№16 сабақ Өнерлінің қолы алтын Презентация құрастыру (3 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Өнер
Тақырыбы: №16 сабақ Өнерлінің қолы алтын. Презентация құрастыру
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттермен мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация т.б.) құрастыру
3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу
3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
-үлгі негізінде тірек сөздерді қолданып, презентация құрап жазады;
-үлгі негізінде зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;
-сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды зат есімдерді анықтайды;
Оқушылардың көбі жасай алады:
-үлгі негізінде презентация құрап жазады;
-тәуелдік жалғаулары кестесі негізінде зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;
-негізгі және туынды зат есімдерді ажыратады;
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
-презентацияны өз бетінше құрай алады;
-зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;
-туынды зат есімдер жасай алады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық