Оқулықтарды іріктеу рәсіміне қойылатын талаптар қатаңдатылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлім етті.
КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының егемендік алып, дербес мемлекет болуына байланысты қоғам өмірін ізгілендіру мен өскелең ұрпаққа білім беруді реформалау мәселесі туындады. Мамандардың пікірінше , бүгінгі мектеп түлектері жаңа өндірістік және экономикалық қатынастарға енуге даяр, бәсекелік қабілетті, кәсіптік икемділік пен бейімділік, ауқымды политехникалық біліктілік сияқты тұлғалық қасиеттерге толық ие болуы қажет. ХХI ғасырда еліміздің білім беру жүйесіндегі жалпы және орта 12 жылдық білім беру жүйесінің негізілуі уақыт талабы болып отыр .Осының негізінде мектептердегі білім беру жүйебін 12 жылға ұзартуды таза психологиялық – физиологиялық жағынан алғанда құптау керек . Елімізде осы мәселені қарастырып жүргендер : Г.Қ.Айқынбаева , М.Садықов , Н.В.Власова , С.Б.Тайманова , С.Д.Мұқанова , Ә.Дүйсебек , А.А.Семченко , М.Ж.Жадрина , Н.А.Заграничная , Ү.Б. Жексенбаева Нарықтық қатынастарды нығайтумен, меншіктің алуан түрлілігін , еңбек тиімділігін дамытумен байланысты Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік – экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесіне, мектептік білім беруге талаптарды түбірімен өзгертті. Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапалық негізін құрайтын , елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің аса маңызды факторлары әрі базасы болып табылатын қазіргі білім беру жүйесінің ролі мен мәні арта түседі. Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізіне педагогика , психология ғылымдарының жеке тұлғаны қалыптастыру , білім беру , тәрбиелеу туралы ілімдері , теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалары алынды . Зерттеу көздері.Қазақстан Республикасында қабылданған ресми құжаттар ,( Қазақстан Республикасының Конституциясы , Білім туралы Заң ),сонымен қатар 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы , ғалымдардың , педагогтардың осы жүйе туралы зерттеулері , еңбектері . Зерттеудің нысаны:12 жылдық білім беру мекемесі. Зерттеудің пәні:12 жылдық білім беруге педагогикалық- психологиялық бейімдеу процесі. Зерттеудің мақсаты:12 жылдық білім беруге педагогикалық-психологиялық бейімдеу бағыттарын айқындау. Зертеудің міндеттері: - 12 жылдық білім берудегі бағалаудың ұлттық жүйесін практикаға енгізуге бейімдеу - Әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасу. - Білім алушылардың еңбек рыногындағыбәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін дағдылар алуына жағдай жасау. Зерттеудің ғылыми болжамы:егер де жалпы орта білім берудің тәлім – тәрбиелік мүмкіндіктері мен мазмұны ғылыми педагогикалық тұрғыдан негізделсе , 12 жылдық білім берудің педагогикалық – психологиялық бейімдеу жұмыстары дұрыс ұйымдастырылса осы білім беру жүйесін енгізуде атқарылған жұмыстардың нәтижелілігі арта түсер еді.....
КІРІСПЕ Егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Қазіргі таңда қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде, жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жылдық оқыту моделі. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелері анық» дей келе, кадрлар қорын жасақтаудың қажеттігін айтты. Сонымен қатар бұл мәселенің негізін мектептен басталатынын, сондықтан да 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті. Осыдан-ақ, мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туындап отырғанын көруге болады. Мұның өзі егемен еліміздің білім мазмұны мен құрылымының әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді. Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі-бүкіл әлем жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр. Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде алыс-жақын шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне суйенуде. 12 жылдық орта білімге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе емес. Бұл білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта қарауды, білімнің теориялық және әдістемелік тұстарын жетілдіруді талап ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білімге көшу осыған байланысты жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз кезінде орындалуын және мұғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын оқулықтардың, оқу құралдарының педагогикалық, әдістемелік, психологиялық тұрғыдан негізделуін керек етеді. Осылардың негізінде ғана 12 жылдық орта білім бағдарламаларын, сапалы оқулықтарды, оқушылар белсенділігін тудыратын жаңа технологияларды, әдістемелерді, көмекші құралдарды яғни, оқу-әдістемелік кешендерді өз дәрежесінде дайындау мүмкіндігі тумақ. Орта білім беру жүйесін жаңарту мәселесі баланы алты жастан бастап мектеп жағдайында оқытып, тәрбиелеуді жүзеге асырғалы отыр. Бұл 12 жылдық орта білімге көшудің ең басты мәселелерінің бірі және бірегейі. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ұлттық деңгейде қалуды көтермеуі, ғылыми-білімнің түрлі салаларында әлемдік іс-тәжірибені оқып үйренудің қажетті шарт екенін дәлелдеуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың айырбасталуын, бейімдік оқытуды, көп тілділікті қамтамасыз етеді.....
