы Қоқан ханы Омархан салғызған. Бекіністің жобасы шаршы болған, әр қабырғасы 110 м, саз балшықтан тұрғызылған. Іргелерінің қалыңдығы 10,5 м, жоғарғы жағы 4,36 м, биіктігі 12 м болған. Қабырғаларының жоғарғы жағында оқ атуға ыңғайлы ойықтар жасалған. Бекіністің сырт жағынан ені 10 м ор қазылған және ордың алдынан қорғаныс қабырғаларының 2 қатары тұрғызылған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған 50-ге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған.....
Қазақ елі үш жүз бола отырып, елдің тәуелсіздігін, Қазақ жерінің тұтастығын сақтап отырған. Ал осы «жүз» деген ұғым, осы сөз қайдан пайда болған деген сұраққа келсек, оның жауабын, әрине тарихи деректерден іздейміз....