Пәні мен сыныбы: Қазақ әдебиеті 10 сынып Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік - Кебек» поэмасы Мақсаты: білімділік. Поэма мазмұны мен идеясын таныту. Ақпаратты саралауға, жүйелі жұмыс жүргізуге дағдыландыру. Тәрбиелік. Ақынның шығармаларынан үлгі ала отырып, соны болашақтарына жарата білу, жан - жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Дамытушылық. Оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа деген жан - жақты түсінігін аңғарта отырып, одан әрі дамуына мүмкіндік жасау.