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Бүгінгі таңда адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш білім болып тұр. Қазіргі кездегі қоғамның саяси, әлеуметтік – экономикалық және техникалық құрылымындағы жаңарулар білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойып отыр. Сондықтан да Қазақстандағы білім беру жүйесін ғаламдық білім беру кеңістігі аясында дамыту өзекті мәселеге айналды. ХХІ ғасырда еліміздің жас ұрпағына білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласын түбегейлі өзгерту, яғни 12 жылдық оқытуға көшу үдерісі жүргізілуде. Қазіргі кезде ҚР 12 жылдық оқыту бойынша жүзден астам мектептерде эксперимент өткізілуде. 2015-жылдан бастап 12 жылдық білім беру жүйесіне мектептердің сатылап көшірілуі жоспарлануда. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында « 2020 жылы 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу толықтай жүзеге асырылады» деп көрсетілді [1]. Соңғы жылдары Үкімет пен Білім министрлігі 12 жылдық оқытуға көшуге қажетті даярлықты бастап та кетті, яғни мектептердегі материалдық-базаны нығайтуға, жасөспірімдердің физиологиялық және психологиялық жағдайларына талдау жасау арқылы оқу сатыларын анықтауға, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды әзірлеуге үлкен мән беруде. ....
Қазіргі кезде елімізде 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстары жан-жақты талқыдан өтуде.Ондағы басты ұстаным - тұлғаның жеке дамуына негізделген, құқықтық білім мен тәрбиені жан-жақты зерделеп, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын анықтау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатындағы стратегиялық мақсаттарын іске асыру. 12 жылдық білім беру сатысына көшу-қоғамдағы елеулі жаңалықтар мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарқынды дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздейді және мақсат етеді. Әлемдік білім жүйесіндегі оқытудың озық технологияларын қамтумен қатар, оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие беру мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс. 12 жылдық оқытудағы басты мақсаты төмендегідей: • жылдам дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілеттілігі; • жеке тұлға өзін-өзі дамытуы, шыңдалуы;....
Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында “Қазақстан-2030” стратегиясы¬ның негізгі қағидаларын жаңа кезеңде дамытатын міндеттерді көрсете келе: “Енді бір 10 жылдан кейін жаңа Қазақстанды жаңа әлемде таныту үшін біз жаңа уақыттың өктем талабына дер кезінде әрі лайықты үн қатуға тиіспіз”, — деп атап көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның “әлемдік өркениеттің бұйда ұстар тұсына қол жеткізуіне” барлығымыз бірдей ат салысуымыз қажет. Қашанда, қайбір елдің болмасын даму деңгейі ел білімі мен ғылымының дамуынан көрінеді. Елбасымыздың әр жылғы Жолдауында отандық білім беру жүйесіне баса назар аударып, стратегиялық басымдық ретінде қарастыруы да осыдан. Қазақстанда білім берудің ұлттық үлгісі қалып¬тасу үстінде. Қол жеткізген біршама жетістіктеріміз де баршылық. “Тал бесіктен – жер бесікке дейін” деген біздің ұлттық филосо¬фия¬мыздың астарында үлкен мән-мағына, терең ой жатыр. Бұл – өмірлік білім қа¬ғи¬дасы. Оның бастау бұлағы, алтын тамыры – мектеп. Осы орайда орта білім беру жүйе¬сінде жасалып жатқан рефор¬малар атап айту¬ға тұрарлық. Дегенмен, ортаға салып, ойла¬сып пішер тұстарымыз да жоқ емес. Әлемдік білім ....
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына жеткізетін білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп .Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша.......