№127 Сөз және оның құрамы (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: №127 Сөз және оның құрамы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.3.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу;
3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-үлгі негізінде сызба/кестені, тірек сөздер қолдана отырып сипаттау мәтінін құрап жазады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады,
-түбір сөзге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды.
Оқушылардың көбі:
-сызба/кестені қолдана отырып, бірлесе белгілеген тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін құрап жазады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
-туынды сөздердің құрамына ажырата алады.
Оқушылардың кейбірі:
-сызба/кестені қолдана отырып, тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін құрап жазады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;
-туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады, туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық