№48-сабақ Түбір мен қосымшаның жазылуы (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Уақыт»
Сабақ тақырыбы: №48-сабақ Түбір мен қосымшаның жазылуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;
3.4.1.2 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу;
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құрау/компьютерде теру.
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
- сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, үлгі негізінде есте сақтап жазады;
- сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады,
-- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады
Оқушылардың көбі:
- қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
- сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу;
- сызбада берілген мәліметтер негізінде қарапайым нұсқаулық құрап жазады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады.
Оқушылардың кейбірі:
- қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
- сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу;
- сызбада берілген мәліметтер негізінде толықтыра отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық