№5 -сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Тақырыбы: №5 -сабақ. Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.3.1.1 жоспарда сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу.
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
• тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, сипаттау мәтінін, пайымдау мәтінін анықтай алады;
• үлгі негізінде сызба/кестені, тірек сөздер қолдана отырып сипаттау мәтінін құрап жазады;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Оқушылардың көбі:
• тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
• сызба/кестені қолдана отырып, бірлесе белгілеген тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін құрап жазады;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
• әңгімелеу мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
• сызба/кестені қолдана отырып, тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін құрап жазады;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық