№16-сабақ Жазғы демалыс жобалық жұмыс (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: №16-сабақ Жазғы демалыс жобалық жұмыс
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау 3.1.6.1. интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрай алады;
- тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді үлгі негізінде қолдана алады
Оқушылардың көбі:
- тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрай алады;
- тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді қолдана алады
Оқушылардың кейбірі:
- жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрай алады;
- тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) сөздерді еркін қолдана алады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық